Изогамияда екі бірдей аталық және аналық гамета қосылады.Олар қозғалып жүреді.Көбіне екі талшығы болады.Ұрықтану жүріп зигота түзіледі(n+n=2n)
Гетерогамия
Гетерогамия — (гр. “гетерос” — әр түрлі, өзгеше) гаметалардың пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қозғалады.
Оогамия
Оогамия – гаметалардың біреуінің көлемі үлкен, қор заты мол, қозғалмайтын (аналық), екінші гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқылы қозғалады, ядросы ірі (сперматозоид).
Аталық жыныстық клеткалар сперматозоидтар деп аталады.Талшығы болады.Төменгі сатыдағы өсімдіктерде сперматозоидтар бір клеткадан түзілген аталық жыыстық мүшесі антеридилерде,жоғары сатыдағы өсімдіктерде көпклеткалы аталық жыыстық мүшесі антеридилерде жетіледі.Аналық жыныстық клетка сперматозоидпен ұрықтанады,зигота түзіледі.

Қорытынды
Өсімдіктердің ұрпақтар арқылы өзін-өзі қайталап, түрдің сақталып, өкілдерінің таралуын қамтамасыз ету қабілетін көбею деп атайды. Организмнің көбеюіне сыртқы ортаның әрқилы жағдайлары көп әсер етеді, сондықтан орта жағдайларын адамзат өзіне қолайлы және тиімді жағына қарай өзгертіп отыруына болады: зиянды өсімдіктердің көбею қарқынын бәсеңдетудің арқасында олардың тұқымын құрту әрекетін істейді де, ал пайдалы өсімдіктердің көбеюіне жағдайлар жасай отырып, оларды барған сайын өркендетеді.