Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет49/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Нәтижені ӛңдеу:


Келіскен жауаптарға 1-ұпай беріледі. Үш шкаланың ұпайы бӛлек есептеледі.
Суб шкала В- кінәлау (отбасы мүшелерінің кінәсі) Индивид отбасында болып жатқан жағдайға қарсы келіп, тепе-тең деңгейде ӛзіне жауапкершілікті сезінбейді және алмайды. Шкалаға келесі сұрақтар жатады: 1,4,7,10,13,16,19. Бес сұрақта келіссе отбасын кінәлауы анықталады.

Суб шкала Т- қобалжу (отбасы мүшелерінің қобалжуы) сыналушының жеке күш жұмсауынан отбасындағы жағдай ӛзгермейді. Оған: 2,5,8,11,17,20. Бес сұраққа келіссе, отбасы қобалжуы анықталады.


Суб шкала Н-қысым (отбасындағы қысым).Индивидке отбасындағы міндетті орындау кӛп күш түсіреді.Оған:3,6,9,12,15,18,21. Осы сұрақтардың ішінде бесеуіне келіссе, отбасы қысымы анықталады.


Соңынан бәрін бірге (кінәлау, қобалжу, қысым) қарастырып, отбасында қай шкаланың ұпайы басым болса, мол арқылы отбасындағы келіспеушіліктің себебін анықтауға болады.

Әдістеме: Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.


Нұсқау: Бұл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады. Сауалнаманың жауабын бекітуі 5 ұпайлық шкаладан тұрады.

  • Ешқашанда

  • Сирек

  • Оқтын-оқтын

  • Жиі

  • Барлық уақытта

Бұл әдістеме екі рет қолданылады: біріншіде сіз «шынайы» ӛміріңізде отбасы мүшелерін, қарым-қатынасты қалай бағалайсыз,екіншірет отбасылық қатынастардың қандай болса екен деп армандайсыз, яғни «идеалды»деңгейде бағалауыңызды ӛтінеміз. Екі жауапты да осы кестеде толтыруыңызды сұраймын. Жауаптарыңызды «А» және «И»әріптерімен белгілеңіз. Екеуінде де осы сауалнама анықтайды.


Вариант «А»-шынайы ӛміріңізді бағалап, жазуыңызды ӛтінемін.
Вариант «И»-идеалды ӛмірін жазуын сұраймын.
Аты жӛні Жасы



Әдістеменің сұрақтары

Ешқа
шан

сирек

анда-
санда

жиі

ӛте
жиі

1

Бізде отбасы мүшелері бір-бірінен кӛмек
сұрай алады.
















2

Мәселені шешубарысында балалардың
ұсыныстары да ескеріледі.
















3

Біз достарымыздың отбасы мүшелерін
мақұлдап ,қолдап отырамыз
















4

Балалар ӛз еріктерінше дербес мінез-құлық
түрлерін таңдай алады.
















5

Біз тар шеңберде ӛз отбасымызбен қарым-
қатынасқа түскенді жоғары бағалаймыз
















6

Бізде кез-келген отбасы мүшесі кӛшбасшы
бола алады.
















7

Біздің отбасы мүшелері ӛз ортамызға қарағанда, бӛгде адамдармен етене жақын
араласады
















8

Біздің отбасымызда күнделікті айналысатын
тірлік ӛзгеріп отырады
















9

Біз бос уақытымызды бірге ӛткізуді
ұнатамыз
















10

Отбасында жаза қолдану ата-ана мен балалар
арасында бірге талқыланып отырады
















11

Отбасы мүшелері бір-біріне ӛте жақын
екендігін сезінеді
















12

Біздің отбасымызда шешімді кӛбінесе ата –
анамыз шығарады
















13

Отбасылық мерекелерде барлығы бірге
болып, қатысуға ат салысады
















14

Біздің отбасындағы ереже ӛзгеріп отырады
















15

Біз отбасында қалай бірге отырып, шешім
шығаратынымызды елестету қиынға түседі
















16

Отбасында күнделікті орындалатын жауапты әрекеттер әрдайым бір-бірімізге ауысып
отыады.
















17

Біз шешім шығарарда бір-бірімізбен
ақылдасып, кеңесеміз.
















18

Отбасында кімнің кӛшбасшы екенін айту
қиын.
















19

Бірлік –отбасымыз үшін маңызды
















20

Отбасы мүшелерінің үйде қандай жұмысты
атқаратыны туралы айту қиын


















ГЛОССАРИЙ


Агрессия – латын тілінен тура аударғанда (aggredi) ―шабуыл жасау‖ деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға адамның ӛзіне бағытталғанбелгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық
Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
Амал, тәсіл– бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс- әрекеті. Амал, тәсілдің кӛп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді менгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді.
Ана болу – филиологиялық менизмдері, эволюциялық тарихы, мәдени және жеке даралық ерекшеліктері бар күрделі феномен.
Антипатия (грек. аntіраtһеіа: аntі-жауластық мағынасын беретін қосымша және раtһоs-сезім) – педагогика мен психологияда қолданылатын термин; жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. А.іштарту, ұнатуға қарама-қарсы мәндегі сезім атауы. Я.Л.Морено (1892-1974) түлғааралыққатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне ―симпатия‖ және
―антипатия‖ терминдерін тұңғыш рет қолданды.А.кӛп жағынан, симпатия сияқты кісінің еркіне байланысты қажет санауынан пайда болатын сезім емес. Әйтседе ол саналы түрде, құлқы бұзық, қатыгез, т.б. адамдарға қатысты моралдық бағамдаудың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін.
Аутогендік жаттығу (грек. аutos – ӛзім, genos – шығу тегі, пайда болу) – емделушіні бұлшық еттік релаксацияға, ӛзін-ӛзі иландыруға, адам зейінін әлдебір кӛріністерге шоғырландыруға және әлдебір кӛріністерге кӛз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігіи арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай білуді оқытып – үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік жаттығудың: 1) релаксацияға үйретіп, вегетативтік қызметті басқарудың куәсі іспетті мынадай екі сатысы бар: – ауырлыкты, ыстық-суықты, жылылықгы сезіну ахуалын жасау; 2) әр түрлі деңгейдегі гипноздық хал – ахуал туғызу. А.ж. медицинада,спортта, педагогикада, ӛндірісте, ӛзін – ӛзі тәрбиелеуде қолданылады.
Аутогипноз (грек. аutos – ӛзім, һурnos -түс) – ӛзге адамның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға карама – қарсы – адамның ӛзін – ӛзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. Аутогипнозға бейімделушілік: физикалық және эмоциялық хал – ахуалға, жеке тұлғалық ерекшеліктерге, физиологиялық және психологиялық функцияларды ӛздігінен басқару қабілетіне байланысты болады. А. Қазіргі уакытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады.
Ауытқушы мінез-қҧлық (Девианттық мінез-құлық) – балалар мен
жасӛспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы; оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп калуы, сондай – ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез – құлық – мінездің қылт етпе, құбылмалы, айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының ӛзіндік сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез – құлық физиологиялык және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен, адамды оның салдары үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мұмкін. Паталогиалык негіздегі ауыткымалы мінез – құлык адамды бір сәтке сана – сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс – әрекеттер (шабуыл) жасауға игермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез – құлыққа ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам ―есі кіресілі – шығасылы‖ деп танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет