Күні:
|
Пәні: Қазақстан тарихы
|
Сыныбы: 8
|
Сабақтың тақырыбы:
|
1868-1869жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер
|
Жалпы мақсаты:
|
ХІХ ғасырдың 60-70жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі туралы білімдерін қалыптастыру.
|
Сілтеме:
|
Қазақстан тарихы. ХІХ ғасырдағы әкімшілік-реформалар картасы
Электронды оқулық
|
Оқу нәтижесі:
|
1868-1869 жылдардағы Орал мен Торғайдағы көтерілістер арқылы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік үшін күрестердің қаншалықты қымбатқа түскендігін бағалап,тәуелсіздік ұғымына мән береді.
|
Негізгі идеялар:
|
1868-1969жылғы көтерілістердің тәуелсіздік мәнімен байланысын түсіну:
-әр адам өміріндегі мәселені шешудегі тәуелсіздіктің рөлін түсіну;
-«уақытша ереже», «шаңырақ салығы», «земство салығы» сияқты терминдердің мәнін түсіну;
-тақырыпты меңгеруге тарихи оқиғаны уақыт пен кеңістікте анықтап,оған тарихи баға беру;
-Орал мен Торғайдағы көтеріліс тәуелсіздік үшін болған күрестердің бірі екен бағалау.
|
Табыс критерийлері
|
1.Орал мен Торғайдағы көтеріліс туралы ұғыну
2. 1868-1869жылғы көтерілістер ХІХ ғасырдағы басқа көтерілістерге қарағанда стихиялығымен ерекшеленетінін ажырату.
3.ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар жартыкеш қазақ халқының құқықтарын шектеген реформа болғандығын дәлелдеу
4. 1867-1868жылғы реформа салдарынан шыққан көтеріліс екенін түсіну
5.Көтеріліс талаптары мен халық қозғалысы болған аймақтарды анықтау
6.Көтерілістің жеңіліске ұшырау себептері бірқатар старшындардың сатқындық әрекетінен шыққандығын ұғыну
|
Қолданылатын материалдар:
|
Интерактивтік тақтадан слайд көрсету,бейнежазба көрсету.
Постер жазып қорғау, карточкалар
|
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері
|
Топ құру,топпен жұмыс, жеке жұмыс
Миға шабуыл
Блум таксономиясы
АКТ
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
әдіс-тәсілдер
|
Психологиялық ахуал
|
Сабақ басталғанда музыка қосып тұрады. Оқушыларды смайликтер арқылы 4 топқа бөлемін.Топқа бөлінгеннен кейін топ ережесін сақтауды ескеремін.
Топ мүшелері рөлдерге бөлінеді.
Бүгінгі сабақта оқушылар өз-өздерін бағалау критерийлері бойынша бағалайды.
Критерийлерді таныстырамын.
(Топ ережесі ілулі тұрады.)
|
Оқушылар смайликтер арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар өздері бекіткен топ ережелерін еске түсіреді.
Топ басшысы бағалау критерийлерін арқылы топ мүшелерін бағалап отырады.
|
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
|
Қызығушылығын ояту
|
1867-1868 жылдардағы Орал мен Торғайдағы көтеріліс туралы бейнежазба көрсетемін.
Сұрақ қаямын:
Бейнежазба не жайлы болды?
«Империя», «отар» "жарғы», «реформа» ұғымдарын бейнебаяннан алған түсінігіңмен байланыстыр
1867-1868жж реформаның мәні мен мақсаты неде?
Ұтымды жауап берген оқушылар мен топтарды мадақтап отырамын.
|
Оқушылар бейнежазбадан көргендері бойынша әңгімелейді
Сұрақтарға жауап береді.
|
Ұжымдық жұмыс
Жеке және топтық жұмыстар
|
Білу
|
Сабақтың мақсатын айқындау.
Табыс критерийлерін білгізу.
Тарихи терминдер мен фактілерді білу.
1867-1868жылғы реформалар бойынша оқыған білімдерін еске түсіріп,топ болып талқылап, әр топқа постер дайындауға уақыт беремін.Әр топқа тақырыпшаларды бөліп беремін.
I-топ : Көтерілістің басталу себептері
II: Көтеріліс қамтыған аймақтар
IIIтоп:Көтеріліс басшылары Беркін Оспанұлы мен Сейіл Түркебайұлы өмірі
ІVтоп :Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.
Постерді қорғау кезінде барынша тыныштық пен тәртіп талап етіледі.
|
Оқушылар өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.
Табыс критерийлерін танысады.
Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады
Әр топтан баяндамашы шығып тақырыптарын қорғап, Орал мен Торғайдағы көтеріліс туралы алған білімдерін ортаға салады.Бір- бірін мұқият тыңдайды.
|
Топпен жұмыс
постер дайындау
|
Түсіну
|
ХІХ ғасырдағы басқа ұлт-азаттық көтерілістер мен Орал мен Торғайдағы азаттық күресті салыстыру.Әр топқа бір- біріне сұрақтар қойғызып, білімдерін анықтау.(АВС оқушыларының мүмкіндігін ескеру)
Топтар 2 жұлдыз 1 тілек арқылы бағалауларын айтамын.
Топ басшылары постерлерін бағалу үшін бағалау критерийлері беремін.
|
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.
Топтар бір -біріне
2 жұлдыз 1 тілек айтқызып бағалайды.
Постерді бағалау критерийлері
критерийлер
|
ұпай
|
Оқушылар аты
|
|
0-5
|
|
|
|
Постерге түсірілген ойлары мен берген жауаптары арасындағы айырмашылықтар
|
|
|
|
|
Әр топ өз тақырыпшаларын
қорғауы аша алуы
|
|
|
|
|
Дұрыс сұрақ қоя алуы
|
|
|
|
|
Тапсырмаларды орындауы
|
|
|
|
|
Барлық ұпай
|
|
|
|
|
|
2 жұлдыз
1 тілек
Топпен жұмыс
|
Қолдану
|
Барлық топты жұпқа бөлемін. Жұп болған оқушыларға «5 жол өлең»стратегиясы бойынша тақырыпқа байланысты тапсырма беріп,сратегияның құрлысымен таныстырамын.
Жеке оқушыларға (АВС) тапсырмалар жазылған үлестірмелер беремін.
Оқушылар уақытты үнемдеп,сын тұрғысынан ойланып , жауап беруге итермелеймін.
Ұтымды әрі нақты жауап берген оқушылар мен топтарды мадақтап отырамын
Топ басшысы топ мүшелерін бағалауын ескертіп отырамын.
|
«5 жол өлең»стратегиясы
1 зат есім
2 сын есім
3 3 етістік
4 сөзді бір сөйлем
1-ші жол зат есімнің синонимі
Жұп болып,ойланып, құрастырады
Жеке тапсырмалар
А деңгейіндегі оқушы: 1867-1868жылғы реформалардың салдары көтеріліске ұласса да, қазақ халқы үшін пайдалы жақтары болды ма?
В деңгейіндегі оқушы:
Әкімшілік реформаларда отаршылдықта өзге қоғамдық салаларды дамыту жағы қарастырылды ма? «Вэнн»диаграммасы бойынша 1822 жылғы және 1824жылғы реформалармен салыстыр
С денгейіндегі оқушы:1868-1869жылғы көтеріліс басшыларына сипаттама бер
Оқушылар уақыты үнемдеп,сын тұрғысынан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
Топ мүшелерінің жалпы жұмысын бағалау
критерийлер
|
ұпай
|
Оқушылар аты
|
Постер қорғау
|
0-5
|
|
|
|
Жеке тапсырма
|
0-3
|
|
|
|
“5 жол өлең” шығаруы
|
0-3
|
|
|
|
“Ой кестесі” бойынша салыс тыруды орындауы
|
0-3
|
|
|
|
“Ыстық орындық”
стратегиясы
|
0-3
|
|
|
|
Барлық ұпай
|
12
|
|
|
|
|
|
Сергіту сәті
|
«Әлқисса» музыкасы бойынша сергіту.
|
Оқушылар тұрып, жаттығу жасайды.
|
|
Талдау
|
ХІХ ғасырдағы басқа көтерілістермен Орал, Торғай қазақ шаруаларының көтерілістерін салыстыру.
Топ басшысы топ мүшелерін бағалауын ескертіп отырамын.
Ұтымды жауап берген оқушылар мен топтарды мадақтап отырамын.
|
Оқушылар ойлана отырып, салыстырып жазады.
Ой кестесі
1822-1824ж реформалар
|
1867-1868жылғы реформалар
|
|
|
|
|
Оқушылар сын тұрғысынан ойланып салыстыра жазып,оқиды.
|
Салыстыру әдісі
|
Жинақтау
|
Оқушылардың өздері жинақтаған білімдерін тексеру үшін сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтар туындатамын.
Әр топтан суырылып шыққан оқушылардан “Ыстық орындық” стратегиясы арқылы сұраймын.
|
I топ : Орал мен Торғайдағы көтеріліс неліктен тез арада бұрқ ете қалды ?
II топ: Неліктен патша үкіметі көтерілісті тез арада басып тастау үшін жазалаушы отряд жіберді?
III топ :Орал мен Торғайдағы көтерілістің тарихи маңызы қандай?
ІV топ: Орал,Торғай көтерілісі неліктен отаршылдық қана емес антифеодалдық сипатқа ие болды?
|
“Ыстық орындық” стратегиясы
|
Бағалау
|
Сабақтың түйінді сөзін оқушылардан сұрау.
Топтардың сабақтың әр кезеңдеріндегі алған ұпайларын есептеп шығаруды тапсырамын.
|
Топ басшысы топ мүшелерінің ұпайларын есептеп айтады.
|
бағалау критерийлері
|
Рефлексия
|
Сабақтың соңында алған әсерлерін стикерлерге жазу.
|
Оқушылар стикерлерге жазып, бүгінгі сабақ бойынша нені түсінгендерін кері байланыс арқылыбілдіріп тақтаға іледі.
|
|