«Өсімдіктер физиологиясы»


Клетканың тітіркенгіштігі



бет9/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС

Клетканың тітіркенгіштігі. Өсімдіктің жекелеген клеткалары, мүшелері мен бүкіл ағзасы тітіркенуді қабылдап және оны басқа клеткаларға,ұлпалар мен мүшелерге бере отырып, қоршаған ортаның әр түрлі әсеріне жауап қайтара алады. Өсімдіктің мұндай қабілетін тітіркенгіштік деп атайды. Бұл қабілет өсімдіктің ортаға бейімделуі барысында қалыптасқан, ол өсімдіктің қоршаған ортаға деген активті қатынасын білдіреді. Тітіркендіруге жауап ретінде жиырылып немесе секрет бөліп қана қоймастан, сондай-ақ өзінің мөлдірлігін, электрлік қасиеттерін, өткізгіштігін, тыныс алу режимін де өзгертеді. Тітіркену нәтижесінде клетка активтілігін арттырады, оның құрылымы мен биохимиясы өзгереді, клетка қозу күйіне өтеді.Қозу бір клеткадан екінші клеткаға беріледі. Мысалы, тітіркендірген кезде ұялшақ мимоза алдымен тітіркенген жапырақтарын, одан кейін оған жақын орналасқан, ең ақырында қашық орналасқан жапырақтарын да жиып алады. Қозудың көптеген клеткалар арқылы таралуы олардың өзара байланысты екендігін білдіреді, осының нәтижесінде өсімдік біртұтас организм ретінде тіршілік етеді. клеткалардың мұндай өзара байланысы плазмодемма арқылы жүзеге асады.Қазіргі кезде өсімдіктер клеткаларын тітіркендіргенде олардың электрлік қасиеттері өзгеріп, электр тоғы пайда болатындығы анықталып отыр.Ағылшын ғалымдарының зерттеулері түрлі өсімдік және жануарлардың клеткаларының сыртқы және ішкі ортасында иондар біркелкі таралмағандығын көрсетті. Олардың мәліметі бойынша, клетканың ішкі ортасында К+, СІ- иондары көбірек, ал сыртқы ортасында Са+, Na+ иондары көбірек орналасады. Өсімдіктер клеткаларының сыртқы ортасында жануарлар клеткаларына қарағанда натрий емес, кальций көбірек, ал ішкі ортасында калий мен хлор иондары көбірек жиналады. Иондардың осылай әркелкі таралуы хара және нителла балдырларының клеткаларынан анықталған.Клетканы тітіркендірген кезде қозған учаске теріс электрлі болып шығады. Қозған клетканың мембраналары СІ- және Са++ иондарын жылдам өткізеді. Хлор иондары клетканың сыртына қарай ұмтылады да, соның нәтижесінде тітіркенген бөліктің беті теріс зарядка ие болады. Хлор клетка бетіне шыққан кезде кальций иондары осыған сәйкес клетканың ішіне енеді. Осымен бірге К+ иондары баяу түрде сыртқа шығады, сол себептен бөлік бетінің оң заряды қалпына келеді. Бірақ калий біраз кешірек шығады. Бұл кезеңде теріс зарядты қозған учаске оң зарядты қозбаған бөлікпен өзара әрекеттеседі, осының нәтижесінде электр тоғы пайда болады. Мембрананың ішкі жағында да әр аттас зарядты бөліктер өзара эрекеттеседі, бірақ бұл жерде электр тоғы кері бағытта өтеді. Электр тоғының әсерімен қозу тез таралады.

3 ДӘРІС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет