Өскемен қаласы әкімдігінің Зәки Ахметов атындағы



Дата23.04.2020
өлшемі16,05 Kb.
#64289
Байланысты:
№16 МЕКТЕП ЕРКЕЖАН МИНЕЗДЕМЕ
ЕРКЕЖАН ШЖМ ЛЕКЦИЯ жане постер 22.04.2020, 9. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы ққб ЖАНЕТТА

Өскемен қаласы әкімдігінің

Зәки Ахметов атындағы

«№16 орта мектебі» КММ

1 «Г» сыныбында іс-тәжірибеден өткен

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің

Жоғарғы колледжінің IIІ - курс студенті

Назарбекова Еркежан Ержанқызына

Мінездеме

Назарбекова Еркежан Зәки Ахметов атындағы Өскемен қаласының әкімдігінің «№16 орта мектебі» КММ 14.10.2019 - 15.11.2019 жж мерзімі аралығында “мектептегі байқау практикасы” педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибеден өту барысында өзінің жетекші мұғалімі Ибраимова Жадра Каримовнаға көмектесті.

Білім беру үрдісі мен педагогикалық тәжірибеге Назарбекова Еркежан жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарады. Білім беру және дамытушылық тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білді. Берілген тапсырмалармен жұмыс жасап уақытында тапсырды. Өз ісіне адал, тапсырған істі ұқыпты әрі тыңғылықты орындайды.

Назарбекова Еркежан бойында ерекше қасиеті ұйымшыл, көпшіл және жауапкершілігі мол. Іс- тәжірибеге келген уақыттан бастап сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық жағынан бақылап зерттеді. Тәрбие мен білім беруде уақытпен санаспай өз ісін сүйіп, қиындығы мен қызығы мол мамандықтың қыры мен сырын түсіне білуге тырысты. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Зиянды әдеттері, оғаш мінезі жоқ.



Педагогикалық және шығармашылық қабілеттерін өте жақсы деп бағалай келе, болашақта Назарбекова Еркежан үлгілі оқытушы болады деп нық сеніммен айтуға болады. Өткізген іс- тәжірибесін « 5 » деп бағалаймын.

Мектеп директоры: Г.И.Нарбинова

Сынып жетекшісі: И.Ж.Каримовна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет