Острый аппендицит



бет2/7
Дата27.10.2023
өлшемі464,22 Kb.
#188822
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Елеубаев

 

  • Сстадия II. ӨСОА ауыр дəрежесі – бронхообструкцияның үдеуі (50% ОФВ1<80 % қалыпты мəннен) жəне симптомдардың үдеуі, физикалық жүктемеде ентікпе дамиды.
  • Стадия III. Ауыр ӨСОА – бронхообструкцияныі əрі қарай үдеуі (30% ОФВ1<50 % қалыпты мəннен), өмір сапасына əсер ететін, ентікпенің үдеуі жəне жиі асқынулар.
  • Стадия IV. Аса ауыр ӨСОА – ауыр бронхообструкция (ОФВ1<30 % қалыпты мəннен) немесе созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі.
  • Эпидемиологиясы

    • ДДСҰ мәліметі бойынша ерлер арасында – 9,34:1000, ал әйелдерде – 7,33:1000 жиілікте кездеседі. Жиі 40 жастан кейінгі адамдар ауырады.
    • 40 жастан жоғары адамдарда ӨСОА-мен сырқаттанушылық көрсеткіші жылдан жылға арту тенденциясы тіркелген: 1990-1999 жж аралығында бұл көрсеткіш ерлер арасында 25%- ға, ал әйелдер арасында 69%-ға артқан.
    • Аурудың таралуына темекі шегу дәрежесі, жасы, мамандығы, қоршаған ортаның жағдайы және аз дәрежеде жыныстық/нәсілдік тәуелділік әсер етеді.
    • Өлім көрсеткіші жағынан ӨСОА - 6-шы орында, ал Еуропаның дамыған елдерінде – 5-ші, АҚШ-та – 4-ші орынды алады.

    Аурудың фазасы бойынша жіктелуі:

    • Клиникалық белгілері бойынша аурудың негізгі екі ағымын бөліп қарастырады: тұрақты (стабильді) және өршу фазалары.
    • Тұрақты фазасы – науқаста ауру бар-жоғын ұзақ уақыт динамикалық бақылау нәтижесінде анықтауға болады, ал симптомдар бірнеше апта, айлар бойы өзгермей, бір қалыпта болады.
    • Өршу фазасы – 5 күн уақыт шамасында симптомдар мен функционалдық бұзылыстардың артуымен жүретін, науқас жағдайының ауырлауы. Өршу кезінде науқастың жағдайы баяу немесе күрт нашарлауы мүмкін және жедел тыныс жетіспеушілігі мен оң қарынша жетіспеушілігі көрініс беруі мүмкін.

    Қауіп факторларының анализі

    • Темекі шегу (активті және пассивті).
    • Темекі шегу ұзақтығын біле отырып, темекі шегуші индексін (ТШИ) анықтау керек. Егер ТШИ>10 (қорап/жыл) болса, ӨСОА ауруының қауіп факторы болып саналады.
    • Өндірістік қалдықтардың әсері – шаң, химиялық поллютанттар, қышқыл мен сілтілердің буы.
    • Атмосфералық және үйдегі ауаның ластануы.
    • Тыныс алу жолдарының жұқпалы аурулары.
    • Генетикалық бейімделулік.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет