Биохимиялық анаплазия. Қалыпты жағдайдаәрбір ткән өзіне ғана тән ферменттер түзеді.Бұл кезде әрбір фермент осы ткәнге тән изоферменттердің жиынтығымен сипатталады.Ісіктерде бұл ерекшелік жоғалады, изоферменттердің саны азаяды, ферменттер монотонды юолады немесе изоферменттік қарапайымдану дамиды. Изоферменттердің жиынтығы әртүрлі ісік ткәндарында біркелкі сәйкес болады. Кейде, керісінше, биохимиялық күрделілену байқалады.Ісік клеткаларының бір ерекшелігі, ол өсуге қажетті энергияны көмірсу заттарының гликолиздік ыдырауынан алады. Оттегі түсуіне қарамай аэробты гликолиз жалғаса береді. Гликолиздің қарқындауы нәтижесінде көмірсулар алмасуының аралық өнімдері ( сүт қышқылы ж.б.) ісік ткәнінде жиналып қалады, pH төмендеп, ацидоз дамиды.
Ісік клеткаларында белоктың өндірілу және ыдырау процестерінің арақатынасы бұзылады. Клеткалардың тез бөлініп, өсуіне көп мөлшерде белок түзілуі қажет. Ісіктер айналасындағы ортадан (қаннан) амин қышқылдарын көптеп сорып алады және өзіне белок өндіру үшін пайдаланады. Сондықтан ісікті «азоттың қақпаны» деп атайды.
Ісіктерде нуклейн қышқылдарының түзілу ферменттері қатты көбейген. Жоғары активті киназалар АТФ энергиясын пайдаланып, бос пуринді немесе пиримидинді негіздерден, рибозадан (дезоксирибозадан) нуклеотидтердің өндірілуін үдетеді. Ісіктерде РНК және ДНК өндірілуін ынталандыратын активті полимеразалардың мөлшері көбейеді. Керісінше, бұл қышқылдарды ыдырататын, (мәселен, дезоксирибонуклеаза, рибонуклеаза, аденаза, гуаназа ж.б.) ферменттердің деңгейі қатты төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |