Өсімдіктер сыр шертеді (гимназиялық компонент)
БЖБ II тоқсан
8 «A» сынып Әбдікәрім Аяулым
Биология пәні нені зерттейді?. Биология — жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. (1)
Ботаника пәні дегеніміз не? Қай ғасырда пайда болды. Негізін салушы кім? Ботаника — өсімдіктер туралы ғылымдар жиынтығы, биологияның бір саласы; өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді.[ Ботаника ғылымы б.з.б. 4-ғасырдан бері белгілі. Оның негізін салушы грек жаратылыстанушысы және философы Теофраст (б.з.б. 372 — 287 ж.). Ол 500-ге жуық өсімдік түрлерін сипаттап, олардың құрылысы мен көбеюі, дара жарнақтылар мен қос жарнақтылардың айырмашылықтары туралы Ботаникаға ғыл. мәліметтер мен терминдер енгізді.
18 ғасырдың орта кезінде швед ғалымы К. Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде ғылымға өсімдіктердің қос номенклатуралық жіктелімін енгізді (қ. Бинарлық номенклатура).
19 ғасырдың ортасында неміс ботаниктері М. Шлейден, Т.Шванн клеткалық теорияның, ал А. Гумбольт ботаникалық-географикалық зерттеулердің негізін салды. (2)
Кеппешөп (гербарий) –дегеніміз не? Кеппешөптің (гербарий) жасалу жолдары қандай? Гербарий — зерттеу және жүйелеу мақсатында арнайы жиналып, кептірілген өсімдіктер коллекциясы; олар сақталатын мекеменің аты. Кеппешөп (гербарий) – барлық мүшелері белгілі форматта толық жиналып, кептірілген және этикетка толтырылған өсімдік даналары. Кептірілген дайын өсімдіктерден кеппешөп жасалынады. Кеппешөп көлемі 45 х 30 см, оның бір беті қалың қағаздан немесе картоннан, ал екінші беті калькадан жасалады. Кептірілген өсімдікті белгілі көлемдегі картонның бетіне салып, оны ине жіппен тігеді. (2)
Өсімдіктердің қандай көбею мүшелері бар? Гүлденетін өсімдіктер және бүршіктері бар өсімдіктер (мысалы, қылқанжапырақтылар) тұқымдық дәндерді өндіреді. Гүлденетін өсімдіктердің көпшілігі тұқымдық дәндер арқылы көбейеді, сонымен қатар вегетативті түрде өніп өседі. Тұқымдық дәндерді алу үшін, әуелі өсімдікті тозаңдандыру керек.Көп жасушалы балдырларда вегетативтік көбею, олардың талломдарының кездейсоқ бөліктерге бөлінуі арқылы жүреді. Жіпшелі көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері (носток, анабена) гетероцисталары арқылы көп жасушалы гормогонияларға бөлінеді. Көбеюдің мұндай қарапайым тәсілі тек төменгі сатыдағыларға ғана емес, суда тіршілік ететін кейбір гүлді өсімдіктерге де (сужапырақ, мүйіз жапырақ, егеушөп) тән. (1)
Ұрықтану дегеніміз не? Қосарлы ұрықтану процесі қалай жүреді? (2)
Ұрықтану — аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда болуы.Ұрықтанудың тек гүлді өсімдік терге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайдаболады. Орталық орталық екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып, ұлғайтып - эндосперм түзiп, Онда ұрыққа қажеттi қор затары жиналады.Тұқым бұршiгiнен тұқым, ал жабынның қабырғаларынан жемiс қап түзiледi. Ал екiншi аталық жыныс клеткасы тұқым бұршiгiнiң ең үлкен орталық клеткасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлдi өсiмдiктерге тән мұндай түрiн қосарланып ұрықтану деп атайды.
Шымтезек (сфагнум) мүгі қай жерлерде кездеседі? Шымтезек мүгiнiң жапырағының клеткалары қандай болады? (2)
Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады. Ал құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрлі болады:
1.ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар;
2.ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. Жасыл жасушаларда фотосинтез үдерісі жүреді және олар арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық заттар өтеді. Екіншісі - өлі, түссіз жасушаларының қабырғаларында көптеген саңылаулары бар, сәл ірілеу, онда су қоры жиналады. Бұл жасушалардың тек қабықшалары ғана сақталған. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақтан; батпаққа айналуына себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |