Науқас Б., 32 жаста өндірісте аяғынан жарақаттап алды. Аяғын ампутация жасады. Ампутацияланған аяқ бұл дегеніміз патологиялық үрдіс пе не патологиялық жағдай ма?
Науқас А., 55 жата 15 жылдан бері асқазан ойық жарасымен зардап шегеді. Бір жылда екі рет стационарда ем қабылдап тұрады. Асқазан шырышты қабатында пайда болған тыртық – бұл патологиялық серпіліс, патологиялық үрдіс немесе патологиялық жағдай ма?
Қоянның терісіне кротон майымен апликация жасаған соң терісінде қан тамырларының кеңеюі байқалған. Бұл құбылыс қалай аталады?
6.Әйел адам котлет қуырып жатып, ыстық майға күйіп қалды. Қолдың терісінің өсу қабатын некроз алған. Науқаста қолының күюінің себебі мен жағдайлары қандай?
7. Бала бірінші рет әр түрлі карусельді тепті. Карусельден кейін бас айналу, нистагм, лоқсу, бірінші рет құсу болып, пульс минутына 55рет, АҚ - 9060 мм. сын. бағ. Себебі қандай және баладағы тіршілік әрекетінің бұзылуы шарттарын атап көрсетіңіз.