Зерттеу жұмысының әдістері: Педагогика, философия, психология, бейнелеу өнері теориясы, сәндік қолөнері және дизайн теориясы мен тәжірибесі, бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге талдау; қолөнері және дизайн типтік және оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарына талдау; Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында жаңа инновациялық технология бойынша оқыту тәжірибелеріне, озық үлгілеріне талдау жасау; Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында жаңа инновациялық технология бойынша оқыту арқылы білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізу; білімгерлердің оқу және шығармашылық жұмыстарын сараптап талдау; оқу-шығармашылық қызмет барысында білімгерлермен сұрақ-әңгіме нәтижелерін талдау;
Тәжірибе жүргізу барысында білімгерлерге дәріс сабақтарының үлгілері (Қосымша А), «Қазақстан кәсіби шебер-қол өнер көркем туындылары қазіргі сәндік қолданбалы өнеріміздің "ұлттық моделi"» атты арнайы курстың бағдарламасы (Қосымша Б), Қазақстан сәндік қолөнері туындылары арқылы білімгерлердің зергерлік қол өнер пәні аясында көркемдік қиялын белсендіру бағыты бойынша тест сұрақтары (Қосымша В), Бақылау сұрақтары (Қосымша Г), білімгерлерге арналған анкеталық сауалнама сұрақтары (Қосымша Д).
- Қолөнері пәні бойынша 2 курс студенттеріне өз беттерімен жеке дара жұмыс формаларында аталған пән бойынша “Қазақстан кәсіби ұлттық сәндік қол өнер ұста, шеберлердің шығармашылық жолдары мен көркем туындылары” тақырыбында дәріс оқып талдау;