Өсімдіктердің көбею мүшелері Гүлдің құрылысы және оның маңызы Сабақтың мақсаты



Дата21.06.2017
өлшемі67,41 Kb.
#19468
түріСабақ
Өсімдіктердің көбею мүшелері

Гүлдің құрылысы және оның маңызы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында, вегетативті мүшелерді еске түсіре отырып, генеративті (көбею)мүшесі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру

Гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі , маңызы туралы тісіндіру

Сабақ барысында еске сақтау қабілетін,сөйлеу мәнерін дамыту.

Табиғатты сүюге, әсемдікке үйрету, эстетикалық талғампаздыққа баулу. Табиғаттағы өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: таблицалар , суреттер, бөлме гүлдері, слайд-шоу,

Сабақтың әдіс-тәсілі: аралас сабақ, ертегі лер

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру сәті

II.Қызығушылығын ояту (нені білеміз) ?

III.Жаңа сабақты меңгерту (нені білгім келеді)

IV.Ой қорыту (нені білдік)



І. Қызығушылығын ояту.

Кіріспе: Ал , балалар біз сендермен өсімдіктердің құрылысымен танысы бастадық, яғни осы уақытқа дейін өсімдіктің қандай негізгі мүшелерімен таныстық?

Дұрыс, яғни вегетативті мүшелермен таныстық - тамыр,жапырақ, сабақ (суреттерін бірте-бірте тақтаға ілінеді) . Ендеше біз қазір сабағымызды қайталап өтейік.Менен сұрақ, сендерден жылдам жауап.


Слайд № 3. Тамыр дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

  1. көбеюге қатысады; 2. өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;

3.қоректік заттарды қорға жинайды; 4.топырақтан су мен минералды заттарды сабаққа өткізеді

Слайд №4. Тамырлар шығу тегіне қарай қалай бөлінеді ? ( негізгі, жанама, қосалқы)

Негізгі: тұқым ұрық тамыршасынан дамиды; Жанама: негізгі тамырдың жан-жағынан таралады; Қосалқы: сабақ пен жапырақтан өсіп шығады

Слайд № 5. Тамыр жүйесі дегеніміз не және ол қалай бөлінеді?

Негізгі, жанама, қосалқы тамырлар бірігіп тамырлар жүйесін құрайды, яғни әр түрлі тамырлардың жиынтығы. (кіндік ,шашақ)



Слайд № 6. Жапырақ дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

1.фотосинтез; 2. газ алмасу; 3.су буландыру; 4.қорға жинау; 5.көбею



Сыртқы құрылысы: тақта және сағақтан тұрады

Слайд№ 7. Жапырақ тақтасының пішіндері ( бүйрек, таспа, жебе, жүрек, ромб, қылқанды)

Слайд № 8. Сабақ дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.

1. сабаққа бүршік, жапырақ,гүл,жеміс бекінеді; 2.қоректік заттар қозғалады;

3. органикалық заттарды қорға жинайды; 4. көбею ;



Слайд № 9. Сабақтың түрлері: тік; жатаған ,шырмалғыш; өрмелегіш; жабысқақ;

қысқарған.



Сабақтың ішкі құрылысы қандай ? 1.қабық – (өң, тоз, тін); 2.камбий; 3.сүрек;

4. өзек.


ІІ.Жаңа сабақты меңгерту.
Ал, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін? Әрине, жан-жақтағы гүлдерге назар аударайық. (Ой-бағыт беру(индукция ) кезеңі, яғни жан-жақтағы гүлдер- индуктор болады

.

Дұрыс, бүгінгі сабағымыз өсімдіктердің көбею мүшелеріне байланысты, яғни оған гүл,жеміс, тұқым жатады.



Бүгінгі сабағымызды ертегі түрінде өткіземіз . Балалар сендер ертегілердің қандай

түрлерін білесіңдер ? ( қиял ғажайып ертегілер,шыншыл ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер)

Ендеше ертегімізді тыңдап , ең соңында сұрақтарға жауап беруді ұмытпайық.

Слайд №11 , Өсімдік жасушалары бөлініп қана қоймай ,ұлпа түзетінін білдік

Сол ұлпалардан өсімдік мүшелері құралады. Мүше- өзіндік құрылысы бар,белгілі қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі.



12,13,

Слайд № 14, Гүл дегеніміз-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген, қысқарған өркен.

1.Гүл бөлімдері-гүл сағағы, гүл табаны,тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық және аналық.

2.Гүл сағағы –гүлдің жіңішкерген жері

3.Гүл табаны-гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.



Слайд №15 ,16,

Слайд № 17, Күлте Тостағанша жапырақшалардан кейін орналасқан Күлтенің иісі хош исіті, ашық реңді, түрлі түсті болады

Слайд № 18,Тостағаншакөбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардын тұрады

Слайд № 19, 20,

Слайд № 21, Аналық — гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың ұшын аузы, ортаңғы жіңішкерген жері мойын, түп жағында жуандаған жерін жатын дейді

Слайд № 22, Аузы — өсімдіктің түріне қарай түрліше болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтықтың бөлінуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай жасайды.

Слайд № 23, Мойыны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлемдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жеңіл тозаңданады

Слайд № 24 Жатын — (түйін) аналықтың негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатынжа дамитындықтан жатынның қабырғасында бекінеді. Жатынның сыртын екі қабықша қаптайды.

Слайд № 25 Аталық - гүлдің көбеюге қатысатын мүше . Аталық өзі аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Тозаңқап бір бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады. Тозаңқапта тозан түйіршіктері болады, пісіп жетілген тозаңдары сыртқа шашылады

Слайд № 27 Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе дұрысгүл деп аталады

Слайд № 28 Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса , бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе бұрысгүл деп аталады

Слайд № 31 Өсімдіктердің маңызы

Слайд №33

ІІІ. Ой қорыту (нені білдік?)
1. Өсімдіктердің қандай мүшелерімен таныстық?

2. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар

3. Гүлдің дәл ортасында орналасқан қандай мүше?
Cлайд № 34

Қорытынды: сонымен балалар бүгінгі біз гүлдің құрылысы мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған « Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз!
Сабақты бекіту:

Сабағымыз аяқталып келеді.

Біздің ертегіміз қай топқа жатады деп ойлайсыңдар ? (шыншыл ертегісі)
Слайд № 35 ,( Рефлексия - бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдық, көңіл күйіміз қандай екен)
Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма: п :20 (зертханалық жұмыс Гүлдің құрылысы)

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ






(ашық сабақ 6 сынып)

Өткізген: география-биология пәнінің



мұғалімі Сергалиева З.Ф.

2016-2017о.ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет