Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет56/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қосымша білім беру мекемелеріндегі практиканың маңызы қандай?

2. Технологиялық практика деген не?

3. Далалық практика қалай жүзеге асады?

№23 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі ағарту жұмыстары

Дәріс мазмұны:


  1. Ағарту жұмыстары туралы түсінік

  2. Сыртқы және ішкі ағарту жұмыстары

  3. Бағдарламалық ағарту жұмыстары

  4. Стихиялық ағарту жұмыстары

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі ағарту жұмыстары жөнінде түсінік қалыптастыру, ағарту жұмыстарының түрлерімен таныстыру.

Ағарту ісі – тұрақты оқу тобына бөлінбеген және формальды емес (арнайы тіркелмеген) үлкен аудиторияларға есептелген білім беру іс - әрекетінің түрі.

Ағартудың негізгі міндеті - өмірді тұтас жан-жақты және оның жеке жақтарын ұғынуға негіз болатын білім және мәдениет жетістіктерін кеңінен тарату.Ағарту ісі дәрістер,әңгімелесу,диспуттар,пікір – таластар,ақпарат көздері арқылы,экскурсионды бағдарламалар,кітапхананың,коцерттік абонементтер,қозғалмалы қоймалар түрінде жүзеге асырылады.Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісінің ішкі және сыртқы түрлері бар.Сыртқы ағарту басқа мекемелер мен ұйымдардың іске кірістірілу мүмкіндігін қарастырады(коцерт залдары,кітапхана,мұражай т.б.)

Ішкі ағарту болып есептеледі егер алынған ақпарат қосымша білім беретін мекеменің біреуінде ұйымдастырылса сонымен қатар бір балалар бірлестігі екінші балалар ұжымына ақпарат көзі болып табылса.

Қосымша білім беретін шығармашылық бірлестіктер мен педагогтаршағын аудан тұрғындары,мектеп оқушылары т.б. аудиториялар үшін ағартушы рөлінде көрінеді.Ағарту ісі барысында педагогтың қандай мотив түрін белсендендіргендігі, қоытынды шығаруда және талдауда қандай нәтижеге ерекше мән бергендігіне байланысты ағарту ісі оқушылардың оқудағы жетістіктерін ұсыну немесе әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру әдісі ретінде қарастырылады.Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту кеңістіктік – уақыттық сипатына және әлеуметтік тәрбиенің басқа компоненттерімен байланыстылық деңгейі бойынша бағдарламалық және стихиялық болып бөлінеді.Бағдарламаның ағарту мекеменің бағдарламасын асырумен қатаң түрде байланысты,ол жүйелі түрде оқу процессіне кірістірілген.Ағарту ісінің бұл түрі « Мектеп » моденіне жауап беретін мекемелер мен бірлестіктер үшін дәстүрлі болып табылады.Оның негізгі міндеттері – білім мазмұнын кеңейту,пәнаралық байланысты орнату,оқу барысында балалар меңгеретін мәдениет өнімдері мен құбылыстарының аспектілерін ашу.

Бағдарламалық ағарту сонымен қатар «квазикәсіби клуб » моденінде де ұйымдастырылады. « Квазикәсіби клуб » және « Мектеп » моденіндегі бағдарламаның ағартудың мазмұны педагог білім бағдарламасының тар мамандануын түзету мақсатында жобалайды,

«Станция» және «Студия» модельдерінде бағдарламалық ағарту білім мазмұнының прагматизмін компенсациялайды. « Станция » моделінде білімнің мамандандырылуы орын алады.Жүйелі ағарту теметикалық тұрғыдан білім мазмұнымен байланысты,бірақ балаға сол мазмұнның әлемнің жаратылыстықғының көрінісіндегі рөлін және орнын түсінуге көмектеседі.

«Табиғи клуб» моделінде балаларды жүйелі оқвту жүргізілмейді : Білім әлеуметтік тәрбиені компонентіретінде ұсынылады.

Қарым – қатынас клубындағы бағдарламаның ағарту балалар ұжымы үшін өзекті міндетті шешуге бағытталғанқандайда бір іс - әрекеттер когнетивті қамтамасыз ету ретінде ұйымдастырылады.Мысалы : жоғарғы сынып оқушылары мекеменің аймағын ретке келтіру,гүл,терек егу жөнінде шешім қабылдайды.Қойылған міндеттердің келесі бөліктерін анықтап алған жөн : ауланы көгерту үшін қандай өсімдіктер қолданылады,топырақты және отырғызатын материалды қалай дайындау керек,ауланы декорлау бағыттары мен стилі бар екенін анықтау.

Ақпарат алу үшін балалар келешекте білім алмасу үшін әдебиеттерді меңгеру ді ұйымдастырады,мамандандырылған мекемелерге кеңес алуға барады т.б.Білім көлемі үлкен,оларды алу әдістері алуан түрлі болады,қандай білім алу қажеттігі ғана емес,сонымен қатар оларды алу формаларын сипаттайтын бағдарламаны өңдеуді талап етеді.

«Табиғи» клубтарда ағарту ісінің бағдарламасы ортақ қызығушылық немесе мәселе жөнінде терең жан-жақты білімі бар адамдармен кездесуді ұйымдасыру түрінде құрылады.Мұндай адам шақырулы ересек адам,сол клубтың мүшесі немесе соған ұқсас бірлестіктің мүшесі болуы мүмкін.Әдетте кездесулерде коллекциялар,фотолар,жеке архивтерден видеоматериалдар қарастырылады.

Табиғи клубтарды психологиялық қарым – қатынас саласындағы ағарту бағдарламалары танымал.Мұндай бағдарламалар жасөспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларына өзара әректтестіктің субъектісі ретіндегі өзі туралы түсінігін кеңейтуге,қатынас орнату ережелері мен әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісінің бағдарламасы мейрам,шараларды ұйымдастыруға мүмкіндігін береді.

Стихиялық ағарту жағдайлық түрде бірлестіктің өмір іс - әректінденемесе семантикалық оқу барысында пайда болатын сұрақтарға жауап формасында жүзеге асырылады.Проблемалық жағдай білім мазмұнын меңгеру барысында сонымен қатар бірлестіктен тыс жерде отбасында т.б. пайда болуы мүмкін.Осылайша қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісі былайша пайда болады.

- балалар мен педагогтардың қарым – қатынас процессін қолдау,ұжым жобаларын орындау,стихиялы экспедиция мен сараманға қатынасу.

- тар мамандандыру мен білім прагматизмін бағдарламаны компенсация.

Ағарту ісінің кең тараған формалары: дәрістер,әңгіме,экскурсиялар т.б.

Дәріс – қандай да бір сұрақтар бойынша көз – қарастардың бірлігін монолог түрінде демонстрациялайтын түсінік.Дәрістің негізгі міндеті қандай да бір мәселені кәсіби комментариялау,бұл өз кезегінде тыңдаушының ақпаратта бағыт бағдарлануына мүмкіндік береді.

И.М.Юсупов санаға ауызша сөйлеу арқылы әсер етудің негізінде жатырған принциптерді атайды:

1.Ақпараттың қол жетерлік деңгейде болуы.

2.Аргументациясы

3.Қарқындылығы.

4.Байланыстылығы.

5.Көрнектілігі.

6.Экспрессивтілігі.

7.Анықтамалығы,түсініктілігі.

Дәріс сыналушы үшін ақпараттық мәнде айқын болуы керек.Басынан бастап әңгіменің тақырыбын, монологтың міндетін анықтап алу қажет.Дәрістің аяқталуы барлық негізгі тезистердің міндеттерінің қайталануымен байланысты.Дәрістік қатынас тыңдаушылармен қатынас орнату және өзара әрекеттестікті моджельдеуді қарастырады.Дәріске дайындалуда аудиторияның құрамына және олардың не күтетіне бағытталу керек.Лекция ақпаратты демонстрация лау болып табылады.Мұнда тыңдаушылардын зейіндерін басқару үшін түрлі көрнектіліктер т.б.тәсілдер қолданылады.Әуендік ағарту ісінде лекцияларда үнтаспадағы жазбалар тыңдалады,артисттер қатынасады.Қолданбалы өнерге арналған дәрістер көрме түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Бағдарламалық ағарту ісінде кино,видео,телефильм,спектакль,концерт т.б.көру әдісі белсенділігі қолданылады.Бұл формаларда өзара әрекеттесетін субъектілерінің екі қызметі бар – көрермен және ұйымдастырушы.

Кино,видео т.б. көрудің тәрбиелік мәні екі жағдайда қалыптасады:

1)демонстрацияланатынның мазмұны.

2)көру процесінде өзара әрекеттестіктің сипаты.

Әлеуметтік тәрбиеде кино,видео т.б. көрудің қолдану әдісі келесі позицияларды кірістіреді:1.дайындық.2.көрудің жүзеге асуы.3.көргенде,сезінгенді талқылауды ұйымдастыру.Ең алдымен педагогикалық негізгі түрде қарайтын объектіні таңдау өте маңызды.Дайындық долашақ көрерменлердің эмоционалдық бағытын қарастырады.Бағдарламалық ағарту жүйелі, мақсатта болады,сондықтан баланың тек белгілі бір шараларға ғана емес, педагогтар жобарлаған барлық циклде тұтас қатынасқаны жөн.Ағарту ісі бағдарламасының аудиториясының тұрақтылығын ұстап тұру үшін абонементтер қолданылады.Абонемент дегеніміз бұл – ағарту ісінің шаралары, өткізілу орны,уақытты аудиториясы бойынша біріктірілген бүкіл циклдің бағдарламасы.Абонемент балаға ұсынылған мазмұнды бағыт бағдарлануға, оның даму логикасын ашуға ,өзі үшін оның мәнің анықтауға және өз уақытын ұйымдастыруға көмектеседі.

Ағарту ісінің кең тараған формасының бірі – экскурсия болып табылады.

Экскурсия – қандай да бір экспозицияларды демонстрациялау мақсатында қатынасушылардың қозғалуын арнайы ұйымдастыру.А.Е.Сейненскидің экскурсияны келесідей түсінуді ұсынады.:« Көрме,мұражай немесе табиғи жағдайларда түрлі заттар мен құбылыстарды бақылау мен зерттеуге мүмкіндік беретін оқыту – тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формасы ».Автордың айтуынша экскурсия сәтті өтуі үшін алдын ала жоспар жасалып,маршрут анықталып,оқушылар үшін тапсырмалар мен сұрақтар құрастырылуы керек.

Бүгінгі күні электрондық тәсілдердің кең қолданыс табуынан виртуальді экскурсиялар кең тараған.Мұндай өзара әрекеттестік « көру » немесе « қарау » формасына жатқызылуы мүмкін.Экскурсияларға қатынасушылар екіге бөлінеді:

1.Бақылауды ұйымдастырады,кеңес береді,қажет мәлімет береді.

2.Өз бетінше жұмыс жасайтындар:фотоға түсіреді,видеожазба,магнитафондық жазба жасайды.Осыдан экскурсия көмегімен шешілуі мүмкін ағартудың негізгі міндеттері шығады.

1.Қандай да бір ақпаратты оқушының меңгеруі.2.Ақпаратты білігін дамыту.3.Әлеуметтің мәдени объектіге өз қатынасын сезіну.

Бірінші міндетті шешуде экскурсант үшін жаңа субъективті нәрсе демонстрацияланады:жасалған экспозиция (мұражай,көрме);табиғи объект(табиғи ландшафт);архитектуралық ескерткіш;тарихи қайраткер немесе оқиғамен байланысты ескерткіш орындар;өндірістік орындар т.б. Бұл жағдайда педагогтың өзі экскурсовод рөлін атқарады немесе маманның қызметін пайдаланады.Балалар экскурсант рөлінде болады.

Екінші міндетті шеше отырып экскурсия балалардың қатынасуымен дайындалуы мүмкін.Бұл кезең қорытынды кезең балалар өз бетінше әдебиет көздерімен танысып,сауалнамалардың көмегімен аұпарат жинайды.Бұл жағдайларда балалардың бір бөлігі немесе барлық балалар рет – ретімен экскурсоводқа айналады.Экскурсияның маңызды кезеңі – оның талқылануы.

Үшінші міндетті шешу – ақпаратты жалпылау,оның меңгерілу деңгейін тексеру емесбаланың көрген,естіген нәрсесіне қатынасын анықтау.

Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісін ұйымдастырудың өзіндік формасы сонымен қатар экскурсия мен кино,видео т.б. қараудың маңызды элементі әңгіме.Әңгіме бұл тек ақпарат,тәжірибе,норма,мәдениет құндылықтарымен алмасу ғана емес,сонымен қатар өзің және қоршағандар үшін өзінің психологиялық сапаларыңды ашу.Бұл ерекшеліктер әңгіме баланың интеллектуалдық және тұлғалық дамуының күшті әдісі болып табылады деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.Оның негізінде диалогтық қатынас жатыр, онда тыңдаушы немесе сөйлеуші жоқ,қатынасушылардың барлығы белсенді:Әңгіме барысында әр оқушы ақпараттыалады және ұсынады,осы кезде олардың ес,ойлау,зейін процестері жақсара түседі.Әңгіменің сәттілігі екі қатынасушының бірін – бірі қабылдауына,алғашқы қатынас орнатуына тәуелді.

Әңгіме барысында педагог үшін әлеуметтік қабылдау стереотиптерініңықпалына түспеу маңызды.Екінші стереотип – педагогикалық көптеген педагог – практиктер әңгіме - өлендетілген дәріс деп есептейді.Шындығында әңгіме педагогтың аудиторияға ақпарат беруі емес,әңгімелесушілер арасындағв пікір,позиция алмасу.Педагог әр қатынасушының пікірін тыңдау дайын болуы керек.И.М.Юсупов әңгіме барысында үш кезеңге бөледі:1)әңгіменің басы.2)ақпарат алмасу.3)қандай да бір шешім қабылдау.Педагогикалық әңгіме әдетте тақырып және міндеттермен таныстырудан басталады.Балалар әңгімеге белсенді қатынасу үшін стиул беру,яғни ашық түде сұрақтар қойылуы керек.Әсіресе әңгіменің тақырыбын ұстану үшін сұрақтар және ойлануды талап ететін сұрақтар қойылады.

Әңгіме барысында баланың біреуі өзіне назар бөлгізуі үшін әңгімені тақырыптан ауытқытатын тақырыпта болады.Онда балаға бір жақты жауапты талап ететін ж абық сұрақ қойылады.Әңгіме кезінде педагогтан пікірді нығайту немесе өзгерту талап етілетін жағдай туындауы мүмкін.Бұл үшін келіспеушілік нейтрализация мен тезистердің аргументциясының түрлі тәсілдері қолданылады.Айналасында қарама – қайшы пікірлер қалыптасатын,жастар ортасындағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін пікір талас сияқты ағарту жұмысының формасы қолданылуы мүмкін.Пікір – талас ( лат қарастыру – зерттеу)

- Қандай да бір сұрақты баспа беттерінде,жиналыстарда талқылау

Педагог пен балалардың қарым – қатынасының ішкі құрылымы бойыншапікір – талас әңгіме сияқты кеңістіктін – уақыттың ұйымдастырылу формасы бойынша алуан түрлі: Пікір таластың оның қатынасушылары үшін өзекті болуы керек.Алдын ала сауал жүргізілу ұсынылады.

Пікір таласты бастапқы дәрістен бастау керек,ол мәселені ашып, талқылау үшін материал ұсынады.Мұнда видеофрагменттер,интервьюлер қолданылуы мүмкін.

Пікір таласта реттелетін пікір алмасу.

Жетекші пікір - таластың қызметінің толық емес тізімі – талқылау инициациясы, регламентті ұстану,этикалық нормалар мен ережелерді ұстану,аралық қортындылар жасау.Пікір – талас сәтті болады егер қатынасушылар тобы түрлі позицияларды ұстанса.

Эрудиттер – қоғамдық өмірдің түрлі сферасында еркін болып бағдарланатын, кең ақпараттанған қатынасушвлар.Идеяның генераторы – топтың саясатын анықтап,тезистерді ұсынған қабілетті қатынасушы.Аналитик - өзінің қаламдасу мен аппоненттер командасының аргументациясының әлсіз жерін анықтауға қабілетті,іс- әрекетті бағылауға бағытталған қатынасушы.Технолог – орындаушы, топтың идеясын қортындылап аяқтауға жеткізетін қатынасушы.

Пікір таластың келесі түрлері бөлінге:дөңгелек стол,эксперттік топтың отырысы,форум,симпозиум,дебаттар « аквариум » техникасы (М.В.Кларин)

Дөңгелек стол - әңгімелесу,мұнда кіші топтың барлық мүшелері қатынасады,(әдетте бес адам шамасында) қатынасушылар және аудитория арасында пікір алмасу жүреді.Эксперттік топтың отырысы (панельдік пікір талас) әдетте 4-6 тәрбиелеуші қатынасады,төрағасы алдын ала тағайындалады.Топтағы талқылаудан кейін аудиторияның өз позицияларын ұсынады.Әр эксперт үшін қысқа мерзім беріледі.Форум эксперттік топтың отырысына ұқсас,айырмашылық финалдық кезеңде де пікір алмасуға барлық аудитория қатынасады.Дебат әдетте екі команда скипперлер судья, таймкипер қатынасады.Дебаттың мәні – студьға аппоненттің аргументіне қарағанда өз аргументінің жақсы екенін дәлелдеу.

Симпозиум – ароторлар өз хабарын автономды хабарлайды.Оратор өз сөзінен кейін аудиторияның сұрақтарына жауап береді. «Аквариум» техникасы – екі көзқарастың қарама – қарсы қойылуы,әр топ өз пікірін қорғап шығуы керек.Пікір – талас мұнда жанашырлар ортасында болады. « Аквариум » техникасының алгоритмі.(М.В.Кларин)

- Мәселенің қойылуы,балалар бірлестігіне ұсыну.

- Қатынасушылардың екі топқа бөлінуі.

- Топта өкілдерін таңдау,өкіл топ алдында таңдаған позицияны қорғайды.

- Топта жұмыс жасайды – мәселені талдау, көзқарасты анықтау.

- Топ өкілдері мәселені орта алдында талдап,талқылайды.

- Үзіліс (таймаут) топ өкілдерінің топ мүшелерімен кеңесуі үшін беріледі.

- Талқылауды аяқтау.

- Барлық қатынасушылардың пікір – таласты талдауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет