«Өсімдіктер физиологиясы»


Судың өсімдік бойымен, тамыр, сабақ және жапырақ арқылы қозғалуы



бет13/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

4. Судың өсімдік бойымен, тамыр, сабақ және жапырақ арқылы қозғалуы. Өсімдік пен топырақ арасында үздіксіз су байланысы болады. Судың тамырдың бетімен орталық цилиндр сосудтарына дейінгі жолы эпидермис, тамыр қабығы және эндодерма клеткалары арқылы өтеді. Эпидермис клеткалары суды жақсы өткізеді. Тамырдың қабығы клетка аралықтары үлкен, борпылдақ болып орналасқан паренхима клеткаларының 5-15 қабатынан тұрады. Су бұл аймақта клетка протопластары арқылы немесе бос кеңістік бойымен өтеді. Эпидермис және тамыр қабығының клеткалары арқылы өте отырып, су эндодерма клеткаларына дейін жетеді. Эпидермис клеткаларында Каспар белдеушелері деп аталатын тозданған ризиальды қабырғалар болады. Қаспар белдеушелері болуының салдарынан эндодерма аймағында судың қозғалуы шектеледі. Сондықтан су мен иондар бұл жерде негізінен дитоплазма арқылы өтуге мәжбүр болады. Эндодерманың кейбір нашар тозданаған жерлерінде, сол сияқты бүйір тамыршаларының бастамалары орналасқан жерлерде эндодерманың су өткізгіштігі арта түседі. Алайда Р.К. Сыляев өзінің бірқатар тәжірибелері арқылы эндодерма клеткаларында да бос кеңістіктің болатындығын бірақ олардың каналдары айтарлықтай тар екендігін көрсетті. Су эндодерма арқылы өте отырып, өткізгіш цилиндр клеткаларына келеді де, мұнда шамалы кедергіге кездеседі. Цилиндр перициклі сосуд ұлпаларының бір немесе бірнеше қабатынан тұрады. Активті сіңіру аймағында перицикл клеткаларының жақсы өткізгіш жұқа қабықшасы болады. Сондықтан су бұл кеңістіктен оңай өтіп, ксилема сосудтарына немесе трахея трахеидтерге келеді. Ксилема сосудтарына су бос кеңістік арқылы ғана емес, сондай-ақ осмос жолымен де келеді, өйткені сосудтар пасока деп аталатын осмостық активті ерітіндіге толып тұрады. Осмостық активті заттар активті секреция жолымен өткізгіш сосудтарға бөлініп шығады, сондықтан ксилема сосудтарға ерітінді сору күшін арттырады. Тамыр ксилемасының сосудтарымен судың өрлеме ағысы басталады, ол сабақты бойлап жоғары қарай қозғалады. Ксилемадан тыс бөліктер арқылы өтетін судың үлесі оның жалпы ағасының 1-ден 10 процентіне дейінгі мөлшерін құрайды. Сосудтар мен оған жақын жатқан ұлпалар арасында су алмасу процесі бар екендігін көрсететін тәжірибелер су ағымы сосудтар арқылы ғана емес, сондай-ақ оларға жақын орналасқан тканьдер арқылы да өтетіндігіне дәлел болады. Сөйтіп, ксилема сосудтарымен оны қоршаған ұлпа арасында су потенциалының тепе-теңдігі болады және үздіксіз су байланысы байқалады. Судың өрлеме ағысы бұдан әрі сабақтың жапырақ қынабы немесе сағақ арқылы жапыраққа қарай қозғалады. Одан соң жапырақ жүйкелері бойымен жапырақ тақтасының ішіне өтеді. Жапырақ тақтасындағы сосудты шоқтарға мезофилл клеткалары тығыз жанасып жатады. Жапырақ тақтасындағы сосуд шоқтары қалың және жиі тор түзе отырып, өте тармақталып кетеді. Олар жапырақтың барлық клеткаларын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет