Основы массопередачи


Сыртқы энергия келтірілетін экстракторлар



бет22/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
қосымша

Сыртқы энергия келтірілетін экстракторлар.
Мұндай типті үздіксіз жұмыс жасайтын колонналы экстракторларды қазіргі кезде өндірісте көп қолданады. Бұл топтағы аппараттарға механикалық араластырғышы бар роторлы дискілі экстракторлар (ХІІІ-22) жатады.
Роторлы-дискілі экстракторлар. ХІІІ-22 суреттегі экстракторда корпустың ішінде бір-бірінен арақашықтығы бірдей сақиналы қалқа орнатылған. Колонна өсінің бойында вертикалды түрде білік немесе ротор жэне оған горизонтальді сызықтармен диск орнатылған. Ал ол айналдырғыш арқылы айналады. Ротордың дисктері қалқаға симметриялы орналасқан, яғни қалқа арасындағы диск колонна секциясын құрайды. Сақина мен дисктер бойлай араластыруға кедергі жасайды. Колоннаның араластырғыш зонасына жоғарғы жэне төменгі түндырғыш зоналар жалғасады.
Фазаның біреуін (жеңіл фаза) бөлгіштің көмегімен дисперленеді де колонна секциясында ротордың дискілері арқылы көп рет редисперленеді. Фазаларды араластырғаннан кейін оның сақиналы қалқадан өткеннен кейін фазалардың тығыздығының эртүрлігіне байланысты жиігірек бөлінеді. Сол уақытта жеңіл фаза жоғарыға көтеріледі, ауыр фаза төмен түседі де келесі араластыру процесі жүруі үшін ротордың сэйкес дискілерімен алып қалынады.
Араластырғышы бар басқа құбырлы экстракторлар.Бұл типті аппараттар араластырғыш құрылығыларының болуымен ерекшеленеді. Құбырлы аппаратта (XIII-23, а сурет) араластырғыш дисклердің орынына ашық турбинді аралстырғыштар қолданылады, ал оның қабырғаларына араласуды жақсартатын қозғалыссыз тік кескінді бөгеттерді орналастырады. Араластырғыштар қозғалыссыз сақиналы бөлгіштермен шектелген.
Құрылғысы басқа эксракторда (XIII-23,б суреті) әрбір секцияға сақиналы бөгетерден басқа қосымша көлденең дисклер түрінде бағыттаушы бөгеттер орналастырылады. Көлденең дисклер арасында тік торлы қалың қабатты сақиналы формалы бөгеттер қыстырылған. Мұндай сақиналы торлы бөгеттер көмегімен тамшылардың коалесценциясы жеңілденеді және фазалардың жақсы бөлінуі болады.
Мұндай құрылысты аппараттарды дифференциалды-контактылы типті экстракторларға жатқызуға болады. Жұмыс істеу принципі бойынша құбырлы араластырғыш-тұндырғыш экстракорларына жатқызуға болады.
Үздіксіз әреке ететін құбырлы механикалық экстракторларда бір фаза екіншісімен жақсы диспергирленеді және масс алмасу қарқындылығы жоғары. Бұл аппараттар аз өндірістік аудан алады және эксплуатациялауда сенімді. Олардың кемшіліктері: сатылар саны артқанда (6-8 көп) ротордың құрылысы күрделенеді және аппараттың биіктігі ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет