Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер менгендер жиынтығы. Даму дағдарысы



бет52/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер менгендер жиынтығы.
Даму дағдарысы – кӛп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне ӛтуде байқалатын қиындықтар.
Дарындылық– үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, ӛнердің бір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3 жасында ӛз суретін салған, Моцарт 7 жаста тӛрт соната жазған. Гаусс 14 жасында ӛзін математика әлеміне танытқан. Қабілетіжан – жақсы дамыған адамды дарынды деуден гері қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан-тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шӛбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс – тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік кӛрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады.
Егіздік әдіс (Близнецовый метод) – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез – құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Жас – адам дамуынын кезеңі, организм мен тұлға қалыптасуының тән сипатты зандылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының ӛзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар ӛзгерістер тән болатын сапалық тұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезендерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезендерге бӛлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, ӛйткені әрбір кӛзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақгы тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым – қатынас ерекшеліктеріне орай анықгалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет