77
VIII. 5. АНЫҚТАМАЛАР
Логикалық анықтамаларды құрудың ережелері
Анықтамалар көбінесе тектік қасиет және жақын түр айырмашылықтары арқылы
беріледі. Әдетте алдымен анықталатын ұғым құрамдас бір бөлігі ретінде кіретін туысқандық
ұғым аталады. Кейін анықталатын ұғымның өзіне ұқсас өзге ұғымдардан ерекшелейтін
қасиеті аталды, ол қасиет ең маңызды да ауқымды болуы керек. Бір нәрсеге дұрыс анықтама
беру үшін бірнеше талаптарды сақтау қажет.
Мөлшерлестік талабы — анықталатын ұғымның ауқымы анықтаушы ұғымның
ауқымына тең болуы керек. Басқаша айтқанда, бұл ұғымдар теңдік қатынасында болуы
қажет. Мысалы: «Банкир — бакнілік операцияларды жүргізуге мамандырылған, ақшалай
капиталдың меншік иесі». Егер «банкир» бакнілік операцияларды жүргізуге мамандырылған
тұлға ретінде анықталса, онда мөлшерлестік қағидасы бұзылады: анықтаушы ұғымның
ауқымы (бакнілік операцияларды жүргізуде мамандырылған тұлға) (банкир) анықталушы
ұғымның ауқымынан тар болады. Мөлшерлестік ережесін бұлайша бұзу тым тар түсініктің
қателігі деп аталады. Біз банкирді ақшалай капиталдың меншік иесі ретінде анықтасақ та
қате болады. Бұл жағдайда анықтаушы түсінік анықталушы түсініктен қарағанда кең болады,
өйткені ақшалай капиталдың меншік иесі тек банкирлер ғана болмайды. Бұндай қатені тым
кең анықтаманың қатесі деп атайды.
Ұғымды анықтауда біз бірінші ұғымның көмегімен анықталатын өзге ұғымға
жүгінсек, онда мұндай анықтама шеңберлі болады. Анықтамадағы шеңбердің түрі
тавтология — анықтаушы ұғым анықталушы ұғымды қайталайтын қате анықтама болып
табылады. Мысалы: «Экономист — экономикамен айналысатын тұлға». Мұндай анықтама
ұғымның мағынасын ашпайды. Біз экономисттің кім екенін білмесек, онда бұл адамның
экономикамен айналысатыны туралы сілтеме бізге ешқандай білім қоспайды. Кейбір
жағдайда ұғымды анықтамалауда бір емес, бірнеше түрлік қасиет көрсетіледі. Бұл берілген
ұғымды басқа ұғымдардан ерекшелейтін бір қасиетті көрсете алмағанда және оның мазмұны
туралы кең ашқанда беріледі. Сондықтан мұндай жағдайда анықталатын ұғымды
басқалардан айырып алу және оның мазмұнын ашу үшін жеткілікті болатын бірнеше
белгілері көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: