§ 3 ТАБИҒАТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЛИТОСФЕРА
Табиғат компонеттеріне: Ауа, су, топырақ, өсімдік, жануар, күн
сәулесі жатады.
Барлық табиғат компоненттерінің өзара байланыста болып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі немесе өзара әрекеттескен аумақтың бір бөлігі – Табиғат кешені деп аталады.
Мысалы орман, шөл, өзен, өзеннің жағасы, Тау алды, тау.
Бірақ табиғат кешенінің ең ірісі – географиялық қабық болып табылады.
Географиялық қабық – литосфераның жоғарғы , атмосфераның төменгі бөлігі. Ол гидросферамен биосфераның өзара байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады.
Географиялық қабықтың 4 заңдылығы бар:
1. Тұтастығы 3. Зат және энергия айналымы
Ырғақтылығы 4. Зоналылығы
Зат алмасу деген- табиғаттағы су айналымы ( су буланады, жаңбыр болып қайта жауады), атмосферадағы ауа айналымы (адам СО2 шығарып өсімдіктерге берсе, Өсімдік О2 ні шығарып адамға береді, организмдер қалдықтарын -шірігін топыраққа берсе, шірік өсімдікті қоректендіреді) жатса, Күн мен Жердің ішкі сыртқы энегиясы да осыған жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |