ОсөЖ 3-апта Тіл онтогенезі және психолингвистика Дайындаған: Молдашева Ә,Қтә-402 Тексерген



Дата16.11.2022
өлшемі18,67 Kb.
#158572
Байланысты:
Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


ОСӨЖ 3-апта
Тіл онтогенезі және психолингвистика

Дайындаған:Молдашева Ә,Қтә-402
Тексерген:Алдашев Н
2021-2022 ж
Тіл арқылы ойымызты басқа біреулерге жеткізуді сөйлеу деп атаймыз. Сөйлеу– пікір алису процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдартың арасында өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алису үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қанна қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамтық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік аллоты. Тіл ғылымы мен психология пәнінің сабақтасқан букины– психолингвистика ғылымының зерттейтін міселелері – тіл мен ойтың байланысын және өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі, психология, логика, социология, тарих т.б ғылымдар тұрғысынан қарастыру, тіл мен сөйлеу әрекетінің және психикалық процестері мен өзектігі сияқты жайттар.

Жаңа туылған баллада тыбысқа ұқсас реакциялар (жила у, іңгәләу т.б ) байқалғанымен, бұларда дыбыстық болмайды. Жеке дыбыстартың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілденуінен (дауысты, дауыссыз тыбыстартың қосылуынан пайда болатын рекциялар) жақсы көруге болады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген – әйгілі мамандар Л.С Выготский мен Щвейцария психологі Жан Пиаже. Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересектердің дұрыс және мағыналы сөйлеуі үлкен әсер етеді. Өйткені балалар оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды. Ол басқа балалардың, тіпті үлкендердің сөздерінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни балалардың «тіл сезімі» күшті болады.




Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатыдан тұрады:
1. Сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың 2 айлығынан 11 айға дейін.
2. Баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі – 11 айдан 1 жил 7 айға дейінгі аралық.
3. Бала тілдің граматтикасың меңгере бастайты.
Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытаты,
Психолингвистика (фр. linguistigue — лат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет