Қаңтардың оны Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің тақырыбы мен идеясы»
10.2.4.1 көркем шығармадада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; 10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану.
Мақсаты:
Фантастика, фантас –сөздеріне түсінік
Ғылыми фантастикалық жанр деген не?
Ғылыми фантастика (ағылш.scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.
Фантастика (гр.phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.
Талап Сұлтанбеков — 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы.Алтынсарин атындағы (Мамания)орта мектебін күміс медальмен,Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген.Әкесі Сұлтанбек Берсүгіров-ақын Ілияс Жансүгіровтің немере інісі. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. 1953-1995 жылдары Семей облысының Абралы ауданында және Алматы облысы Қаскелең ауданында мұғалім болып еңбек еткен.1955-1970 жылдары Алматы облыстық (қазіргі<<Жетісу>>) газетінде жауапты хатшының орынбасары,республикалық <<Қазақфильм>> киностудиясында
қызмет істеп,500-ден астам көркем фильмді қазақ тіліне
Ақыл арымас, Алтын шірімес. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір. Ел іші – алтын бесік. Алтын тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен.
Білген үстіне біле түс
Міне, қызық!
Ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты адам қиялы, фантастика болып көрінген жайттар уақыт өте келе жүзеге асып жатады.Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінің мазмұны кезінде орындалмайтын арман сияқты болып көрінгені сөзсіз. Алайда бұл- қазіргі күнделікті тұрмыстағы үйреншікті жайт. Сондай-ақ ХІХ ғасырда өмір сүрген орыс жазушысы Владимир Одоевский интернеттің пайда болатынын 1837 жылы «4338 жыл» деп аталатын романында болжап жазған.