34
б) «Түйнек» үлгісі Чиапастан, Мексика (салыстырмалы талдау)
III.8. «ӘДІЛЕТСІЗДІК ТІРЕКТЕРІ» СЫЗБАСЫ
Міндеті
Орнықсыз даму, үйлесімсіздік, тұрақсыз жағдай және т.с.с. тірек болатын
элементтердің немесе күштердің графикалық иллюстрациясы.
Бұл графикалық әдіс, кейбір жағдайлардың өздігінен онша орнықты еместігіне,
алайда бірқатар факторлар мен күштердің «бағаналарына» сүйенетіндігін болжауға
негізделген. Егерде бұл тіректерді анықтап, оларды жоюдың немесе ықпалын азайтудың
тәсілдерін тапса, онда жағымсыз жағдайды «құлатып» оң өзгеріс жасауға болады.
Бұндай сызбалар: орнықсыздық, үйлесімсіздік, тұрақсыздық және т.с.с. қалай белең
алып тұрғанын түсінуге; бұл үрдістерді нығайтып тұрған факторларды анықтауға; бұл теріс
факторларды әлсіретудің не мүлде жоюдың немесе оларды оң күштер бағытына өзгертудің
тсілдерін қарастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: