«Өсімдіктер физиологиясы»


Өсімдіктер клеткасының құрамына кіретін химиялық заттар



бет3/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС
!26-ОШ ТЖБ Химия 8-сын қаз (pdf.io), 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, Мінездеме Байқау Кенжег, pharmacology midterm1st 2ndsem 3rdyear .en.ru.ru.kk
Өсімдіктер клеткасының құрамына кіретін химиялық заттар.

Өсімдік клеткасының химиялық құрамы аса бай және алуан түрлі онда көптеген реакцияларға қатысатын және жанаса келе метаболизм түзетін әр түрлі заттар бар. Мұндай алмасу нәтижесінде заттар үздіксіз өзгеріп, ыдырайды және жаңа заттар түзіледі. Алмасу реакциялары белгілі бір қатаң тәртіппен өтеді және ферменттердің әсерімен реттеліп отырады. Тірі клеткада болатын ерекше жағдайлардың арқасында реакциялар жоғары жылдамдықпен өтеді. Клетканың немесе протопластың химиялық құрамына таңдау жасағанда, біріншіден, заттардың аса көптілігі мен алуан түрлілігіне, екіншіден, таңдау барысында тірі клеткаға тән емес заттардың пайда болуына байланысты көптеген қиындықтар туады. Өсімдік клеткасының элементтік құрамы айтарлықтай дәл анықталды. Өсімдік мүшелерінен 74-тен астам әртүрлі элементтер, яғни топырақта кездесетін элементтердің барлығы дерлік табылған. Академик В.И.Вернадский жер қыртысындағы элементтердің барлығы да өсімдіктерде белгілі бір мөлшерде кездеседі деп санайды. Алайда оның негізгі бөлігін элементтердің азғана мөлшері құрайды. Оның ішінде көміртегінің үлесіне өсімдіктің құрғақ затының 45, оттегінің үлесіне -42, сутегінің үлесіне -6,5, азоттың үлесіне -1,5 проценті келеді. Протопластың құрамына жасалған анализ оның негізін ақуыздар,көмірсулар, майлар, әртүрлі азотты заттар мен нуклеин қышқылдары және тағы басқа заттар құрайтынын көрсетті.Бұл заттардың молекулаларының құрылымы, физикалық-химиялық қасиеттері мен олардың тірі клеткада атқаратын физиологиялық ролі жөнінде қысқаша мәліметтерге тоқталайық.Ақуыздар.Тірі ағзаның негізгі құрылыс материалы ретіндегі ақуыздардың ерекше маңызды ролін кезінде Энгельс былай деп атап көрсеткен болатын: «тіршілік дегеніміз ақуыз денелердің тіршілік ету әдісі». Ақуыз ағзадағы заттардың ішіндегі ең күрделісі. Сонымен қатар оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым келеді. Онда 51-53 % көміртегі, 16-18 % азот, 7% сутегі, 21-23 % оттегі, 0,7-1,3 % күкірт болады. Кейбір ақуыздарда бұған қосымша фосфор да кездеседі. Үрмебұршақ, соя, күнбағыстың тұқымында көптеген мөлшерде ақуыз болады. Бұл өсімдіктер тұқымының үгілген массасын сумен, тұзды, спиртті және әлсіз сілтілі ерітінділермен тұндыру жолымен олардан ақуызды бөліп алуға болады. Ақуыздың көптеген қасиеттері бар, қайнатқан кезде ақуыз жиырылады, тұздардың әсерінен тұнба түзеді.
Өсімдік клеткасындағы органоидтардың химиялық құрамы %-ті



Клетканың құрылымдық элементтері

Ақуыздар

Липидтер

РНК

Цитоплазма

80-95

2-3

-

Пластидтер

30-45

20-40

0,5-3,5

Митохондрия

30-40

25-38

1-6

Рибосомалар

50-57

3-4

35

Крахмалдың гидролиз процесі
2 C6H10O5 + H2O = C12 H22 O11 C12H22O11+H2O= 2C6H12O6 крахмал мальтоза мальтоза глюкоза
Өсімдік клеткасындағы органоидтардың химиялық құрамы %

Клетканың құрылымдық элементтері

Ақуыздар

Липидтер

РНК

Цитоплазма

80-95

2-3

-

Пластидтер

30-45

20-40

0,5-3,5

Митохондриялар

30-40

25-38

1-6

Рибосомалар

50-57

3-4

35

Өзіне тән ксантопротеин, биурет, миллон және Адамкевич реакцияларын береді. Күшті қышқылдармен және сілтілермен бірге қайнатқан кезде, сондай-ақ ферменттердің әсерімен ақуыз амин қышқылдарының қоспасына ыдырайды. Амин қышқылдары өсімдікте кетон қышқылдарын тікелей аминозец немесе қайта аминдеу деп аталатын екі негізгі реакция жолдарымен синтезделеді. Олардың құрамында карбоксил тобынан басқа амин тобы да болады. Амин қышқылдарының тірі ағзалар үшін физиологиялық маңызы бар екі қасиетіне назар аударайық. Оның бірі-аморолиттік, екіншісі-оптикалық активтілік сулы ерітінділерде амин қышқылдарының СООН және NH2 тобы диссоцияланып, онда минус заряд, қышқыл ортада NH2 тобы диссоцияланып, онда плюс заряд пайда болады. Сөйтіп, амин қышқылы ортадағы реакцияға байланысты бірде қышқыл, бірде сілті ретінде қызмет атқарып, аморолиттік қасиет көрсетеді. Амин қышқылдарына оптикалық активтілік тән. Олардың ерітіндісі арқылы полярланған сәулені өткізгенде сәуленің бағыты өзгереді. Оптикалық активтілік кеңістіктік азомерияға, яғни ассиметриялы көміртегі жағдайында атомдар тобының әркелкі орналасуына байланысты. Мысалы аланин амин қышқылы екі түрлі болып кездесуі мүмкін:Айналу бағыты плюс немесе минус таңбаларымен белгіленеді.Мұның біріншісі l- қатарына, екіншісі D- катарына жатады. Оның D немесе l-қатарына жататындығы D –глицерин альдегидімен салыстыру арқылы анықталады. Ақуыздың құрамына кіретін барлық «натуралды» амин қышқылдарының l-формалар болып табылады. Амин қышқылдарының оптикалық активтілігі және олардың аморолиттік қасиеттерінің биологиялық маңызы зор. Өсімдіктер клеткаларынан 150-ден астам амин қышқылдары табылды. Олардың көбісі фотосинтез кезінде немесе топырақтан азотты қабылдау кезінде, жалпы метаболизм процесінде түзіледі.Адам организміне қажетті амин қышқылдары азықпен бірге қабылданады. Олардың ішінде валин, лейцин, азолейцин, милонин, треонин, фенилалонин, лизин және триптафан ерекше қажет.Азық-түліктің құрамында осы амин қышқылдарының болуы азық-түліктің қоректік құндылығын арттыра түседі. Олар міндетті түрде қабылданатын амин қышқылдары деп аталады. Ақуыз құрылымы. Ақуыз молекуласындағы амин қышқылдары пептидтік байланыс арқылы бірімен-бірі қосылады, бұл қосылыс бір амин қышқылының карбоксил тобы мен екінші амин қышқылының амин тобының есебінен түзіледі.
Пептидтік байланыс ковалентті болып табылады. Осының арқасында амин қышқылдарының түрліше мөлшері өзара қосылып, полипептидтік тізбек деп аталатын түзу тізбек түзеді. Полипептидтік тізбек ақуыз молекуласының негізін құрайды. Ақуыз молекуласының құрылымы төрт деңгейлі болады. Ақуыздың құрамына бар болғаны, 20-22 амин қышқылы және айтарлықтай сирек кездесетін ондаған амин қышқылы енеді. Олар түрліше тәртіппен кезектесе келе, полипептидтердің сансыз көп түрлі варианттарын түзе алады. Пептидтік тізбектің спираль тәрізді күйі ақуыз молекуласының екінші деңгейінің құрылымы деп аталады. Полипептидтік тізбектің жиынтық шулақ болып орналасуы, үшінші деңгейінің құрылымын қалыптастырады. Екі немесе бірнеше ақуыз молекулаларының комплекс түзе отырып қосылуының нәтижесінде ақуыз молекуласының төртінші деңгейлік құрылымы пайда болады. Ақуыз қызметінің активтілігін арттыруда молекула құрылымының барлық төрт деңгейі де маңызды роль атқарады.Ақуыздың атқаратын қызметі.Ақуыздар ағзада алуан түрлі қызмет атқарады. Ақуыздардың қызметін көбінесе жекеленген молекулалар да жүзеге асыруы мүмкін. Ақуыздардың атқаратын қызметінің ішіндегі ең бастысы катализаторлық қызмет. Барлық тірі организмдерде зат алмасу реакциялары ферменттердің әсер етуімен жүзеге асырылады. Осы кезге дейінгі белгілі ферменттердің барлығы ақуыздардан құрылған. Заттарды тасымалдау ақуыздырдың тағы бір маңызды қызметі. Күрделі ақуыз-гемоглобин тасымалдаушы ақуыздарға мысал бола алады. Ол адам және жануарлар ағзаларында оттегін байланыстырып оны түрлі мүшелерімен ұлпаларына жеткізеді. Ақуыздар сондай-ақ ағзаның иммундық қасиеттерін де жүзеге асырады. Ең ақырында, ақуыздың аса маңызды қызметінің бірі-оның құрылыс материалы ретінде пайдаланылуы. Ақуыз барлық протоплазмалық органоидтардың негізін құрайды.Ақуыз классификациясы. Барлық ақуыздар екі топқа бөлінеді. Тек қана амин қышқылдарының қалдығынан тұратын қарапайым ақуыздар протеин деп аталады. Қарапайым ақуызға белгілі бір ақуыздан бөтен зат байланысқан болса, оны күрделі ақуыз дейміз. Күрделі ақуыздар протеид деп аталады. Әртүрлі еріткіштерде ерігіштігіне қарай протеиндер төрт класқа бөлінеді. Альбуминдер суда, глобулиндер – тұз ерітіндісінің, проламиндер -80 % этил спиртінде, глютелиндер – сілтілерде ериді.Қарапайым ақуыздар өсімдіктер дәнінде қор және қоректік зат ретінде жиналады. Дән өскен кезде ақуыздар ыдырап, өсу нүктелеріне қарай ағып келеді де осында жаңа клеткалар түзу үшін пайдаланады. Қор ретінде жиналған қарапайым ақуыздар дәннің азық-түлік ретінде пайдаланылуында маңызды роль атқарады.Академик Т.Б.Дарқанбаев біздің республикамызда жаздық бидайдың биохимиясы жөніндегі көлемді зерттеулерді көптеген жылдар бойы жүргізіп келеді. Мұндай зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның әр түрлі облыстарында өсірілген бидай дәніндегі ақуыз өте сапалы және жеткілікті мөлшерде екендігі анықталады. Мәселен, Ақмола облысында өсірілген бидайда 17,90, Қостанай облысында -17,80, Көкшетау облысында -17,73, Орал облысында -18,57, Ақтөбе облысында -17,83, Қарағанды облысында егінген бидай дәнінде 17,18 % ақуыз түзілетіндігі анықталады. Нуклеин қышқылдары. Барлық тірі организмдерде нуклеин қышқылдарының дезоксиробонуклиен (ДНК) және рибонуклеин қышқыл (РНК) деп аталатын екі түрі болады.Олардың химиялық құрамы,құрылымы,клеткада орналасуы мен биологиялық ролі жөнінде бір-бірінен айырмашылығы бар. ДНК жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің барлық клеткаларының ядросында болады. ДНК ядроларда кездесуімен қатар өсімдіктер митохондриясы мен пластидтерінен де ядрошығынан, хроматиннен, цитоплазмадан, пластидтерден, митохондрия мен рибосомалардан табылады. ДНК толық ыдырағанда 4 азотты негіз, моносахариддезоксиробоза және фосфор қышқылы бөлінеді. ДНК мен РНК-ның химиялық құрамында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Үш азотты негіз – аденин, гуанин және цитозин нуклеин қышқылдарының бәріне ортақ болып табылады. ДНК –ның құрамында – тиамин, ал РНК-ның құрамында - урацил болады. Моносахарид дезоксирибозаның рибозадан айырмашылығы бар. Академик А.Н. Белозерскийдің зертханасына жоғары және төменгі сатыдағы әр түрлі өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің клеткаларынан алынған ДНК мен РНК –ның құрамы зерттелді. ДНК клеткада ақпаратты сақтаушы қызметін атқарады. Рибонуклеин қышқылы ақуыз биосинтезіне қатысады. Клетка РНК-сының бүкіл көлемінің 85 проценттін рибосомалық РНК құрайды. Рибосомалар – клеткалардағы ақуыз синтезін жүзеге асыратын орын. Матрицаның РНК (м-РНК) ерекше роль атқарады, ол ядро ДНК-сының бетінде синтезделеді. Ол ақпаратты ДНК-ден рибосомаларға тасымалдайды. Тасымалдаушы РНК (Т-РНК)-ның қызметін амин қышқылдарын байланыстыру және оларды рибосомаға жеткізу болып табылады. Көмірсулар. Өсімдіктердің құрғақ затының көп бөлігін, яғни оның 85-90 процентін көмірсулар құрайды. Молекуласының күрделілік дәрежесіне қарай олар моносахаридтерге, олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінеді. Гидролизге ұшырамайтын қарапайым қөмірсулар моносахаридтерге жатады. Моносахаридтер қалдықтарының ғана мөлшерінен тұратын қанттар олигосахаридтерге жатады, олар тиісінше ди, три, тетрасахаридтер деп аталады. Полисахаридтердің молекуласы моносахаридтердің көптеген мөлшерінің қалдықтарынан тұрады, мұның үстіне олардың полимерлену дәрежесі әртүрлі болады. Өсімдіктерде көп кездесетін көмірсулардың түрлерін жекелей қарастырып көрейік.Моносахаридтер. Моносахаридтер молекуладағы көміртек атомдарының мөлшеріне қарай ажыратылады да, осыған орай триоза, тетроза, пентоза және т.с.с болып табылады. Өсімдіктерде неғұрлым жиі кездесетін триоза-глицерин, альдегиді және диоксиацетон; тетроза –Д эритоза, Д- эритруллоза; пентоза – L –арабиноза, Д-ксилуюза, Д-глюкоза, Д- фруктоза, Д- монноза, Д- галактоза, L- сорбоза, L- рамноза, моносахаридтердің көпшілігі өсімдіктерде бос күйінде болмайды, бірақ полисахаридтер мен басқа да қосылыстардың құрамына кіреді. Өсімдіктер клеткасында айтарлықтай мөлшерде жинақталатын Д-глюкоза мен Д- фруктоза бұл қағидаға бағынбайды. Моносахаридтердің жалпы қасиеттері арасында стерозомерлік фосфор қышқылдарымен әрекеттесе эфир түзушілік альдегид және спирт топтарының тотықтыру арқылы уран және алуан қышқылдарын түзушілік қасиеттерінің биологиялық зор маңызы бар. Химиялық құрамы жөнінен бірдей, бірақ ассиметрияны көміртек айналасындағы топтардың кеңістікте орналасуы жөнінен айырмашылығы бар заттар стероизомерлер деп аталады. Стероизомерлердің негізгі айырмашылықтары мынада: олардың ертінділері арқылы поляризация бағытын оң немесе солға қарай бұрады.Дисахаридтер. Өсімдік организмінде дисахаридтердің де үлкен маңызы бар. Олар өсімдіктің клеткасында қор есібінде клетканың сөлінде немесе цитоплазмада сақталады. Дисахаридтердің жалпы формуласы. С12Н22О11. Олар бір-бірінен молекула құрамындағы атомдардың байланысы арқылы айырмашылықтары бар. Дисахаридтерге мальтоза, сахароза, целлобиоза, лактоза жатады. Крахмал. Төменгі сатыдағы өсімдік – балдырлардан бастап жоғары сатыдағы қосжарнақтыларға дейінгі барлық өсімдіктерде фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген көмірсулар өте тез арада крахмалға айналады. Ол жапырақ мезофилінің клеткаларында жиналады да, ассимиляциялық крахмал деп аталады. Өз кезегінде ол тез арада басқа заттарға немесе крахмал қорына айналады. Өсімдіктерде крахмалдың бөлініп тарау процестері амилоза ферменті арқылы өтеді. Крахмалдың гидролиз процесінде бірнеше мальтоза пайда болады да, сосын ол әрі қарай глюкозаға мальтоза ферменті арқылы айналады.
2 C6H10O5+ H2O= C12H22O11 C12 H22 O11+H2O=2C6H12O6
Крахмалдың құрамына кіретін полисахарид молекулалары құрамы жағынанда айырмашылықтары бар. Крахмалда 2 фракциясы бар.

  1. Амилоза глюкозаның қалдығы бұзылмаған түзу дельтин құрайды.

  2. Амилопектин молекуласында глюкозаның қалдықтары көп жерден тармақталған. Амиллазаға йод қосқанда көк түс пайда болады және фермент - амилозы арқылы бөлінеді. Амилопектин йод пен күлгін түс береді фермент - амилаза арқылы толық бөлінбейді.

Крахмал қоры әр түрлі пішінді крахмал дәндері түрінде сақталады. Крахмал дәндерінің ең ірісін картоптан, ал ең ұсағын күрештен байқауға болады. Крахмал қоры өсімдіктердің тұқымында, сабағында, тамырында, жемістерінде тағы басқа жерлерінде сақталады.Целлюлозада өте кең таралған полисахарид, ол клетка қабықшасының негізін құрайды. Оның молекуласы - глюкозаның қалдықтарынан құралған. Целлюлоза молекуласындағы глюкоза қалдықтарының мөлшері 6000-нан -8000-ға дейін өзгеріп тұруы мүмкін. Оның молекуласы бос күйінде кездеспейді. Целлюлозаның 2000 молекуласы бірігіп, түзу шоқтар түзеді. Бұл шоқтар клетка қабықшасының микрофибрилдері болып табылады. Ал микрофибрилдер өз кезегінде макрофибрилдерге біріккен өсімдіктер клеткасында целлюлоза аденозиндифосфатглюкозаның қатысумен синтезделеді Липидтер. Майлар және майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады. Табиғи эфир, бензин, бензол, хлороформ сияқты органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер липидтері майлар, балауыз, фосфарлипидтер мен глюколипидтер деп аталатын 4 негізгі топқа бөлінеді. Липидтер ағзада зор роль атқарады. Олардың бір бөлігі клетканың қор заты ретінде жиналады, ендігі бір бөлігі клетка құрылымын түзуге қатысады. Протоплазманың, вакуоляның, пластидтердің ядро мен басқа да органоидтардың сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриядағы барлық пластина мен құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. Ақуыздармен қосыла келе, липидтер күрделі ақуыз-липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі клетка мембранасын түзеді. Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттарының ролін атқарады. Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық клеткаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, атап айтқанда жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 88 проценті тұқымына қор заты ретінде май жинайды. Балауыз дегеніміз- әдеттегі температурады қатты, май тәрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз өсімдіктердің жапырағын сабағы мен жемістерін жұқа қабатпен жауып тұрады.Фосфолипидтер: 3 топқа фосфатидтер, плазмалогендер және сфинголипидтер деп аталатын үш топқа бөлінеді. Фосфолипидтердің үш тобының құрамында да фосфор қышқылдарының қалдығы болады. Фосфатидтер глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар олардың құрамында фосфор қышқылының қалдығы және онымен байланысқан азотты негіз бар. Бұл фосфатидтер протоплазма мен органоидтар құрылымында маңызды роль атқаратындығын түсіндіреді. Протоплазма мен органиодтар мембраналарындағы фосфатидтердің көп бөлігі ақуыздармен байланыса отырып, липопротеид түзеді.Гликолипидтер глицерин мен май қышқылының күрделі эфирлері болып табылады. Бірақ, фосфолипидтерге қарағанда мұнда фосфор қышықылының қалдығы емес, белгілі бір моносахарид болады. Гликолипидтер өсімдіктердің жапырақтарында фосфолипидтерге қарағанда 5 есе көп болады. Олар әсіресе хлоропластарда көп кездеседі. Гликолипидтер мембрана жүйесін құруға қатысады. 4. Зат алмасуы. Ферменттер. Әр ағза, клеткалардың негізгі қасиеттері зат алмасу процесімен байланысты.Ағзада жүретін барлық химиялық процестерінің жиынтығын зат алмасуы деп білеміз. Зат алмасуын құрайтын химиялық реакциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Зат алмасу процесі қоршаған ортаменде байланысты. Сыртқы ортадан организмге керек емес заттар бөлінеді. Ортадағы жағдайлар әсіресе температура, ылғалдық, жарықтың түсуі. Зат алмасу процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Тірі жасушада жүретін химиялық процестер тездеген жылдамдықпен өтеді. Бұл реакциялардың жүрісін ферменттер тездетеді.Ферменттер дегеніміз - жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің клеткалары жасап шығаратын биологиялық катализаторлар. Механизмі химиялық реакциялардың жылдамдығы реакцияға түсетін молекулалардың соқтығысуының жиілігіне байланысты. Температураның артуына қарай молекулалар сияқты соқтығысуының жиілігіне әсер етеді. Сонымен қатар реакцияның өтуі үшін молекулалардың соқтығысуы жеткіліксіз бұл кезде олар активті күйде болуы қажет,басқаша айтқанда, оларда реакция үшін қажетті энергияның біршама артық қоры болуы тиіс. Мұндай энергияны активация энергиясы деп атайды. Фермент осы реакцияға қажет активация энергиясын кемітеді. Ол үшін фермент реакцияға ұшырайтын заттың молекуласымен оны субстрат деп атайды, бірігіп комплекс түзеді. Комплекс қысқаша Ф+С (фермент+ субстрат) деп белгілейді.
Бұл комплекстің түзілуіне әлдеқайда аз мөлшерде энергия қажет. Комплекстің түзілуі спектрлік әдістердің жәрдемімен дәлелденген. Ф+с аралық комплексін түзуде субстрат молекуласымен емес, оның активтік орталықтар деп аталатын жекеленген учаскелерімен қосылады. Ферменттің әрбір молекуласында 1-2 активтік орталық бар екендігін анықталып отыр. Органикалық заттар мен ферменттердің құрылымын зерттей келе Э. Фишер фермент пен субстратқа кеңістік сәйкестігінің жоқтығы жөнінде қорытынды шығарып, фермент субстратқа құлпының кілтіндей сәйкес келеді деп сипаттады. Клеткаға ферменттердің әсері. Ағзадағы ферменттің активтілігі алуан түрлі факторларға байланысты. Субстарт пен фермент концентрациясының, активатор мен ингибиторлардың болуының, метаболидтер концентрациясының, әртүрлі клетка құрылымында ферменттерді байланыстырудың да маңызы бар. Клеткадағы су мөлшерінің де зор маңызы бар. Әртүрлі металдардың да ферменттер активтілігіне әсері бар. Молибден жетіспеген кезде нитратредуктаза ферментінің активтілігі төмендейді. Ферменттердің активтілігіне метаболизм процесінде пайда болатын заттар да әсер етеді. Мысалы L- треонин амин қышқылы трениндезаминаза ферментінің жәрдемімен бір қатар аралық өнімдер арқылы L- изолейцинге айналады. Осы факторлардың еріген күйдегі ферменттер үшін маңызы бар. Алайда ферменттер клеткаларда ерімеген күйде болуы да мүмкін. Клетка органоидтарының көпшілігі мебраналар принципі бойынша құрылған. Ферменттердің едәуір бөлігі клетка мембранасымен байланысқандығы анықталған. Мембраналарда ферменттер молекулаларын липидтер қоршап жатады. Ферменттің липидтермен және мембрананың басқа да компоненттермен әрекеттесуі салдарынан оның қасиеттері мен құрылымы бұрынғы қалпында. Мұның ферменттік активтілігін реттеуде маңызы бар. Мысалы рибосомаларда рибонуклеоза ферменті ацеорбталған. Әртүрлі жағдайлардың әсерімен бұл фермент активтілігін арттырса, рибосоманы бұзуы мүмкін. Лизосомалардың құрамында ферменттер болады. Егер лизосоманың мембранасы зақымдалса, бұл ферменттер босап шығады да, клетканы еріте отырып, цитоплазма заттарын ыдырата бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет