Отандық ғалымдар Қай жылдары зерттеді?



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі41,04 Kb.
#93495
1   2   3   4   5
Байланысты:
CРС ИНКЛЮЗИВ

Кохлеарлы имплантат дегеніміз – науқастың шашына немесе терісіне орнатылатын хабарлағыштан, дыбыстық процессордан, микрофоннан, сондай-ақ, тері астына енгізілетін қабылдағыштан және хирургиялық әдіспен құлақ ұлуы ішіне енгізілетін электродтар тізбегінен тұратын медициналық құрылғы. Кохлеарлы имплантат қызметі есту жүйкесіне электродты импульс арқылы дыбыс толқындарын жеткізу болып табылады. Нашар көретін балалар. Нашар көретіндер - 0,05-тен, 0,2-ге дейін жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік арқылы көретіндер. Нашар көретіндерде көру қабілетінің өткірлігінің төмендеуімен қатар, көру қызметінін басқа салалары да бұзылуы мүмкін, мысалы: жарық пен түстерді сезінуі. Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар. Тірек қимыл-қозғалыс аппаратының зақымдалуы – бұл ерікті қимылқозғалыстың шектелуі. Бұл балаларда қимыл-қозғалыстың бұзылыстары психикалық және сөйлеу тілінің бұзылыстарымен қатар жүреді. Психикасының дамуы тежелген балалар. Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды, функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде әлеуметтік депривацияга ұшырауы т.б. Бұл балалардың эмоция- ерік сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар. Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ұйымдарына енгізу керек.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшелігіне қарай оқу бағдарламаларын бейімдеу; Жеке білім беру бағдарламаларын құрастыру; Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қосымша сабақтар өткізу.
 Түзетушілік-дамытушылық үдеріс Түзетушілік-педагогикалық қолдау; Психологиялық-педагогикалық қолдау;
 Жеке түзетушілік-дамытушылық бағдарлама құрастыру;
 61 Арнайы мектептердің, реабилитациялық және ресурстық орталықтардың логопедтері, психолог, педагог-дефектологтары жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетеді .

Инклюзивті мектеп – бұл оқу лабораториясы, қайтып инклюзивті қауымдастықты құруды анықтайтын. Бүгінгі балалар ертен президент, король, премьер-министр және заңгер болады. Олар университет мұғалімдері және Саламанда өткен конференция мүшелері болады. Инклюзивті мектеп дүние жүзілік қауымдастыққа пайда, себебі оны бітірген түлектер болашақтағы глобальды мәселелерді шешеуге дайын болады.


Білім – бұл негіз, жеке тұлғалар мен мемлекет келешегін құратын жүйе. Біздің әр қайсысымыз әлеуметтік теңдікке жету үшін басқаларадың білім алуын қолдауымыз керек.
Арнайы білімді қажет ететін балаларға интегративті білім берудің әлеуметтік-құқықтық механизм идеясы біздің мемлекетте соңғы жылдары ғана жүзеге асырылып жатқаны бәрімізге мәлім. Бірқатар халық аралық конференциялар жүргізілген, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға (арнайы білімді қажет ететін адамдар) интеграциялап білім беру мәселелері талқыланды, бұл мәселелер бойынша бірқатар еңбектер және мақалалар басылып шыққан. Қазіргі кезде аралас білім беретін мекемелер жұмыс жасауда, олар жалпы мектепте түзетушілік-дамытушылық білім беретін сыныптар және т.б. Сол мақалалардың бірінде былай деп жазылған «интеграция – бұл арнайы білім беруді дамытудың құқықтық кезеңі және ол мүгедек адамдарға деген мемлекеттің және әрбір адаммен қоғамның көзқарасын қайта қарастырумен байланысты ». авторлар мынаны бөліп көрсетеді, интеграция арнайы білім беру жүйесіне қайшы келмейді, және оны әр баланың даму деңгейі бойынша жүзеге асыруды ұсынады. Интеграцияны жүзеге асыру үшін ең қолайлы жағдай – бұл аралыс білім беретін мекемелер, бұнда интеграцияның бөлігін таңдауға болады, яғни мүмкін модельдің бірін таңдау. Психофизиологиялық деңгейі және сөйлеу тілінің дамуы жағынан қалыпты балаларға жақын оқушылар үшін толық интеграцияны қолданған тиімді.
Инклюзивтік білім беру мүгедектілікті түсінудегі әлеуметтік тәсілдемені және көптеген халықаралық құқықтық құжаттарда бекітілген мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуға деген құқықтарын жүзе асырудың бейнесі болып табылады. Инклюзивтік білім беру талаптар кешенінсіз (сәйкес нормативтікқұқықтың базаның болуы, білім беру ортасының бейімделуі, білім беру бірлестігінің мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауға дайындығы және 31 т.б.) жүзеге асыру мүмкін болмайтын көп факторлы құбылысты білдіреді. Бұл кешенде негізге алынатын, сол себепті маңызды фактор болып есептелетін шартқа инклюзивтік педагогиканың қағидалар жүйесін анықтау және оларды білім берудің мектепке дейінгі, мектептік, кәсіптік-техникалық ұйымдарында және жоғары оқу орындарында практикаға ендіру жатады. Негізгі, жалпы әдістемелік және жеке әдістемелік қағидаларды есепке алу деңгейі инклюзивтік білім беру жүйесін басқарудың әр түрлі деңгейінде сараланғанына қарамастан, оларды көрсетілген жүйенің әрбір қатысушысы түсінуге тиісті. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивтік білім берудің құндылығы мен негізге алынатын қағидаларының; Қазақстан Республикасының инклюзивтік білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаларының; инклюзивтік педагогиканың негізгі, жалпы әдістемелік, және жеке әдістемелік қағидаларының жиынтығы инклюзивтік білім беру жүйесі туралы біртұтас көріністі ғана құрамайды, сонымен бірге инклюзивтік сыныптағы сабақта ғылыми негізделген педагогикалық реттеуші құрал болып табылады. Олар бар байланыс, талаптар, әрекеттер мен нәтижелерді көрсетудің негізінде педагогтың нақты міндеттерге қолжеткізуге арналған әрекеттердің белгілі бір бейнесін білдіреді. Аталған жалпы және ерекше қағидалар балаларды инклюзивтік мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін, бейімделген, кедергісіз ортаны, сондай-ақ білім берудің бір тұтас ортасын жобалаған және үлгілеген кездегі негізгі бағдар рөлін атқарады.
Инклюзия мәселесі әлемде бірінші болып Ресейде жетекші ғалым Лев Семёнович Выготскийдің бастамасымен арнайы қарала бастаған. 1931 жылдың өзінде ол қазіргі кезде біз ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалар деп жүрген кемтар балаларды «дамуы тежелген» (аномальды) және «ақыл-есі кем» (дебилик) деп атап, оларды оқытудың жайын қарастырады. Ол ақыл-есі кем балаларды дамуы тежелгендердің барлық типімен қосып оқытуды ұсынды. Біздіңше қазіргі кезде кемтар жеткіншектерді «дамуы тежелген» немесе «ақыл-есі кем» деп бөлгенше, ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалар деп атау гуманизмге, адамға деген жанашырлық пен құрметке сәйкес келетін сияқты. Ғалым Л. С. Выготскийдің айтуынша, мақсат мынада: егер, соқыр баланы жеңіл олигофрені бар кеміс бала әжетқанаға жетектеп барса, бұл рухани адамгершілік тәрбиесінің бір көрінісі. Ал, енді, үйінде, отбасында өзіне-өзі сенімді, әрдайым табысқа жетуге ұмтылатын жігерлі баланың бойында ата-анасының қанымен берілген қайырымдылық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттер кемтар балалармен бірге оқығанда ашыла түседі. Ондай оқушы церебрельді сал ауруына немесе басқа да ауру-сырқауға ұшыраған өз қатарларына көмек беруге дайын тұрады. Осы арқылы оның өзінің де адамгершілік-рухани құндылықтары арта түсетіні белгілі. Сөйтіп, инклюзия жөніндегі алғашқы жаңалық Л.С.Выготскийдің есімімен тығыз байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Екінші мәселе, бүгінгі таңда инклюзия жан-жақты зерттеліп, зерделену үстінде. Біз инклюзия деп атап жүрген нәрсенің бәрі жан-жақты дамуда. Ол туралы түсінік кеңейіп, іс жүзіне асырыла бастады. Осы арада айта кетерім: инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне толық қатыстыруға, әлеуметтік жағдайына қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, олардың ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждарын арнайы қолдауға, қысқасы, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзия туралы сөз еткенде, міне, осы тұжырымды еске алуымыз қажет. Мен Мәскеуде Л.С.Выготскийдің зертханасында өсіп-жетілдім десем де болады. Осында тағылымдамадан өттім, аспирантура мен доктарантураның зерттеулерін жүргіздім, ақыр аяғында оқуларымды осы зертханадан аяқтадым. Мұнда үйренген салыстырмалы ғылым маған дефектологияны, педагогиканы, философияны,методология мен дидактиканы терең меңгеруіме жол ашты. – Бүгінгі таңда инклюзияны жүзеге асырудың қиындығы неде?
 – Өйткені, әр елдің ғалымдары инклюзия проблемасына әр түрлі көзқараспен қарауда. Қоғам дамуының тарихы, дамуы тежеулі балаларға қатынас тарихы, оның деңгейі мен гуманитарлық сипаты әр елде әртүрлі. Қай ел болса да, кемтарлық балалардың кінәсі емес, олардың қасіреті екенін дұрыс бағамдауы және түсінуі қажет. Себебі, ХХІ ғасыр әр алуан аурудың өршу ғасыры болып тұр. Бүгінде норма проблемасы мен патология проблемаларына көзқарас түбегейлі ауысқанын ұмытпағанымыз абзал. Қазіргі кезде мұның шекарасы өшіріліп, инклюзия проблемасы күрделене түскені байқалады. Дифференциалды диагностика бүгінгі таңда үлкен рөл ойнайды. Осылайша қалыпты білім беру кеңістігіне енді қажет ететін балалардың үлкен тобы пайда болды. Бұл инклюзияны жүзеге асырудағы бірден-бір қиындық. Белгілі оқымыстылардың айтуынша, инклюзия кеміс балалардың ғана мәселесі емес, ол бүтіндей қоғамның проблемасы. Сондықтан, ең алдымен, осы қоғамның инклюзия туралы түсінігі мен мәдениетін қалыптастыруды уақыттың өзі талап етуде. Қалың елдің инклюзияға көзқарасы өзгергенде ғана мектептерде инклюзитивті білім беру кедергісіз дамитынында сөз жоқ. Олай болса, дифференциалдық диагностика бұл орайда нөмірі бірінші проблема болып табылатынын ұмытпауымыз керек. Келесі мәселе мынада. Тарихы, этномәдениеті, этникалық сана-сезімі әртүрлі елдер инклюзияға келгенде өз дәстүрлері шеңберінен шыға алмай қалады. Сондықтан, күні бүгінге дейін әлемде инклюзияның анық та қанық біртекті айқындамасы қалыптаспағаны анық. РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесіннің 1918 жылғы қаулысында жазылған «барлық дамуы тежеулі балалар толық мемлекет қамқорлығында болады» деген сөзді еске алып көрейік. Бұл кезде жаңа құрылған жас кеңсе мемлекетінің қазынасы жұқа, елдің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы тым төмен болғанына қарамай, кемтар балаларды далаға тастамай мемлекет өз қарамағына алды. 1975 жылы мен, психологиядан еліміздегі тұңғыш ғылым кандидаты, Қазақстанда сабақ үлгерімі нашар оқушылар үшін «Теңестіру сыныптарын» ашу туралы ұсыныс жасадым. Мұндай балалар, әсіресе, кеміс балалар, Алматы қаласының түріктер мен әзербайжандар көп қоныстанған «Кіші станица» ауданының аумағында көп болатын. Біз мұның себебін анықтауға кірістік. Ақырында біз дефектологияның клиникалық зерт-ханасының қызметкерлерімен бірге бұл мәселені түбегейлі зерттеп, істің жәйін анықтадық. Сөйтсек, «Кіші станица» тұрғындары өз туыстарының қыздарына үйлене береді екен. Ал, мұндай некеден дені дұрыс ұрпақ өрбімейтінін ежелден білген атамыз қазақ жеті атаға жетпей қыз алыспауды қатаң ұстанғаны белгілі. Мұндағы тұрғындардың гендік және тілдік проблемалары және басқа да мәселелері сабақ үлгермейтін балалардың көбеюіне әкеліп соқтырғанын анықтадық. Содан соң, Алматы қаласы мектептерінде 12 «теңестіру сыныптарын» ашуға қол жеткізген едік. Бұл сыныптардың міндеті нашар оқитын оқушылар мен жеке-жеке жұмыс істеу арқылы олардың сабақ үлгерімін жақсартып, одан әрі жалпы сыныптарға қайта қосу еді. Міне, бұл да инклюзияның бір түрі болатын. Бірақ, ол кезде «инклюзия» термині қолданыла бермейтіндіктен, біз бұл үдерісті бұлай атай алмадық. Қазақстанда бар нәрсені қайта ойлап табудың қажеті қанша? Сол айтқандай, біздің елімізде инклюзияның негізі бар. Алайда, сонау бір тәуелсіздік алған жылдарымызда инклюзивтік білім беруді дамытуға қаржы бөлінбеді, барлық күш шағын жинақты мектептерді көтеруге жұмсалды да, арнаулы мектептердің көбі жабылды. Сөйтіп, біз қыспақта қалдық. Еліміз ес жиып, етек жапқалы бері инклюзивті білім беруге арналған жеке сыныптар ашылуда. Алайда, бізде бұл мәселе әлі талқылаудан, пікір алмасудан әрі аса алмай жатқанын айта кетуім керек шығар. Осы күндегі басшылардың ішінен инклюзивті білім беруге шындап көңіл бөлген бір-ақ адамды көрдім. Ол бұрынғы ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Асхат Аймағамбетов болатын. Мен соңғы рет мұғалімдердің тамыз кеңесінде қазіргі таңдағы балалық шақ туралы мәселе көтерген едім. Ғалым ретінде менің пайымым бойынша, инклюзия осы мәселелерді шешудің бірден-бір жолы. Егер, біз іс жүзінде мектеп пен жоғарғы оқу орындарының, отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің кешенді іс-әрекеті арқылы ертерек коррекция, диагностика жасайтын болсақ инклюзия мәселесі алға жылжыған болар еді. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аталған мәселені ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап өткім келеді. Халықаралық сипатқа ие болып отырған бұл бағдарламаның екі негізгі бағыты бар. Оның біріншісі адамгершілік-рухани аспектімен байланысты болса, екіншісі қоғамдық сананы өзгерту мен әр азаматтың рухани жаңғыру мәселесі. Осының ішінде мені адамгершілік-рухани мәселелер ерекше толғандырады. Адамзаттың бүкіл құндылықтары арқылы біз биік адамгершілік қасиеттерге қайта оралуымыз керек. Және де біз қоғамдық сананы қандай жолдармен қалыптастырамыз деген сұрақтың төңірегінде көп ойланғанымыз жөн. Шын мәнінде қоғамдық сана толық жаңарғанда ғана инклюзия мәселесі дұрыс шешіледі деп ойлаймын. –Қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы қандай болады деп ойлайсыз?
 – Қоғамдық сананы жаңғыртуда және қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншілігі де, әлеуеті де зор. Бұл үшін телебағдарламалар адамгершілік, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған жаңа мазмұнға ие болуы тиіс. Теледидарда жас ұрпақты қатыгездікке, арсыздыққа итермелейтін шетелдік кинофильмдер қаптап кеткен қазіргі таңда оларды ығыстыратын ұлттық тәрбиеге, адамгершілік құндылықтарға бағытталған отандық туындыларды алға шығару керек. Жұртшылық көбірек көретін арнайы бағдарламалар мен тақырыптық ток-шоуларды адамгершілік мәселелеріне арнап жатса нұр үстіне нұр. Газет-журнал мақалалары да дәл осы мәселені терең қамтып жазатын болса, ұтарымыз мол болмақ. Әлеуметтік желілерде де рухани құндылықтарды жүйелі жазып тұрса қане? Бүгінде бірде-бір ақпарат құралында инклюзивтік білім беру мәселесі туралы арнаулы бағдарламалар, тұрақты рубрикалар болмауы мені қатты толғандырады. Шын мәнінде бұқара халықтың инклюзивтік мәдениетін қалыптастыратын БАҚ екенін ұмытпағанымыз абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет