Қостанай облысы рудный қаласы «№5 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет2/5
Дата31.01.2018
өлшемі0,62 Mb.
#36648
1   2   3   4   5

- Құрметті ойыншылар! Мына фотосуреттерге қарап, бұл қандай қала екенін айтыңдар. Қала Қазақстанның орталығында орналасқан. Бұл әдемі үлкен қала. Қаланың атауында түр-түстің атауы бар. Мұнда Отанымызға керекті пайдалы кен өндіріледі. Ол –«қара алтын». Бұл қандай қала? (Қарағанды)

4- видеоролик:

- Сәлеметсіңдер ме, ойыншылар! Қазақстанның табиғаты өте сұлу және бай. Мұнда тау да, орман да, шөл де, көл де, дала да бар. Орман- тоғайларды, даланы көптеген аңдар мекендейді. Бұл аң орман да, далада да бар. Өзі – сұлу, түсі - сарғылт. Бұл – жыртқыш аң. Қояндармен, тышқандармен қоректенеді. Мінезі –қу, айлакер. Бұл қандай аң? (Түлкі)

5- видеоролик:

  • Құрметті оқушылар! Қазақстанның төрт астанасы болғанын білесіңдер ме? Қазақстанның екінші астанасы қандай қала болған екен? Қала республикамыздың оңтүстігінде орналасқан, күріштің Отаны болып саналады. Қаланың атауында түр-түстің атауы бар. Бұл қандай қала? (Қызылорда)

6- видеоролик:

-Сәлеметсіңдер ме, құрметті 5-сынып оқушылары! Қазақстанның сұлу және әдемі ғимараттары өте көп. Бұл ғимарат Республикамыздың ортасында тұр. Ол – Тәуелсіздіктің символы. Қалаға келген қонақтар бұл ғимаратқа көтеріледі, оның биіктігі -97 метр. Бұл қандай ғимарат? (Бәйтерек)



7- видеоролик:

- Сәлеметсіңдер ме, ойыншылар! Мен 8-сынып оқушысымын, атым –Ксения. Біздің еліміз пайдалы кендерге өте бай. Мұнда темір, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, түрлі- түсті металдар бар. Бұл пайдалы кен Республикамыздың батысында өндіріледі. Әсіресе, Ақтау, Атырау қалаларында. Пайдалы кен-біздің байлығымыз. Бұл қандай пайдалы кен ? (мұнай)

Ойын барысында видеожұмбақты тыңдату, дұрыс жауаптарын айтқан оқушыларға белгі беріледі.



6–кезең:«Әңгімелеу»

3 минут уақыт ішінде «Қазақстан туралы не білеміз?» атты әңгімесін жазып, айтып беру. Қай команданың әңгімесі толығырақ, қызықтырақ болғаны –жеңеді. Әр команда өз белгілерін санап, ойын жеңімпазы белгіленіп, марапатталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет