4. Өсімдіктерді суарудың физиологиялық негіздері. Өсімдіктердің суды жеткілікті қабылдауы олардың қалыпты өсіп жетілуінің және ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алудың қажетті шарты болып табылады. Суармалы егіншілік жүйесінде егістікті суару ісін іскерлікпен жүргізе білу керек. Қажеттілігіне қарамастан егісті жиі суару суды үнемсіз жұмсап, ысырапқа ұшыратуға, топырақтың батпақтануына, егістікті су басуына, топырақтың екінші рет сортпақтануына, оның аэрациясының бұзылуына әкеп соғады. Өсімдіктерді сирек суаруда олар су жетіспеушілігі мен солып қалудан зардап шегеді, бұл сөзсіз олардың түсімінің кемуіне әкеп соғады.Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі жылдан жылға артып келеді, осыған байланысты суарудың тиімді режимдерін жасау қажеттігі туады. Суарудың тиімді режимдерін жасауда мынадай екі талапты басшылыққа алу қажет: а) белгілі бір дақылдар үшін топырақ ылғалдылығын қандай шамада ұстау керек; б) егісті суаруды қандай мерзімде және оның қандай белгілеріне қарап жүргізу керек.Топырақтың тамыр өсетін қабатындағы тиімді ылғалдылықтың тамыр өсетін қабатындағы тиімді ылғалдылықтың жоғарғы және төменгі шекарасын анықтаудың зор маңызы бар, өйткені мұндай ылғалдылық жағдайында дақылдар жақсы өсіп, мол түсім береді. Дақылдың өсіп, түсім бере алатын топырақ ылғалдылығының 50-ден 80 процентке дейінгі интервалында жатады. Дақылдың әрбір түрі мен сорты үшін алынатын түсімнің мөлшеріне қарай топырақтың тиімді ылғалдылығы тәжірибе жолымен белгіленеді. Өсімдіктер онтогенезінде олардың су жетіспеушілігіне ерекше сезімтал кезеңдері болады. Мысалы, орта Азияның сұр деген қажеттілігі гүлденге дейінгі кезеңде топырақтың ылғалдылығы 75, гүлдеу және жеміс түзу кезеңінде – 70, пісу кезеңінде – 60 процент болған жағдайда қанағаттандырылады. Гүлдеу және жеміс салу кезеңі сумен қамтамасыз етілуі жөнінен ең маңызды кезеңдер болып табылады. Пісу кезеңі ылғалды, ең аз қажет ету кезеңі болып табылады. Өсімдік тіршілігінің қиын кезендеріндегі ылғалдың қажетті мөлшері өсімдіктердің түр және сорт ерекшеліктеріне байланысты. Ылғал қажеттілігі сонымен қатар топырақтың құрамы мен климаттық жағдайларға да байланысты. Сортаң топырақтағы тиімді ылғалдылық шегі жоғары болуы мүмкін, өйткені өсімдік сортаң топырақтағы суды қиындықпен сіңіреді. Төменгі температура жағдайында ылғал қажеттілігі жоғары температура кезеңдегіге қарағанда аз болады. Сондықтан топырақтың өсімдікке қажетті тиімді ылғалдылығы онтогенез кезеңдеріне, дақылдың түр және сорт ерекшеліктеріне ғана емес, сондай-ақ топырақ – климат жағдайларына да байланысты. Топырақты тиімді ылғалдылық шегінен төмен құрғатуға болмайды. Ылғалдылықтың бұл шегіне жету суару қажеттігінің көрсеткіші болып табылады. Суару мерзімдерін әр түрлі жағдайларға қарап белгілеуге болады:
Топырақ ылғалдылығының тапшылығы;
Өсімдіктің сыртқы түрі;
Өсімдіктің физиологиялық күйі бойынша.
Бірінші белгі бойынша суару мерзімін анықтау көбінесе суарудың кешігуіне себепші болады да, қажетті нәтиже бермейді, өйткені бұл жағдайда өсімдіктің өзінің күйі еске алынбайды. Өсімдікте физиологиялық – биохимиялық процестердің барысында оның өсуіне әсер ететін айтарлықтай өзгерістер болып үлгереді.Өсімдіктер су жетіспеушілігінен зардап шеккен кезде де бұл әдіс өсімдіктердің суға деген қажеттілігін кеш көрсетеді. Өсімдіктер осындай күйге ұшыраған кезде суару ондағы бұзылған процестерді толық қалпына келтіре алмайды. Мұндай өсімдіктерде фотосинтез процесі баяулап,жапырақ температурасы жоғарылайды, тамырдың су сіңірушілік қабілеті нашарлайды. Клетканың сору күші, клетка шырынының концентрациясы, осмос қысымы және устьицелердің ашық болуы сияқты физиологиялық белгілер өсімдіктердің күйі мен су қажеттілігін барынша айқын білдіретін және сездіретін белгілер болып табылады.
Сору күші – аса маңызды көрсеткіш, ол клетка колостарының ісіну күші, осмос қысымы, тургорға қарсы қысым сияқты жағдайлардың жиынтығына байланысты. Сору күші осы күштердің бәрін интегралдаушы күш болып табылады. Сондықтан көптеген авторлар сору күшінің артуын су қажеттілігінің пайда болуымен байланыстырады да, оның жәрдемімен суару мерзімін анықтауға болады деп санайды. Сору күшін анықтаудың екі әдісі бар: К.С.Шардаков жасап шығарған (1956) ағын әдісі және Н.А.Максимов, Н.С.Петиновтың жапырақтан ойып алған кесіндіні сахароза ерітіндісіне батыратын рефрактометр әдісі.Өсімдіктің су қажеттілігімен тығыз байланысты тағы бір көрсеткіш – осмос қысымы. Оны анықтаудың барлық әдістерінде – (плазмолиздік, киоскопиялық және рефрактометрлік әдістерде) істің мәні клетка шырынының концентрациясын табуда болды. Осмос қысымы мен клетка шырынының концентрациясын анықтаудың криоскопиялық және плазмолиздік әдістері дала жағдайында қолдануға тиімсіз, ал рефрактометрлік әдіс қарапайым және қолайлы келеді. Алайда клетка шырынын алу әдісінің, сондай-ақ оның концентрациясын анықтау ісінің бірқатар жақсы жақтары бар. Жапырақ шырынын толық бөліп алу үшін оларды жоғары температурамен хлороформ буымен немесе суықпен өңдеу қажет. Мұндай жағдайларда протопласт бұзылады да вакуолялар ғана емес, сондай-ақ протопластың еріген заттары да тұтасымен клетка шырынына өтеді, сөйтіп протоплазма шырыны мен вакуоля шырынының қоспасы түзіледі. Сонымен қатар тіршілігін жойған немесе тірі клеткалардан преспен немесе басқа әдіспен сығып алу кезіндегі клетка шырынының алғашқы үлесінің концентрациясы оның кейінгі алынатын үлестеріне қарағанда неғұрлым төмен болады, сондықтан шырынды толық бөліп алудың маңызы зор.Қазақстанда физиологиялық белгілер негізінде дақылдарды суарудың тиімді режимдерін жасауға көңіл бөлінуде. Алматы және Жамбыл облыстарында жүргізген тәжірибелерінде жүгері егістігін суару мерзімдері мынадай екі әдіс бойынша а) топырақ ылғалдылығының тапшылығы бойынша; б) физиологиялық көрсеткіш болып табылатын клетка шырынының концентрациясы бойынша белгіленді. Бірінші әдіс бойынша суару мерзімін тағайындауда өсімдіктің күйі ескерілмейді, бірақ ол суару нормасын есептеп шығаруға қажетті бастапқы мәліметтерді береді. Ол тәжірибелерде жүгерінің клетка шырынының концентрациясы тікелей топырақ ылғалдылығына тәуелді екендігі анықталды.Совет зерттеушілері өсімдіктерді үнемі тиімді ылғалдылық жағдайларда өсіру жолымен олардың табиғатын осыған сәйкес өзгертуге және түсімділігін арттыруға болатындығын көрсетті. Мәселен, бидайды осындай жағдайларды өсіру оның өткізгіш жүйесінің, әсіресе флоэмасының жақсы жетілуіне себепші болады. Бұл жағдайда клетканың өлшемі артады, жапырақтың қалыңдығы кемиді, ал жапырақтардың жалпы беті мен оның тіршілік ету мерзімі артады, яғни оларда мезофильді құрылым элементтері пайда болады. Үнемі тиімді ылғалдылық қамтамасыз етілген жағдайда өсімдіктердің түсімділігі артады. Өсімдіктің өзі де суды тиімді пайдаланады.