75
Дәлелдер сенімді болу үшін мынадай талаптар қойылады: 1 — дұрыстығы
дәлелденген немесе оған ешкім шүбә келтірмейтін ережелер ғана дәлел бола алады, яғни
дәлелдер шындық болуы қажет;
2
— дәлелдер тезиске тәуелсіз дәлелденуі тиіс, яғни
автономдық негіздеу ережесі сақталуы қажет;
3
— дәлелдер өзара қарама-қарсы болмауы
қажет;
4
— дәлелдер жеткілікті болуы қажет.
Дәлелдердің шындығын талап ету
олардың барлық дәлелдемесін құратын іргетастың
рөлін орындаумен айқындалады. Дәлелдер ешкім де күмән келтірмейтіндей етіп құрылуы
және бұрын даусыз дәлелденген болуы қажет.
Тәжірибелі сыншы сіздің бір дәлелдеріңіздің
кем дегенде біреуіне сенімсіздік білдірген жағдайда, сіздің барлық дәлелдеріңізге қатер
төнеді.
Бұл талапты бұзу екі қателікке ұрындырады. Олардың бірі «жалған дәлел» деп
аталады, яғни дәлелдер ретінде жоқ фактіні пайдалану, болмаған оқиғаға сілтеме жасау, т.с.с.
Екінші қате – дәлелдің шынайылығы күмәнсіздікпен бекітілгеніне емес, тек болжанғанына,
яғни «негіздемеге алдын ала тоқмейілсу». Бұл жағдайда пікір алшақтығына немесе құр
болжамға жүгіндіретін, яғни дәлелдер ретінде мойындалмаған немесе жөнсіз алынған
ережелер пайдаланылады.
Дәлелдердің автономдық болуы талабы
дәлелдердің тезиске тәуелсіз дәлелденуі
керектігін білдіреді. Өйтпесе дәлелдің өзін дәлелдеу қажет болады. Сондықтан тезисті
дәлелдемес бұрын, дәлелдерді тексеріп алған жөн.
Дәлелдер өзара қарама-қарсы болмау талабы
дәлелдемелердің бір-біріне қарама-
қайшы келмеуін білдіреді.
Дәлелдердің жеткілікті болуы талабы
дәлелдер жиынтығында дәлелденетін тезис
қажеттілікпен шығатындай болуы қажет. Бұл талапты бұзу – көбінесе, дәлелдеу барысында
тезиспен қисындық байланысы жоқ және сол себепті олардың ақиқаттығын айғақтай
алмайтын дәлелдерді пайдалану салдарынан болады. Ондай олқылықтарды «шықпайды»,
«туындамайды» деген фразалар білдіреді
Дәлелдерді сынау
Бұрынғы дәлелденгендерді
Достарыңызбен бөлісу: