1.XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығында ата- аймақты басқарды:
A) Ақсақал B) Рубасы C) Би D) Ауылбасы E) Сұлтан
2.Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құралған:
A) ауыл B) ру C) арыс D) ұлыст E) жүз
3.Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі:
A) рубасы B) би C) сұлтан D) ақсақал E) ауылбасы
4.Орта жүзге жататын рулар:
A) табын, тама қаракесек, төртқара B) жалайыр, албан, суан, дулат C) арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ
D) қоңырат,керей, албан, ысты E) жалайыр, шапырашты, қыпшақ
5.Хан сайлаудың басты шарты:
A) малының көп болуы B) ақсүйек тұқымынан шығуы C) бидің тұқымынан шығуы D) Шыңғыстың ұрпағы болуы
E) феодалдар тобынан шығуы
6.Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі:
A) «Ханталас» B) «Ханталапай» C) «Бөліп алу» D) «Ханталау» E) «Бөліске салу»
7.Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:
A) Көшіп-қонуға B) Соғысты бастауға C) Салықты көбейтуге D) Егінді жинауға E) Жайылымды белгілеуге
8.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты:
A) Шаруалар. B) Дінбасылар. C) Атақты, сыйлы шонжарлары D) Егіншілер E) Ауыл басылары
9.Қазақ хандығы таптық негізгі екі топ. Олар:
А) Феодалдар мен қарапайым халық B) Егіншілер мен кедейлер C) Шаруалар мен қарапайым адамдар
D) Кедейлер мен егіншілер E) Егіншілер мен шаруалар
10.Көктеу дегеніміз:
A) жазғы жайылым B) қыстағы жайылым C) көктемдегі жайылым D) күздегі жайылым E) маусымдық жайылым
11.Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі:
A) жұт B) аштық C) қатты боран D) қатты дауыл E) қатты аяз
12.Таза малмен айналысатын шаруашылық:
A) Жартылай көшпелі B) Отырықшы C) Аралас D) Егіншілік E) Көшпелі
13.XVI-XVII ғғ. түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалған жер:
A) Қызылқұм шөлі B) Қаратау жотасы C) Сыр бойы D) Іле аймағы
E) Жетісу аймағы
14.Қозы көш дегеніміз:
A) Тоқтыларды өзеннен өткізу B) Жас төлдерді аман сақтау үшін күніне 8-10 шақырым көшіп отыру
C) Көш кезінде қозылардың жүнін қырқу D) Қозылар үшін күніне 10-20 шақырым көшіп отыру E) Малдың жаппай төлденуі
15.Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл:
A) «Қозы күзем» B) «Тоқты күзем» C) «Қой күзем» D) «Тоғыту» E) «Қозы көш»
16.Көшпелі қазақтар суық басталысымен көшті:
A) Таулы аймаққа B) Жайлауға C) Күздеуге D) Ауылға E) Көктеуге
17.Малы жоқ көшіп қонуға көлігі жоқ, егіншілікпен айналысатын кедей:
A) жатақ B) егінші C) малшы D) жұмысшы E) қараша
18.XVII ғасырдың II жартысындағы қазақ хандығының астанасы:
A) Сығанақ B) Суяб C) Түркістан D) Алмалық E) Сауран
19.Хақназар хан билеген жылдар:
A) 1480-1511 B) 1523-1532 C) 1524-1537 D) 1532-1538 E) 1538-1580
20.Қазақ хандығының құрылымы сатыдан ... тұрады:
A) төрт B) бес C) алты D) жеті E) сегіз