«Өсімдіктер физиологиясы»


Су ағысының қозғаушы күштері. Тамыр қысымы. Гуттация және өсімдіктің «жылауы»



бет14/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

5. Су ағысының қозғаушы күштері. Тамыр қысымы. Гуттация және өсімдіктің «жылауы». Өсімдіктің тамыр жүйесі топырақтан суды сіңіріп қана қоймастан, оны сабаққа активті түрде итеріп шығаруға қабілетті келеді. Суды итереп шығаратын бұл күшті тамыр қысымы деп атайды, ол 1,5 атм-дан 5 атм-ға дейін жетеді. Өсімдіктің сабағын көлденеңінен кескен соң оған резеңке түтікшені кигізіп ұшын монометрмен жалғастыру арқылы тамыр қысымының бар екендігіне оп-оңай көз жеткізуге болады. Тамыр қысымының күші өсімдік сабағындағы суды 1 метр биіктікке көтеруге жеткілікті. Мұндай қысым күші шөптесін өсімдіктер мен аласа ағаштар үшін жеткілікті болып табылады. Тамыр қысымы тамырдың активтілік қабілетін білдіреді. Оны жүзеге асыру үшін тыныс алу процесі нәтижесінде түзілетін энергия қажет. Егер тамырға оның тыныс алу процесін тежейтін заттарды қолдан енгізсе, онда тамыр қысымы төмендеп, түбірдің бетіне сұйықтық бөліп шығаруы кемиді. Тамыр қысымының күші тұрақты емес. Бұл күш көктем кезінде жоғары болады. Вегетация уақытының соңына қарай ол біртіндеп төмендейді. Тамыр қысымының күшін өсімдіктің «жылауынан» да көруге болады. Егер өсімдіктің сабағын тілсе, ол жерден шырын ағып шығады. «Жылау» шырыны мен тамыр қысымының шырыны пасока деп аталады. Ал пасоканың бөлініп шығу процесі өсімдіктің «жылауы» деп аталады. «Жылау» құбылысын өсімдік сабағын жарақаттаған кезде де байқауға болады. Пасоканың құрамы алуан түрлі «жылау» құбылысын байқау арқылы тамыр жүйесінің күшін оның тіршілік қабілеттілігі жайында қорытынды жасауға болады. Ағып шығатын пасока мөлшері тамыр қысымының күші маусым кезінде ғана емес, тәулік ішінде де өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Пасока заттарын өсімдіктің жер бетіндегі органдары пайланады. Өсімдіктерді суарып, қоректік заттармен қамтамасыз етіп отырса, оның тамыр жүйесі пасоканы 5 есе артық бөліп шығарады. Пасоканың бөлінуі өсімдіктің жасына байланысты. Өсімдік көп жасаған сайын оның мөлшері кеми береді. Жүгері өсімдігінде пасоканың ең көп мөлшері оның шашақтану кезеңіне дейін бөлінеді. Бұл кезеңінен кейін мөлшері күрт азайып, пісуінің аяқталуынан 20-25 күн қалғанда тіптен тоқталады. Алайда өсімдікті суару және оған тыңайтқыш енгізу арқылы пасоканың көп және ұзақ уақыт бөлініп тұруын қамтамасыз етуге болады. Көптеген зерттеулердің нәтижесі көрсеткеніндей өсімдіктің сосудтарындағы су созылып тұрған үздіксіз созылады.Су молекулаларының арасындағы, сондай-ақ су мен сосудтар қабырғасының арасындағы іліну күші судың үздіксіз ағып отыруын қамтамасыз етеді. Транспирация салдарынан жапырақтарда су потенциалы төмендеп, жапырақ ксилемасында сору күші артық. Жапырақтағы бұл сору күші сабақ арқылы тамырға дейін таралып, өсімдіктің бойындағы үздіксіз ілініскен суды жоғары қарай қозғайды, ілінісу күштері 350 атм-ға жуық. Ілінісу күші шамасының үлкен болуына қарамастан өте биік ағаштар сабағының сосудтарындағы су жіпшелерінің үздіксіздігі бұзылып, оларға ауа өтетін болса керек. Сонымен сосудты элементтер суды өткізіп тұруға жақсы бейімделген. Тамыр қысымының күші өсімдік тамырындағы өрлеме ағыстың қозғалуына күші болып табылады. Сосудтардың өзінде су ілінісу күштерінің нәтижесінде үздіксіз ағыс түрінде сақталады. Жапырақтардың суды буландырудың нәтижесінде оларды сору күші қалыптасады. Жапырақ арқылы буландырудың сорушы әсері жоғары шеткі су қозғаушы деп аталады. Тамыр қысымының итеруші күші су ағысының төменгі шеткі қозғаушы күші деп аталады. Өсімдік бойындағы барлық су өзара байланысты және бірыңғай үздіксіз су байланысын құрайды. Өсімдік пен топырақ арасында да үздіксіз су байланысы болады. Өсімдік пен оны қоршаған ауа арасында да осындай өзара байланыс бар. Топырақ өсімдік ауа жүйесі бойынша судың айналуы үздіксіз өтіп отырады. Суға қанығуы мен басқа да факторларға байланысты. Өсімдік судың белгілі бір мөлшерін үнемі дерлік буландырып шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет