«Өсімдіктер физиологиясы»


Ферменттің классификациясы



бет4/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС
!26-ОШ ТЖБ Химия 8-сын қаз (pdf.io), 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, Мінездеме Байқау Кенжег, pharmacology midterm1st 2ndsem 3rdyear .en.ru.ru.kk
Ферменттің классификациясы.
Жаңа классификация бойынша бізге белгілі ферменттердің барлығы алты класқа бөлінеді:
1. Оксидоредуктоза – тотығу-тотықсыздану ферменттері
2. Трансфераза – атомдану реакциясын катализдейтін ферменттер.
3. Гидролаза - заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын ферменттер.
4. Лиаза –еселенген байланыс түзе және оны бұза отырып атомдар тобын қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін ферменттер.
5. Изомераза – изомеризация реакциясын катализдейтін ферменттер.
6. Лигаза (синтетаза) – АТР энергиясының есебінен жай заттардан күрделі органикалық заттар түзу реакциясын катализдейтін ферменттер.


Лекциялардың қысқаша мазмұны
2 ДӘРІС
Тақырыбы: Өсімдік клеткасының физиологиясы.

  1. Өсімдік клеткасының құрылысы және атқаратын қызметі.

  2. Өсімдік клеткасының өткізгіштігі.

  3. Өсімдік клеткасының осмостық қасиеттері.

  4. Клетканың тітіркенгіштігі.

  1. Өсімдік клеткасының құрылысы және атқаратын қызметі. Өсімдік клеткасы әсіресе соңғы 15-20 жылда жақсы және ойдағыдай зерттелді. Бұл кезде ғылымның клетка физиологиясы немесе цитофизиология деп аталатын саласы пайда болды. Зерттеудің жаңа әдістері мен электрондық микроскоп, фазалы-контраст микроскоп, ультражұқа кесінділер алу, шапшаң центрифугалық және т.с.с. жаңа техникалық әдістер пайда болып,цитофизиологияның өмірге келуіне себепші болды.Өсімдік клеткасы протопластан тұрады, оның сыртын нәзік қабықша қоршап тұрады. Протопласт цитоплазмадан, вакуольдан, ядродан және басқа да органоид деп аталатын құрылым денелерінен тұрады. Микроскоппен көргенде цитоплазманың түссіз, біркелкі масса екендігін байқауға болады. Алғаш ол протоплазма деп аталады. Бұл терминді тұңғыш рет 1838 жылы чех физиологы Пуркинье мен ботаник Фон Моль ұсынды. Үш қабаттан тұратын бұл түзіндінің бәрі де гемицеллюлоза мен пектинді заттардан құрылады. Ол клетка қабықшасының матриксі деп аталады. Клетка қабықшасының өсуі және оның жуандауы клетканың бүкіл тіршілік әрекетіне байланысты. Клетка қабықшасын ішкі жағынан гидростатистикалық қысым кернеп тұрады, оны клетка ішіндегі заттар тудырады. Осының салдарынан қабықша керілген күйде болады. Клеткаға енетін және одан шығатын заттардың барлығы да қабықша арқылы өтеді. Қабықшада іші суға толы едәуір терең қуыстар болуының арқасында су қабықша арқылы айтарлықтай зор жылдамдықпен өтеді. Мұндай аралықтар саңылау /пора/ деп аталады. Бір клетка қабықшасындағы саңылауларға қарама-қарсы орналасқан, сондықтан қатар орналасқан клеткалар арасында су және еріген заттар оңай алмасады. Клетка қабықшасындағы саңылаулар арқылы көбінесе плазмодемма деп аталатын жіңішке цитоплазмалық жіпшелер өтеді. Олар саңылаулар арқылы өте отырып, бір клетканың цитоплазмасын екінші клетканың цитоплазмасымен байланыстырады, өзара жалғасып жатқан цитоплазманың плазмодема жіпшелерімен байланысқан бұл торын симпласт деп атайды.Клетка қабықшасын зат алмасуына аз қатысатын немесе тіптен қатыспайтын инертті түзіліс деп есептейді. Клетка қабықшалары қышқыл ортада пектинэстераза, химотрипсин, ферменттерін адсорбтай алатындығы анықталған. Темекі клеткасының қабықшасынан, ал Янсон сұлы Колеоптилінен көрсетті. Бұл ферменттер сілтілі ортада қабықшадан ерітіндіге түседі.Цитоплазма дегеніміз түссіз, гомогенді масса. Ол сумен араласпайды, созылғыш, құрамы қайтымды өзгерістерге қабілетті келеді. Онда әр түрлі клетка органоидтары бар, бұл органоидтар цитоплазмадан жай немесе қосарланған мембранамен бөлінген. А.Фрей – Висслинг (1976) протопластан ядро, пластидтер, митохондриялар сияқты органоидтарды бөліп шығарғаннан кейінгі протопластың қалған бөлігін цитоплазма деп тану неғұрлым орынды болады деп есептеді. Сонымен қатар цитоплазмада жаңа құрылым ашылған сайын оның өзі біртіндеп жойылып кетеді, онда тек қана сұйық матрикс қалады дейді. Цитоплазманың неғұрлым гомогенді, структурасыз осы бөлігін гиалоплазма деп атайды.

Физикалық – химиялық тұрғыдан алып қарағанда цитоплазма дегеніміз күрделі коллоидтық жүйе. Онда бір мезгілде әр алуан түрдегі бірнеше коллоидтық жүйелер кездесуі мүмкін. Мысалы, эмульсиялар, эмульсоидтар және коацерваттарлар. Цитоплазма алуан түрлі қызмет атқарады деп есептейді, ол барлық органоидтармен тығыз байланысқан. Тіршіліктің клеткаға тән барлық көріністері цитоплазмаға байланысты. Цитоплазма заттарды сіңіру және бөліп шығару, өсу және даму, зат алмасу, тітіркенгіштік сияқты құбылыстардың негізінде жататын процестер өтетін орта. Цитоплазма қозғалыш келеді. Микроскоп арқылы қарағанда цитоплазманың қозғалып жатқанын байқауға болады. Цитоплазма ағынымен қоса хлоропластар да қозғалады. Төменгі температурада қозғалыс тоқталады. Цитоплазманың қозғалыштығына күн сәулесі, ортаның қышқылдығы да әсер етеді.Цитоплазмаға тән тағы бір қасиет – оның созылғыштығы. Цитоплазманың қабықшаға қарап жатқан сыртқы бетін плазмалемма деп атайды, ал вакуольмен шектесіп жатқан ішкі бетін – тонопласт деп атайды. Цитоплазманың негізгі ортаңғы бөлігіне қарағанда бұл қабаттардың құрылымы басқаша болады. Олар жартылай өткізгіш мембрана түрінде құрылған. Клетканың сіңіретін және бөліп шығаратын заттары плазмалемма арқылы өтеді.Клетка мембранасы. Өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің клеткаларында мембрана түріндегі сияқты құрылым өте кең таралған. Олар тірі жүйелердің барлық жерлерінде кездеседі. Клеткадағы әрбір органоидтың шекаралары осындай мембраналардан құрылған. Мембраналар кедергі болмастан зат алмасу процесіне активті түрде қатысады және оны реттеп отырады. Клетканың биохимиялық процестерінің көпшілігі мембраналардың бетінде өтеді немесе онымен байланысты болады. Әр түрлі объектілердің клетка мембраналары 2 компоненттен құрылғандығы анықталған. Ол липидтер мен ақуыздар. Гликолипидтер, фосфолипидтер, сульфолипидтер және изопреноидтар (каратин мен ксантафин) - өсімдіктердің клетка мембранасының липидтері болып табылады. Едәуір мөлшерде стериндер де кездеседі. Хлоропластарда галактолипидтер мен фосфолипидглицериннің болатындығы анықталған. Өсімдік мембраналарындағы ақуыздар аз зерттелген.Плазмолемма дегеніміз клетканың бетіндегі бір қабатты мембрана, ол пленка цитоплазманы пектоцеллюлоза қабықшасынан тұрады. Плазмолемманың жалпақтығы 7,5 нм. Плазмалемманың әрбір қарапайым пленкасы сырты ақуыздармен қапталған липидтік қабаттан тұрады. Электрондық микроскоппен жүргізілген тікелей бақылаулар жаңа плазмалеманың Гольджи аппаратының көпіршігі есебінен түзілетіндігін көрсетті. Плазмолемманың сипаттап отырған бұл құрылымының өзгергіштік қасиеті бар. Соның арқасында плазмалемма құрамы жаңартылып отырады. Жаңартылудың арқасында плазмалемма жартылай өткізгіштік және активтік тасымалдау қасиеттеріне ие болады. Бұл екі қасиет активті зат алмасу процесімен байланысты. Ал зат алмасу процесінің негізіне жататын химиялық реакциялар плазмалемма құрамы мен өзгергіштік сипатын күрделендіре түседі. Плазмалемманың жартылай өткізгіштігі дегенде оның тек белгілі бір заттарды өткізетіндігі немесе тіптен өткізбеушілігі деп түсіну керек.
Пермеаза ферменттерінің жәрдемімен заттар активті түрде тасымалданады. Бұл фермент заттардың молекуласымен қосыла келе, олардың заттардың мембрана арқылы өтуіне мүмкіндік береді. Плазмалемманың атқаратын қызметі су мен басқа да заттардың клеткаға енуін және одан шығарылуын реттеу болып табылады. Плазмалемма арқылы судың сіңірілуі және шығарылуы пиноцитоз жолымен жүзеге асады. Заттардың ірі макромолекулалары эндоцитоз жолымен енеді. Пиноцитоз бен эндоцитоз плазмалемманың бір бөлшегі ішке қарай тартылуы жолымен өтеді. Плазмалемманың ішіне қарай тартылатын бөлігі бұдан кейін плазмалемманың бетінен көпіршік түрінде бөлінеді, клетканың қалың қабатына қарай орын ауыстырады. Плазмалемма қабықшасының түзілуіне қатысады.Эндоплазмалық тор. Портер 1945 жылы жануарлар клеткасынан, ал кейінірек өсімдіктер клеткасынан цитоплазманың ішіне батып тұратын, тармақталған аса жіңішке торды ашты. Ол цитоплазманың бүкіл қабатын торлап жатады, ал ядроның аймағында ерекше жиі тор түзеді. Сондықтан оны эндоплазмалық тор немесе ретикулум деп атайды. Эндоплазмалық тор түтікшелер мен каналшалар жүйесінен тұрады, бұл жүйенің қабырғасы плазмалемма мембранасына қарағанда айтарлықтай жұқа келетін қарапайым мембрана болып табылады. Эндоплазмалық тор түтікшелерінің ішінде түссіз, мөлдір энхилема деп аталатын сұйықтық болады. Бұл сұйықтықтың құрамында тұздар мен еритін ақуыздар бар, кейбір жерлерінде эндоплазмалық тордың беті тегіс, басқа бөліктерінде оларға рибосомалар бекінетіндігіне қарай кедір-бұдыр болып келуі мүмкін. Эндоплазмалық тор ядроның сыртқы қабықшасы есебінен түзіледі, сондықтан тор энхилемасы мен ядро қабықшасының арасындағы перинуклеар сұйықтығы бірдей деп санауға болады. Кәрі клеткалардан жаңа клеткалар түзілгенде эндоплазмалық тор мембраналары жойылып кетпестен, ұрпақтан ұрпаққа ауысады, ал ядро мембранасы әр жолы қайтадан түзіледі.Эндоплазмалық тор каналдары бойымен заттар тасымалданады, цитоплазманың барлық қабаттарының аралары, ядро, мембраналарымен қосыла келе және плазмодемадан өте отырып, эндоплазмалық тор ядро мен цитоплазманың, клетканың әр түрлі бөліктерінің, сондай-ақ көршілес клеткалардың өзара байланысуын қамтамасыз етеді.
Эндоплазмалық тордың рибосомаға бекінетін кедір-бұдырлы бөлігі ақуыз синтезіне қатысады. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор бөліктерінде синтезделген ақуыз оның каналшаларына, энхилемаға өтеді. Энхилема ақуыздардың, нуклеотидтер мен тұздардың ерітіндісі болып табылады, ол қоректендіру қызметін атқаратын болса керек. Тор энхилемасы арқылы клетканың өсуіне, жаңа органоидтар құруына, зат алмасу реакцияларына қажетті заттар жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет