«Өсімдіктер физиологиясы»


Тақырыбы: Өсімдіктің су режимі



бет10/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

Тақырыбы: Өсімдіктің су режимі
1. Судың құрылымы мен физикалық – химиялық қасиеттері. Өсімдіктердегі судың мөлшері және ролі.
2. Тамыр суды сіңіру органы. Өсімдіктердің топырақ ылғалын қабылдауы.
3. Тамыр жүйесінің суда сіңіруіне сыртқы жағдайлардың әсері. Клетканың су сіңіруінің механизмі.
4. Судың өсімдік бойымен, тамыр, сабақ және жапырақ арқылы қозғалуы.
5. Су ағысының қозғаушы күштері. Тамыр қысымы. Гуттация және өсімдіктің «жылауы».
1. Судың құрылымы мен физикалық – химиялық қасиеттері. Су табиғатта ең көп таралған, сонымен бірге нағыз ерекше зат, басқа сұйықтықтармен салыстырғанда судың физикалық –химиялық қасиеттері мен молекулалық құрылым ерекше болады. Судың қайнау температурасы оның элементердің периодтың жүйедегі оттегінің гидриді Н2О ретіндегі орнына сәйкес -800 С, болуы тиіс, ал іс жүзінде ол +1000С –ге тең. Судың қату температурасы-1000С болуы тиіс, ал іс жүзінде ол 00С –ге тең. Су балқытқан соң алғашында сығылып, сонан соң температураның жоғарылауына қарай ұлғаятын әлемдегі бірден- бір зат. +4 0С температурасында судың тығыздығы ең жоғары шамаға жетеді. Судың осы секілді ерекше қасиеттері оның молекуласының құрылысы мен сұйық күйіндегі құрылымына байланысты судың молекуласы 3 ядродан соның екеуі сутегіне, біреуі оттегіге тән және 10 электроннан тұрады. Н-О-Н байланыстары мұз күйінде 109,5 0 градусқа жететін бұрыш түзеді. Судың молекуласының орналасуы тетраэозрді еске түсіреді. Молекуланың құрылысы судың бүкіл құрылымын анықтайды. Су молекуласының өзара сутектік байланыспен жанасып гекеогональды құрылым құрауы деген жорамал неғұрылым тиімді пікір болып табылады. Судың осы құрылымының күйі бірқатар қасиеттері осыны дәлелдеп отыр. Судың бірқатар қасиеттері оның құрылымының күйіне байланысты. Өсімдіктердегі судың мөлшері және ролі. Судың жеткілікті мөлшерде болуы- клеткалардың,ұлпалар мен тұтас ағзаның тіршілік әрекетінің ең бірінші маңызды шарты ағзаның құрамында кездесетін мөлшері жөнінен де су бірінші орын алады. Барлық тірі ағзалардың жалпы салмағының 50-ден -90 процентке дейінгі мөлшерін су құрайды. Көптеген жапырақтарында 80-90 % тамырларында 70-90% тұқымдарында 10-15% су кездеседі. Тірі клетка қабықшасы оның құрамына кіретін компоненттердің гидрофилдік қасиеттерінің арқасында судың едәуір мөлшерін ұстап тұра алады. Сулы колеоптилдің тургесцентті күйіндегі клетка қабықшасында 50 проценттей су болады. Протопласта су көбірек кездеседі. Активті өсу кезінде цитоплазмада 95 процентке дейін су болады. Цитоплазманың қасиеті едәуір дәрежеде ондағы судың мөлшеріне байланысты. Пластидтер, митохондриялар мен ядролар цитоплазмамен тепе-теңдік жағдайда болады. Осмос күштерінің әсерімен олардың көлемі өзгереді. Құрамында көп мөлшерде липидтер кездесетіндіктен хлоропластарда 50 % жуық су болады. Клетка рибосомаларында 50% жуық, вакуольде 98 % су кездеседі. Мөлшері жағынан алып қарағанда клетканың басқа компоненттерінен су әлдеқайда көп екендігін көреміз. Активті тіршілік әрекеті жағдайында тұрған өсімдіктің тканьдері мен органдарында орта есеппен 70-80%, ал кейде онан да көп мөлшерде су болады.Өсімдіктің клеткалары мен ұлпаларында судың көп болуы оның ағзада атқаратын зор роліне байланысты. Метаболизмнің көптеген реакцияларына су негізгі заттардың бірі ретінде қатысады. Мысалы, тыныс алу және фотосинтез процестеріне су реакцияның химиялық компоненті ретінде қатысады, мұнда ол өзінің құрамында элементтеріне ыдырайды немесе оттек пен сутектен қайтадан синтезеделеді. Метаболизм реакциясының барысында ағзаның ішінде түзілетін бұл суды эндогендік су деп атайды.Ағзадағы судың басқаша ролі оның клетка ішілік ортаны құрайтындығына байланысты клетка ішінде зат алмасудың көптеген биохимилық реакциялары өтеді. Су мен клеткадағы еріген заттар коллоидтық ортаны құрайды. Цитоплазма мен басқа да органоидтардың сулы ортасында зат алмасу реакциялары өтеді. Организмде су температураны реттеу қызметін атқарады. Ол өсімдіктің бүкіл бөлігінде сіңіп, бірыңғай гидростатикалық система құрайды. Судың жылу сыйымдылығы үлкен және бу түзу жылуы жоғары болғандықтан ол дене температурасын тұрақты шамада сақтап, оны қоршаған орта температурасының күрт өзгерісіне тәуелсіз жағдайда ұстап тұрады. Цитоплазмада, ядрода және клетканың басқа да органоидтарында коллоидтық бөлшектердің гидроттанды олардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ең ақырында өсімдіктегі судың ролі топырақтан келетін және су ағынымен қозғалатын минералдың тұздары еріту мен тасымалдауда болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет