1394 ж. Каирге хат жолдайды. 1395 ж. Константинопольды қоршайды. Крест жорықтары салдарынан тоқтатылады. 1396 ж. Никополюс шақасында жеңіске жетеді. Константинопольды тағы қоршаған кезде Темірлан әскерінің келуімен тоқтатылады. Алып аймақтарды билеп келе жатқан Темірлан Кіші Азияға шабуыл жасап тоқтайды. 1399 ж. Темірлан әскері қайта жорық жасайды. 1402 ж. 28 шілде айында екі жақтың Анкара маңындағы шайқасты Османлылар Темір әскеріне қарсылық көрсете алмайды. Шапшаң Сұлтан Баязит тек бір ғана шайқаста жеңілді, ол Анкара шайқасы. Бұл жеңіліс ел ішінде өзара соғысты туғызды. I Баязиттің ұлдары Иса, Мұса, Сүлеймен және Мехмет арасында соғыс болды. Мехмет жеңіп билікке келді. I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан әбден әлсіреген мемлекетті қайта қалпына келтірді. Әділ, момын, бейбітшіл және білімді деп сипатталды.
II Мұрат (1404-1451) өте қайратты билеуші болды. Оның тұсында османлылар өзінің ескі иеліктерін қайта қайтарды.