41
Элементтері
Дөңгелек пішіндер
Ықпалдың ауқымына қарай бейнелеу үшін, көлемі түрлі-түлі болып келетін әр
алуан нұсқамалар.
Дөңгелек пішіндердің мәнін білдіретін және
нұсқамалардың да мағынасын
білдіруі мүмкін сөздер.
Тәртібі
Жүйелілік картасындағыдай, дөңгелек пішіндер бұнда да
бөліктердің шектерін
көрсетеді. Әдетте жүйелердің шектері айқын болады.
Нұсқама, (мысалы, 1 немесе 2-сурет. (а) бөлігін (b) немесе (с) бөлігімен
жалғайтын нұсқамалар (а-ның) (b-ға) немесе (с-ға) ыкпал жасайтындығын немесе
жасай алатындығын көрсетеді.
Сөздер( олар көрсетілсе) бөліктердің және жүйелердің атауын береді.
Егер ықпал ету сипаттары
контексте айқын болмаса, нұсқамаларда да сөздер
жазылуы мүмкін.
Ықпал сызбасы да жүйелілік картасындағыдай лезде фотоға түсіріп
алуды
білдіреді. Нұсқамалар уақыттағы кезектестікті емес, ықпал ету мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Ұсынымдар
Сыртқы қоршаудағы бөліктерден жүйенің шегіне
бағыттайтын нұсқамаларды
қолданудан аулақ болған жөн. Өйткені
анықтама бойынша
, сыртқы қоршаудағы
факторлар жүйеге ықпал етеді, сондықтан ондай нұсқамалар қолдану артық, яғни
орынсыз.
Достарыңызбен бөлісу: