73
VIII. 3. ТЕЗИС
Тезис (грек. thésis ) – дәлелдеуді талап ететін шындық, ереже.
Тезис құрудың ережелері
Бірінші ереже. Дәлелдеудің тезисін анық та айқын құру керек.
Бұл жағдайда екі
мағыналыққа жол бермеу қажет (мысалы, тезисті «Заңдарды орындау қажет» деп құру — екі
мағынаны береді, өйткені түсініксіз құрылған, бұл жерде қаңдай заңдар жайлы айтылғаны:
табиғат заңдары, немесе адам еркінен тыс қоғамдық өмір заңдары, немесе азаматтардың
еркіне ғана байланысты болатын құқықтық заңдар жайлы айтылған белгісіз). Тезисті құруға
қойылатын талаптар – екі ұғымдылықты болдырмау, бұл өте маңызды, өйткені сөз
таңдаудағы кез-келген қате, фразаны екі ұғымда түсіндіру мүмкіндігі, ойды жеткізудің анық
емес формасы – мұның барлығы сіз бірдеңені дәлелдеген кезде өзіңізге қарсы болады.
Екінші ереже. Дәлелдеу кезінде тезис өзгеріссіз қалу қажет,
яғни бір ғана нәрсе
дәлелденуі тиіс. Бұл ереже орындалмаса, онда сіз ойыңызды дәлелдей алмайсыз. Ендеше,
барлық дәлелдеу барысында тезистің бастапқы қалпынан ауытқымау қажет. Сондықтан
барлық дәлелдеме барысында тезистің тұжырымдамасын бақылауда ұстау қажет.
Тезисті құрудағы негізгі қателер.
Бірінші қате — тезисті жоғалту.
Біз тезисті құрып, оны ұмытамыз да, біріншімен
тікелей немесе жанама байланысты, бірақ басқа тезиске көшіп кетеміз, сосын үшінші фактіні
қозғаймыз, одан төртіншіге көшеміз, т.с.с. Соңында бастапқы ойды жоғалтамыз, яғни не
туралы пікір таласып жатқанымызды ұмытамыз. Бұндай жағдайға тап болмас үшін, өзін-өзі
үнемі бақылап отыру қажет, негізгі ойды және пайымдау барысын жоғалтпау қажет.
Алдымен, негізгі ережелердің бірізділік байланысын белгілеу керек және еріксіз басқаға
ауытқып кету жағдайында дәлелдеменің бастапқы пунктіне қайта оралу қажет.
Екінші қате — тезисті толығымен ауыстыру.
Нақты ережені ұсына отырып,
мағынасы бойынша ұқсас немесе жақын басқа нәрсе дәлелдене бастайды, яғни негізгі ой
басқа ойға ауысады. Тезистің ауысуы біз өз ойымызды алдын-ала құрып алмай, оны барлық
дәлелдеме барысында толықтырып, түзеткенде, пайымдаудаудағы ұқыпсыздық салдарынан
пайда болады. Тезис қойылған сұраққа анық жауап берудің орнына, біз сұрақтың тікелей
жауабын бермей, «айналсоқтап» жүргенде ауысады. Тезисті ауыстырудың бір түрі - нақты
бір тұлғаның нақты әрекеттерін немесе онымен ұсынылған шешімдерді талқылауда
байқаусызда сол адамның персоналдық қасиеттерін талқылауға көшу, яғни «тұлғаға көшу»
және оның талқыланып жатқан мәселеге қатысы жоқ күнәларын талқылауға көшу айласы
болып табылады. Тезисті ауыстырудың тағы бір түрі – «логикалық диверсия» деп аталатын
қате болып табылады. Ұсынылған ережені дәлелдеу немесе жоққа шығарудың мүмкін
еместігін сезініп, сөз сөйлеуші назарды маңызды, бірақ бастапқы тезиске қатысы жоқ
басқаны талқылауға аударғысы келеді. Тезистің шынайылығы туралы сұрақ ашық қалады,
немесе талқылау жасанды түрде басқа тақырыпқа көшіріледі.
Үшінші қате — тезисті жарым-жартылай ауыстыру:
Дәлелдеме барысында біз өз
тезисімізді, яғни бастапқы жалпы, асыра сілтенген немесе тым өткір пайымдаудымызды
өзгертуге тырысу. Бір жағдайда қарсы дәлелдердің әсерінен өзіміздің өте өткір бағамызды
жұмсартуға тырыссақ (өйткені бұл жағдайда оны қорғауға оңай соғады), басқа жағдайларда
керісінше, яғни қарсыластың тезисін күшейту немесе кеңейтуге тырысады, өйткені оны
мұндай түрде жоққа шығару оңай болады.
Достарыңызбен бөлісу: