Қостанай облыстық әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет82/84
Дата02.02.2023
өлшемі1,91 Mb.
#167142
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Tehniki-ucheniya-Rudik-kaz каз

ТҰЖЫРЫМНЫҢ ОРНЫНА 

«Оқудың тиімді жеке траекториясын қалай анықтауға болады» 
 
Швейцар ғалымы Карл Г. Юнганың «Психололгиялық типтер» кітабында алғашқы рет 
психологиялық мінездемелер үшін «экстраверт» демек («сыртқа бағытталған») және 
«интроверт» («ішке бағытталған») түсініктер қолданылды.
Экстраверттер іскерлік қасиеттерді кеңейтуге, барлық мүмкіндіктерді қолдануға 
ұмтылады. Интроверттер, керісінше, қарым-қатынасты тежейді, ешкіммен араласпайды, 
басқалардан өзін алшақ ұстайды, өзіне қажетті қор жасайды, шектен тыс шығын жасамайды, 
күштерін сақтайды. Енді өзіңіздің қай психологиялық типке жататыныңызды анықтаңыз.
Төмендегі сұрақтарды қолдана отырып өзіңіздің қай психологиялық типке 
жататыныңызды анықтаңыз. 
 
Сұрақтар
Сіз экстраверттер тобына жатасыз, егер: 
1. Бір күннің ішінде екі кинофильмді, концертті, пьессаларды және т.б. қарай аласыз, 
бірнеше кездесулер белгілейсіз де, оның бір-екеуіне ғана үлгіресіз. 
2. Сіздің таныстарыңыз, жақындарыңыз күннен күнге көбеюде.
3. Теледидар және радиоқабылдағыш істемей қалғанда сіздің көңіл-күйіңіз болмайды. 
Телефон сөніп қалған жағдайда сіз өзіңізді жалғыз және әлемнен бөлініп қалғандай сезінесіз. 
4. Сіз бет әлпеттерді, жағдайларды, биографияларды тез есіңізде сақтайсыз да, формулалар 
мен басқалардың сөздерін есіңізде сақтау қиынға түседі. 
5. Сіз жиындарда тамақ ішіп, көңіл көтергенді ұнатасыз. Жалғыздықтан қашасыз. Сіз 
тіршілікке қабілетті адамдар қатарына жатасыз және өзіңізге сәйкес адамдармен 
байланысуды іздейсіз, тұйық адамдардан қашқақтайсыз.
6. басқаларды имитировать еткенді, анекдот, қызықты тарихи оқиғаларды айтқанды жақсы 
көресіз. Сіздің мінезіңіз жеңіл.
7. Сөз сөйлеп, тост айтқанды ұнатасыз. Жиындарда көзге түскенді жақсы көресіз.
8. Қайда, қашан және не істеу керек екенін білесіз.
9. Бөтен адамдармен тез байланысқа түсе аласыз және жаңа жағдайда тез үйреніп кетесіз, 
күрделі жағдайлардан еш қиындықсыз тез жол таба аласыз.
10. Шешімді тез қабылдайсыз, тәуекелге бел буғыш, бірақ олар үнемі сәтті бола бермейді. 
Іссапарлар сіз үшін – көңіл көтеру және сіз оларды қуана қабылдайсыз.
11. Әр нақты жағдайда не істеу керек екендігін бағалайсыз, және жағдайға байланысты 
әрекет етесіз.
12. Сізде жоспар, тапсырмалар, мәселелер және идеялар үнемі көп, бірақ сіз олардың бір 
бөлігін ғана жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар.
13. Өзінің денсаулығына наразы адамдарды сіз түсінбейсіз және жаныңыз ашымайды.
14. Қоршаған ортаға сіздің қандай әсер ететініңіз ғана сізді қызықтырады.
 
Сіз интроверттер тобына жатасыз, егер: 
1. Сіздің маңызды шешім қабылдауды тоқтатуға қарапайым жағдайдың әсері жеткілікті.
2. Сіз үшін бір айда бір көрініс немесе концерт жеткілікті.
3. Сізді жиі естеліктер баурап алады.
4. Сіздің достарыңыз көп емес. Сіздің адамдармен қарым-қатынасқа түсуіңіз қиын.
5. Сіз нақтылықтан гөрі негізгі идеяларды жақсы есіңізде сақтайсыз.
6. Көптеген хабарлардан гөрі аз, бірақ маңызды көлемді ақпараттармен жұмыс істегенді 
жақсы көресіз.
7. Сіз әбігерлікті, қатты музыканы, көңілді жиындарды ұнатпайсыз.
8. Сіздің киімдеріңіз көп емес, бірақ олар сізбен бір тұтастықты құрайды.
9. Сіз суретке түскенді ұнатасыз. 
10. Жалғыз тамақ ішкенді жақсы көресіз. Сіз өзіңізді үй ішінде еркін және емін-еркін 
сезінесіз. Таныс емес компаниядан қашқақтайсыз.


95 
11. Жаңа жағдайға, ұжымға, ахуалға қиын бейімделесіз.
12. Сіз бірбеткей адамсыз және өзіңіздің бірбеткей көзқарасыңызды ұстайсыз. 
13. Сіз өзіңіздің денсаулығыңызға мұқият қарайсыз, кейін ауырғаннан гөрі алдын алу дәрісін 
ішкенді жөн санайсыз. 
14. Кей кезде сізге кейбір заттарға басқаша қарау керек дейсіз, бірақ сіз олай деп 
ойламайсыз.
Жағымды жауаптарын санап, сіз қандай психологиялық типке жататыныңызды 
анықтай аласыз. Егер «экстра» және «интра» бірдей болса, онда сіз – амбаверт.
Жеке 
тиімді 
оқу 
траекториясын 
анықтау 
үшін 
ФИЗИОЛОГО-ПСИХО-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕСТЕМЕН танысыңыз.
Кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет