Іштің жедел ауырсынуы - субъективті сезім, сондықтан дәрігер дұрыс талдама жасау керек - 1. Басталуы: бірден, біртіндеп, жай, жеделдеу
- 2. Интенсивтілігі: күшті, шамалы
- 3. Динамикасы: басылу, өсуі, сипатының өзгерісі
- 4. Сипаты: тұрақты, ұстама тәрізді (шаншу)
- 5. Тереңдігі: терең, беткей
- 6. Тәуелділігі: қозғалыстан, дәреттен, тамақ қабылдаудан
- 7. Орналасуы: іштің анық бір аймағында, диффузды, іштен тыс
- 8. Тұрақтылығы: тұрақты, ауыспалы
- 9. Таралуы: сегменттік түрде, бұрын зақымдалған мүшелерге ауырсынудың берілуі
- 10. Фармакологиялық анамнезі: глюкортикостероидтар, қабынуға қарсы
- дәрмектер, алкоголь, тиазидті диуретиктер, пентамидин, азатиоприн,
- сульфаниламидтар, барбитураттар, т.б.
Госпитализациялауға көрсеткіш: Госпитализациялауға көрсеткіш: - Іштегі жедел ауырсынуы бар науқастар алғашқы болжам диагнозына байланысты хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы аурулар стационарына шұғыл түрде жатқызылады.
- Зембілге жатқызып тасымалданады.
Жиі кездесетін қателіктер - Кез келген жедел іш ауырсынуы бар науқастарға ауруханаға дейінгі кезеңде наркотикалық және басқа да анальгетиктерді тағайындау.
Ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу Ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу ЖМК негізгі міндеттері. - Шұғыл түрде госпитализациялау.
- Әр түрлі этиологиялы жіті іш ауырсынуы бар науқастарда көк тамырға егу мүмкіндігін қамтамасыз ету, өмірге маңызды қызметтерді бір қалыпта ұстау және бақылау (жалпы реанимациялық қағидаларға байланысты).
- Гиповолемия, гипотония белгілерінде: 0,9% NaCl еріт. 400-1000 мл т/і.
- Нақты анықталған шаншыма тәрізді ауырсынуларда миотропты спазмолитиктерді енгізуге болады: дротаверин т/і, баяу, 40-80 мг (2% - 2,0 мл ерітіндісі).
- Нитроглицерин таблеткасын тіл астына салуға (0,25 мг немесе 0.5 таблетка) немесе спрейді (400 мкг немесе 1 доза) қолдануға болады.
- Құсу, лоқсу кезінде: метоклопрамид 10 мг (5% — 2 мл еріт.) т/і (1-3 мин кейін әсер етеді) немесе б/е (10—15 мин кейін әсер етеді).
Достарыңызбен бөлісу: |