«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі» мм


Қазақ тілінен 9 сынып оқушыларына фунционалдық сауаттылығын арттыруға арналған мәтіндер



бет2/2
Дата20.06.2018
өлшемі169,41 Kb.
#43469
1   2

Қазақ тілінен 9 сынып оқушыларына фунционалдық сауаттылығын арттыруға арналған мәтіндер.

Авторлары:қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері

Бердыгужинова Ақмарал Кенжебекқызы,

Оспанова Анара Асановна,

Доскеева Жанар Мәулетовна.

Түсінік хат

Көптілді тұлға даярлау міндетін алға қойып отырған бүгінгі уақыт талабы қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай меңгертілуін қажет етеді. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі, әлемдегі бес мыңнан аса тілдің бірі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданысқа енуінде үздіксіз білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту сапасын арттыру маңызды фактор болып саналады.

Бұл тапсырмалар 9 сынып оқушыларына тыңдалым, оқылым бойынша жүйеленді. Тақырыптың ерекшелігіне қарай тыңдалым, оқылым әрекетінің түрлерін кешенді түрде қолдану міндеттеледі.

Тыңдалым, оқылымды алып отырған себебіміз,9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға, мемлекеттік емтиханға дайындау мақсатымен құрастырылған.

Көмекші құралдың тапсырмалары қазақ тілі сабақтарында меңгерген материалын қайталау арқылы, есте сақтауына, оны жете меңгеруіне көмектеседі.

Тыңдалым, оқылым әрекетіне байланысты оқушылар мәтіндерді түсініп сұрақтардың дұрыс жауабын белгілейді.

Тілді оқытудың басты мақсаты - оқушылардың қазақша сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу сияқты қоммуникативтік қабілеттерін дамыту болғандықтан, әрбір сабақтың нәтижесі оқылым,тыңдалым әрекетіне құрылған тапсырмалармен бекітіледі.

Міндеттері:

1.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру.

2.Оқушылардың байқағыштық, зейінді, ойлау сияқты танымдық қабілетін дамыту арқылы құзырлылығын арттыру.

3.Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже:

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда жағымды қарым-қатынас орната отырып, оның ішкі сезімдерін қозғап, рухани дүниесіне жол табу оқушы бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың дамуына ықпал етеді.



Шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы өз бетінше ізденеді, талаптанады, ынталанады, көп оқиды. Нәтижесінде мемлекеттік тілде еркін, дұрыс сөйлей білуге дағдыланады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет