«Өсімдіктер физиологиясы»



бет15/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС
!26-ОШ ТЖБ Химия 8-сын қаз (pdf.io), 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, Мінездеме Байқау Кенжег, pharmacology midterm1st 2ndsem 3rdyear .en.ru.ru.kk
Гуттация
Гуттация –(лат. Гутта- капля) дегеніміз устьица арқылы өсімдіктің бойындағы артық тамшы суларын және тұздардың бөлініп шығуы. Гуттацияны жылы немесе ылғал уақытта байқауға болады,транспирацияның жүруі қиындаған кезде гуттация процесін тамыр қысымының күші арқылы ауаның ылғалдығы өте жоғары болағанда, жапырақтардың ұштарынан шеттерінен су тамшыларын байқауға болады.
4 ДӘРІС
Тақырыбы: Судың өсімдіктер бойымен қозғалуы

  1. Жапырақ – транспирация мүшесі. Устьице.

  2. Су тапшылығы.

  3. Өсімдіктер онтогенезіндегі қиын кезеңдер.

  4. Өсімдіктерді суарудың физиологиялық негіздері.

  1. Жапырақ – транспирация мүшесі. Устьице. Жапырақ - өсімдіктің суды буландыратын негізгі мүшесі. Суды буландыруға, жапырақтан басқа, сыртын тоз баспаған және нәзік су өткізгіш қабығы бар жас өркендер де қатысады. Өркендердің бетінен су булануының қыста зор маңызы бар, ал жазда жапырақ негізгі роль атқарады. Жапырақтардың суды буландыруы олардың анатомиялық құрылысымен тығыз байланысты.Мезофит өсімдіктердің жапырағын көлденеңінен кескенде, одан клетканың 5-10 қабатын табуға болады. Жапырақтың екі бетінің сыртқы қабатындағы бір қатар жұқа клеткалар эпидермис деп аталады. Эпидермис клеткаларының сыртын кутикуланың тығыз қабаты жауып жатады, бұл қабат жапырақты суды артық буландырудан сақтандырады. Эпидермис клеткаларының арасында устьице жүйесін құрайтын ерекше клеткалардағы газ алмасу процесінде устьице маңызды роль атқарады. Олар арқылы су буы, оттек пен көмір қышқыл газы өтеді. Устьице жапырақтың үстіңгі бетіне қарағанда астыңғы бетінде көп болады. Мұнда 1 мм2 аумақтағы устьиценің саны 50-ден 500-ге дейін жетеді.Эпидермистің жоғарғы және төменгі қабаттары арасында жапырақ тақтасында мезофилл орналасқан, ол паренхима клеткаларының палисатты және борпылдақ паренхима деп аталатын екі түрінен тұрады. Борпылдақ паренхима клеткалары тығызырақ орналасқан. Осыған қарамастан оның клеткалары арасында да кеңістік қалатындығы және әрбір клетка дерлік тікелей клетка арасындағы ауамен жанасатындығы анықталды. Осының нәтижесінде жапырақ клеткаларының ішкі бетінің ауданы жапырақтың сыртқы бетінің ауданынан ондаған есе артық болады. Жапырақтың клетка арасындағы және устьице астындағы барлық кеңестіктері өзара байланысады да, жапырақтың бірыңғай ішкі қуысын құрайды, бұл қуысты устьице саңылауы арқылы сыртқы ауадан өтетін су буы, оттек, көмір қышқыл газы еркін айналым жасайды.Транспирация. Өсімдіктің суды буландыруы транспирация деп аталады. Бұл физикалық құбылыс, сонымен қатар ол биологиялық процесс те болып саналады, өйткені өсімдіктер жапырағының бетінен судың булануы жапырақтың өзіне тән анатомиялық құрылысына да байланысты.Транспирацияның устьицелік және кутикулалық екі түрі белгілі. Кутикулалық транспирация эпидермис клеткасының бетіндегі кутикула арқылы өтеді. Устьицелік транспирацияда су буы клетка қабықшасынан клеткааралық ауа арқылы устьицелерге өтеді. Егер устьицелер ашық болса, онда су буы ешқандай кедергісіз қоршаған ауаға диффузияланады. Транспирацияның едәуір бөлігі міне, осы жолмен өтеді. Устьице жабық тұрған кезде су бір-ақ жолмен – кутикула арқылы буланады. Эпидермис клеткаларының қабырғасына өтетін су кутикулаға дейін үздіксіз жалғасып жатады деп есептеледі. Кутикула транспирацияны мейлінше баяулатады, егер кутикуланы алып тастаса транспирация бірнеше есе артады. Алайда кутикуланы алып тастаған жағдайды да транспирацияның бұл жолы устьицелік транспирацияға қарағанда әлде қайда қиын болады.Физикалық процесс ретінде транспирация бірқатар метеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Күннің жарығы, температура, ауа ылғалдығы және жел транспирацияны күшейтеді немесе баяулатады.Сыртқы факторлардың ішінен жарықтың транспирацияға әсері көп. Академик Н.А.Максимов Тбилисидің қуаңшылық жағдайында өсімдіктердің түрлі топтарының транспирацияның тәуліктік барысы метеорологиялық жағдайлардың барысына байланысты екендігін анықтады. Бұл зерттеуде транспирация түнде толық дерлік тоқтап қалды, күн шыға ол арта бастайды да түске қарай максимум шамасына жетті, ал кешке қарай қайтадан кете бастады. Бұл транспирация үшін ең маңызды фактор күн сәулесі болып табылады деген сөз. Қажетті жағдайлардың бәрі бірдей болғанда күші әр түрлі жарықтың әсер етуін Визнер зерттеді. Визнер жүгері өсімдігінің транспирациясы тікелей жарық түскенде 198 мг, шаршыраңқы жарық кезінде – 68 мг, қараңғыда – 27 мг болатынын анықтады. Л.Н.Иванов пен Тильман жарықтың жапырақтарды қыздыру жолымен ғана емес, сондай-ақ протоплазманың су өткізгіштігін арттыру жолымен де әсер ететіндігін анықтады. Өсімдіктің әрбір жапырағы өзіне тікелей түсетін сәуле энергиясын ғана сіңіріп қоймастан сондай-ақ өзінің маңайындағы өсімдікпен де, топырақпен де радиация алмасады. Транспирация шамасы, негізіне қабылданатын сәуле энергиясының жиынтығымен анықталды, жапырақтың сіңірген энергиясы түрліше жолмен жұмсалады. Біріншіден, жапырақтың өзі сәуле шығарады. Екіншіден, сіңірілген сәуле энергиясы жылу энергиясына айналған соң ғана транспирацияға жұмсалады. Жапырақтың сіңірген сәуле энергиясы транспирацияны жапырақтың меншікті температурасын жоғарылату жолымен ғана емес, сол сияқты қоршаған ауа температурасын да жоғарылату жолымен арттырады. Сәуле энергиясы мен жылу энергиясының транспирацияға әсері ауаның қозғалысына (желге) да байланысты. Жел және онымен бірге ауаның қозғалысы неғұрлым күшті болса, транспирация да соғұрлым қарқынды өтеді. Алайда транспирация жел күшінің артуына пропорционал түрде арта алмайды. Бұл жапырақтың бетінде ламинарлық қабат деп аталатын ауаның жұқа қабатының болуымен түсіндіріледі. Ламинарлық қабат неғұрлым жұқа болса жылу мен су буы соғұрлым көп тасымалданады. Ламинарлық қабаттың қасиеті жапырақтың пішіні мен желдің жылдамдығына байланысты.Егер өсімдік топырақ ылғалымен жақсы қамтамасыз етілсе, тұтастай алғанда, өсімдіктер транспирациясы тәулік ішінде жоғарыда қарастырылған факторлардың барысына сәйкес өзгеріп отырады. Топырақ ылғалы жеткіліксіз кезде транспирацияның тәуліктік барысы күрт өзгереді. Тәулік ішінде транспирация бірнеше рет артып, бірнеше рет кемиді. Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су жұмсайды. Өсімдік бойына сіңірген 1000 г судың не бары 1-2 г ғана пайдаланады, судың қалған 998 грамы өсімдік арқылы өзгермей өтеді. Ватан ауа райы жағдайында өсімдіктер суды сіңіруден гөрі көп жұмсайды. Осының нәтижесінде су тапшылығы туады, сондықтан бірқатар жағдайларда өсімдіктердің су шығынын азайту қажеттігі пайда болады.Транспирацияны қолдан кеміту жапырақтарды әр түрлі пленкалармен жабу жолымен жүзеге асады. Транспирация - өсімдіктердегі су алмасу процесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Транспирация жапырақтың анатомиялық құрылысына, кутикуланың қалыңдығы мен өткізгіштігіне, жапырақ бетіндегі түктерге тығыз байланысты болғандықтан, оның шамасы өсімдіктің түріне тәуелді болады. Транспирация қарқындылығы дегеніміз өсімдіктің белгілі бір уақыт бірлігі ішінде жапырақтың салмақ бірлігіне немесе аудан бірлігіне алғандағы буландыратын суының граммен көрсетілген мөлшері. Транспирация қарқындылығы көбінесе 1 г жапырақтың салмағына 1 сағатта буландыратын суының (мг) шамасымен анықталады.Транспирация қарқындылығын есептеу әдістері. Транспирация қарқындылығын есептеу үшін көптеген тәжірибелерде салмақ өлшеу әдісі қолданылады. Бриггс пен Шанц транспирацияны анықтау үшін тұңғыш рет сосудта өсірілген тұтас өсімдіктің белгілі бір уақыт аралығындағы салмақ өзгерісін пайдаланады. А.Н.Иванов дала жағдайында транспирацияны анықтау үшін өсімдікті тц өлшеу әдісін қолданды. Ол кесілген жапырақтардан алғашқы 3-4 минутта транспирацияны норма шегінде сақтап тұратындығына негізделген. Бұл уақыт ішінде кесілген жапырақ екі рет өлшенеді. Мұндай әдісті 6-10 рет қайталау арқылы анықталатын транспирация қарқындылығы іс жүзіндегі транпсирацияға сай келетінін А.Н.Иванов дәлелдеді. Салмақ өлшеу әдісі еңбекті көп қажет етеді. Транспирацияны зерттеуде бұдан басқа да әдістер қолданылады.Күні бойға немесе тәулік ішіндегі транспирация қарқындылығын бірнеше рет анықтау арқылы маусым ішіндегі транспирация қарқындылығының орташа маусым ішіндегі транспирация қарқындылығының орташа шамасын табады. Өсімдіктің әрбір түрі үшін мұндай анықтаулар вегетация кезінде 200-ден 300 ретке дейін жүргізіледі, сол арқылы транспирация қарқындылының маусым ішіндегі орташа шамасы ағаш тектес өсімдіктерге тән, оның өсімдіктің тұқым қуалаушылық табиғатына жататындығын Л.И. Иванов анықтады. Ол Деркеуль даласы мен Москва маңындағы әртүрлі ағаш тектес өсімдіктердің транспирциясын зерттей Москва маңының алғашқы жағдайындағы өсімдіктерге қарағанда суды аз буландыратынын анықтады. Қарағанды жағдайында жүргізілетін зерттеулер ағаш немесе бұтаның әрбір түріне маусым ішінде транспирацияның орташа шамасының белгілі бір деңгейі тән болатынын көрсетті. Әр түрлі өсімдіктердің транспирация шамасындағы айырмашылық қуаншылық жылдары ерекше айқын байқалады. Москва маңы мен Деркуль даласында суды көп буландыратын сары қараған Қарағандыда да суды көп буландырады. Иванов суды нашар буландыратын өсімдіктер тобына шатқызығы қотыр қайың да Қарағанды да суды аз буландырады. Орман қорғау алқаптарына арнап өсімдік түрлерін іріктеу және отырғызуда, жаңа аудандарды көгалдандыруда, ағаш тектес өсімдіктерді жаңа аудандарға енгізуде олардың транспирация қарқындылығының орташа шамасы ескеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет