Основы массопередачи



бет21/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
қосымша

Дифференциальды--контактылы экстракторлар

Гравитациялық экстракторлар (сыртқы энергияны келтірмей)
Шашыратқыш колонналар. Шашыратқыш колонналар ішінде тек ауыр мен жеңіл фаза кіретін қондырғы жартылай колонна болып табылады. ХІІІ-19 суретте шашыратқыш экстрактор көрсетілген.
Шашыратқыш экстракторлар жоғары өндіргішімен жэне массаберісінің қайтымды араласуының төменгі интенсивтілігімен ерекшеленеді. ВЕП-тің үлкендігі бірнеше метрге жетеді. Бүл оның өндірісте шектеулі болуының негзі болып табылады.
Сөрелі колонналы экстракторлар. Сөрелі экстракторлар құрылғысы әртүрлі табақшалы-бөгендері бар колонналарды құрайды. Бөгендер кезектесіп келетін дискілі және сақиналы (ХІІІ-20 сурет) немесе барометрлі конденсаторларда (XIII-20, а суреті) сегментті кесінділері бар жазық табақшалар немесе ХІІІ-20,б көрсетілгендей қималары бар дискі. формасында болады. Көршілес сөрелер қашытығы 50-150 мм. Тамшылар коалесцирленіп жазық фазамен шайылатын бөгеннен жұқа қабық түрінде өтеді. Сөрелі колонналарда масса алмасудың қарқындылығы шашыратқыш колонналарға қарағанда жоғары.
Қондырмалы және илеуішті колонналы экстракторлар.
Бұл экстракторлар негізі бойынша абсорцияда және басқа да масса алмасу үрдістерінде қолданылатын әдеттегі қондырмалы және илеуішті колонналардан ерекшелінбейді.
Қондырмалы экстракторларда қондырма тіреуіш торларада 2-10 колонна диаметрінің биіктігі бойынша қабаттар болып орналасады. Қондырмалар бұлай орналастырылғанда сұйық олардың арасындағы кеңістікте қосымша араластырылады. Фазалардың бірі таратқыш құрылғының көмегімен дисперленеді және колоннада қарсы ағынмен жазық фазаға жылжиды. Қондырмадан өткеннен кейін тамшылар бірнеше рет коалесцирленеді және қайта бөлшектеледі. Олардың соңғы коалесценциясы және диспергерленетін фазаның қабаты колоннаның тұндыру зонасында өтеді.
Қондырма ретінде көбінесе керамикалық қондырма (Рашиг сақинасы) қолданылады. Қондырмалы экстракторлардың жұмысының гидродинамикалық жағдайы үшін қондырма материалының сұйықпен ылғалдануы басты болып келеді. Фазалардың беттесуі беті диспергерленетін фаза тамшыларының бетімен анықталуы үшін жазық фаза дисперлеуші фазаға қарағанда қондырманы жақсы ылғалдандыруы керек. Олай болмаса тамшылар жабынға қосылады да фазалардың беттесу беті қондырманың геометриялық бетімен шектеледі.
Илеуішті экстракторда диспергирленетін фаза XIII-21 суретте көрсетілгендей илеуішті табақшалардың саңылаулары арқылы өтіп тамшыларға және ағындарға ыдырайды, одан кейін олар табақ арасындағы кеңістікке таралады. Жазық фазамен әрекеттескеннен кейін тамшылар коалесцирленеді және әрбір жоғары орналасқан табақ үстінде жеңіл фаза қабатын түзеді. Егер ауыр фаза диспергирленетін болса, онда бұл сұйықтың қабаты табақшалар астында түзіледі.
Барлық гравитациялық экстракторлар қозғалғыш бөліктің жоқ болуына негізделіп құрылысының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл аппараттардың құны және эксплуатациямен байланысты шығындар үлкен емес. Бірақ гравитациялық экстракторларда масса алмасу қарқындылығы төмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет