Ќостанай облысы Ќостанай ауданы єкімдігініњ
ҰБТге дайындық кітабы
Қой шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстан, Батыс және Шығыс Қазақстанда жақсы дамыған. Мүйізді ірі қара етті – сүтті, сүтті- етті бағыттағы шаруашылықтарға бөлінеді. Етті – сүтті бағыттағы ірі қараны Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары өсіреді Ал сүтті – етті бағыттағы мүйізді ірі қара ны қала маңында орналасқан шаруашылықтар өсіреді. Еліміздегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал түрін атасақ – сүтті – етті қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры, талас сиыры, қазақтың етті – сүтті ақбас сиыры. Жылқының түрлері: Жабы, адай, көшім, қостанай жылқысы болып беске бөлінеді. Түйе шаруашылығына – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары маманданған. Марал шаруашылығы Қазақстан бойынша тек Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында дамыған. Жібек құрты – Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі. Омарта шаруашылығы – Алтайдың, Жоңғар Алатауының, Тянь – Шаньның биік тау бөктерлерінде Шығыс Қазақстан облысындағы «Путинцево» шаруашылығында өсіріледі ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалануына қарай үш топқа бөлінеді. Өсімдік шаруашылығының шикізаты Мал шаруашылығының шикізаты Өндіріс шикізаттары (тұз, минералды су, балық, теңіз өнімдері) Тамақ өнеркәсібін орналастыруға әсер ететін факторлар шикізат пен тұтынушылар. Осы факторларға сай тамақ өнеркәсібін 3 салаға бөлуге болады. Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар (қант, спирт, сүт,май, консерві, крахмал, сірне) Тұтынушыға жақын орналасқан салалар (наубайхана, сыра қайнату, сүт, макорон, кондитер) Шикізат көзіне де тұтынушыға жақын орналасқан салалар (ет , ұн тарту, шарап жасау, темекі өңдеу т. б ) Негізгі ірі ет комбинаттары Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Қызылорда қалаларында орналасқан. Семей еліміздегі ең ірі ет комбинаты. Елімізді ең жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етіп отырған қалалар Астана , Тараз, Қапшағаай, Қостанай. Макарон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропав, Шымкент, Семей, Ақтөбе. Ақтөбе макарон фабрикасы Италияның технологиясымен жабдықталған Қант зауыттары - Жамбыл, Алматы облыстарындағы Боралдай, Тараз, Шу, Мерке, Қарабұлақта құмшеке мен шақпақ қант шығарады. Шитті мақта майын – Шымкентте шығарады. Маргарин – Алматыда шығарылады Балық өңдеу кәсіпорындары Атырау, Баутино, Балықшы, Зайсан, Приозерный, Балқашта. Атырау мен Балқаш елімізді балық консервісімен қамтамасыз етуде. жүктеу/скачать 390,1 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |