Хлоропластар дегеніміз тек қана өсімдік клеткаларына тән органоидтар болып саналады. Олардың түрі диск тәрізді, диаметрі 4-10, қалыңдығы 1-2 мкм. Энгельман хлоропластар фотосинтез нәтижесінде хлоропласта жарық энергиясы, көмір қышқылы және су сіңіреді де, бос оттек пен органикалық заттар бөлініп шығады. Клеткадағы хлоропластардың саны бірнеше оннан бірнеше жүзге дейін жетеді. Олар цитоплазманың қалың қабатында қозғала алады. Күшті жарық түскен жағдайда олар клетканың ішкі жағына қарай ауысатыны, ал жарық жеткіліксіз кезде клетканың жарық түсетін жағына жақын орналасатындығы байқалған. Хлоропластардың мембраналық құрылыс принципі басқа органоидтармен салыстырғанда едәуір айқын білінеді. Олардың сыртын қосарланған мембрана қоршап жатыр. Ішкі мембрана плазмалеммадан, ал сыртқы мембрана эндоплазмалық тордан пайда болады деп санауға негіз бар. Мембраналардың ішінде строма деп аталатын ұсақ түйіршікті сұйық матрикс болады. Онда фотосинтез реакцияларына қатысатын әр түрлі ферменттердің көптеген жиынтығы болады. Строма сұйық тығынның ішіне хлоропластың ұзына бойы бойлай өте жұқа мембраналар бірінің үстіне бірі жиналған теңгелер сияқты орналасқан. Бұл мембраналар ламелла деп аталады. Ламелла дегеніміз қосарланған қарапайым мембрана болып табылады. Онда ақуыз пен липидтер комплексінен тұрады, сонымен қатар құрамында әр түрлі пигменттер, фотосинтез процесіне қатысатын пластохинон және цитохром болады.Ламелла липидтерінің ішінде галактолипидтер, сульфолипидтер және фосфолипидтер басым болады.Өсіп келе жатқан хлоропласта хлорофилл жетіспейтін болса, онда оның ламелласының құрылымы жетілмейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер хлоропластының кейбір бөліктері хлорофилдің және басқа да пигменттердің едәуір көптігімен ерекшеленеді. Оларды грана деп атайды. Хлоропластар клеткада жай бөліну жолымен көбейе алады немесе пропластидтерден түзіледі. Фотосинтез хлоропласт қызметінің бірі ғана болып саналады. Хлоропластар ақуыз синтездеуге, электрондарды тасымалдауға, өзінің пішінін өзгертуге мембранада иондар жинақтауға қабілетті келеді. Хлоропластарда арнаулы РНК (3-7%) және ДНК (0,5%) болады. Хлоропластардың мұндай қасиеттері олардың дербестігін сипаттайды.