ӨСӨЖ №1: Менеджмент және педагогикалық менеджмент туралы ғылыми әдебиеттер мен мақалалар



Дата06.12.2023
өлшемі14,9 Kb.
#195264
Байланысты:
1) Срсп мониторинг


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих және дінтану кафедрасы
Тарих факультеті


ӨСӨЖ №1: Менеджмент және педагогикалық менеджмент туралы ғылыми әдебиеттер мен мақалалар

Орындаған: Ещанов Нұрлыбек


Тексерген: Мәден А Т
Педагогикалық жүйелерді басқарудың екі негізгі бағыты бар: жүйелік жəне жағдаяттық. Педагогикалық менеджментке жүйелік сипат тəн. Жүйені өзара белгілі байланыстар пайда болатын элементтер жиынтығы десек, педагогикалық жүйе бір бірімен өзара тығыз байланысқан иерархиялық құрылымдардан тұрады.Психологиялықпедагогикалық сөздікте: «Педагогикалық менеджмент іс əрекеттік жүйе ретінде оған мынадай құрылымдық-функционалдық жəне жүйе құрушылық факторлар енеді: іс-əрекеттің мақсаты (жоспарланған, күтілетін нəтиже), ісəрекеттің субьектілері, (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар жəне т.б.), іс-əрекеттің обьектісі- жетекшінің жарлығын орындаушы (оқушы, оқытушы, директордың орынбасары т.б.), іс-əрекеттің мазмұны (оқу, басқару т.б.), іс-əрекет тəсілдері (оқытушылар мен оқушылардың, жетекшінің оқытушылар мен оқушылардың өзара ісəрекетінің стильдері мен əдістері)»- деп анықтама береді. Жүйелік басқаруда басқарудың мақсаты, міндеттері, технологиялары, адамдар, басқару құрылымы өзара байланыста, бірлікте қарастырылуы ескеріледі.
Жағдаяттық басқаруда туындаған жағдаятқа байланысты оны шешуде ең тиімді деп қабылданатын əдіс, тəсіл ескеріледі.Педагогикалық жүйелердің қызмет етуіне қажетті бірден бір фактор - белгілі бір кезеңде қалыптасқан қоғам талабына сай əлеуметтік сұраныс. Н.В.Кузьмина педагогикалық жүйелердің мақсатқа бағыттылығын төмендегі белгілеріне қарап ажыратуды ұсынады, олар:қоғамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыруы тиістігі; қоғам əрекеттерінің белгілі бір мақсатты көздейтіні жəне соған сəйкес қадағаланып отыратыны; белгіленген
мақсаттың жүйенің барлық компоненттеріне қатыстылығы; мақсаттың басты иелері ретінде жүйе басшылары, педагогтар мен білім алушылар қажеттігі. Педагогикалық жүйелер қоғамда адамдардың белгілі бір категориясын (балалар, жастар, ересектер) тəрбиелеу, оқыту, немесе, даярлауға қажеттілік айқын байқалған жағдайда құрылады. Педагогикалық жүйелер бір-бірінен мақсаты бойынша (балабақша, мектеп, кəсіби білім, оқыту процесі, т.б.) ажыратылады жəне олардың бəрін ортақ мақсат біріктіреді
білімді, тəжірибені беру, тұлғаның белгілі бір жеке қасиеттерін, қарымқатынасын тəрбиелеу. Сонымен, педагогикалық мақсат – кез-келген педагогикалық жүйенің құрылуының маңызды компоненті.Педагогикалық жүйе қоғамда адамдар меңгеруге тиісті белгілі бір ақпараттар жүйесі жинақталған жағдайда пайда болады. Осыған сай, білім алушыларға қажетті оқу жəне ғылыми ақпарат–педагогикалық жүйенің тағы бір маңызды компоненті. Педагогикалық жүйе мақсатқа жету тəсілдері, педагогикалық ықпал ету құралдары, түрлері жəне əдістері (педагогикалық коммуникация құралдары) айқындалып, педагогикалық жүйе алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік болған жағдайда пайда болады. Сондықтан, педагогикалық коммуникацияның болуы –педагогикалық жүйенің міндетті компоненті. Кез-келген педагогикалық жүйе белгілі-бір даярлау, білім беруді қажет ететін адамдар контингенті болған жағдайда пайда болады. Білім алушылар (оқушылар, студенттер) – педагогикалық жүйенің міндетті компоненті. Педагогикалық жүйе сол жүйенің мақсатына сəйкес, белгілі-бір ақпараттық коммуникациялық құралдарды меңгерген, педагогикалық, психологиялық білімді педагогтар болған жағдайда құрылады. Педагогикалық жүйенің нəтижелі қызметі ондағы педагогтар сапасымен анықталады. Педагогикалық жүйелердің нəтижелілігін қамтамасыз ету оны басқаруды жүйелік пен тұтастық тұрғылардан ұйымдастыруды қажет етеді. Ол туралы Ю.А.Конаржевкий педагогикалық жүйені басқаруда «оның жүйелік мəнін терең ұғынбай, жүйе туралы білімдерден хабарсыз бола отырып, күрделі жүйе құрылымымен жұмыс істеу, оны дамыту, басқару, жобалау мүмкін емес» деген болатын. Əр жүйеде сол жүйені құратын, басқа құрылымдарды біріктіріп тұратын алдыңғы құрылым болады. Педагогикалық жүйеде ондай құрылымды коммуникациялық құрылым орындайды. Педагогикалық жүйе келесі компоненттерден тұрады: мақсаттың болуы - мазмұнының толықтығы - ұйымдастыру (əдістер, формалар)- ынталандыру (мотивация)- күтілетін нəтиже. Педагогикалық жүйенің осы құрылымдары басқарудың жеке обьектісі болып саналады.Педагогикалық менеджменттің басты мəні осы құрылымдарды өзара байланыста қарастыра отырып, оларды жоғары тиімді нəтижеге ортақ қол жеткізуге бағыттау. Əр жүйенің өзінің менеджменті бар: жүйе неғұрлым үлкен болса, басқару деңгейі де соғұрлым жоғары болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет