39
III.13. ЖҮЙЕЛІЛІК КАРТАСЫ
Міндеті
Жүйелілік картасы – негізінен, лезде фотоға түсіріп алу деуге болады. Ол белгілі бір
уақыт кезеңіндегі жүйелердің бөліктерін және оның айналасын көрсетеді. Тек кейбір
жағдайларда, мысалы, шағын жүйеге топтастырылған бөліктер белгілі бір дәрежеде бірін-
бірі бүркемелеп тастаса, онда жүйелілік картасы бөліктердің тізімін ғана көрсететін ақпарат
күйінде қалып қояды. Дегенмен жүйелілік картасының көрнекілігі жоғары және қабылдауға
өте қолайлы.
Жүйелілік картасының негізгі міндеті – жағдайды қалай құрылымдау қажет және
Сіздің зерттеу үшін таңдап алған жүйеңіз туралы өзгелерге ақпаратты қалай беру керек
деген мәселелерді шешуге көмек көрсету. Жүйелілік картасы көбінесе, төмендегідей
жағдайлар үшін қолданылады:
Талдаудың бастапқы кезеңінде ойға айқындық беру.
Жан-жақты сызбаға құрылымдық элементтерді таңдау.
Алдын ала белгіленген шекараларды сынақтан өткізу.
Сіз үшін маңызы бар жүйелердің деңгейін анықтау.
Сіздің жүйеңізде бейнеленген базалық құрылым туралы өзгелерге ақпарат
беру
Жүйелілік картасы мәнісіне қарай бөліктердің шағын жүйеге меншіктілігін
анықтай отырып, жүйенің морфологиясын( құрамын) көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: