Отандық ғалымдар Қай жылдары зерттеді?


Еліміздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика-психология институтында (факультетінде) инклюзия жөнінде қандай жұмыстар атқарылуда?



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі41,04 Kb.
#93495
1   2   3   4   5
Байланысты:
CРС ИНКЛЮЗИВ

Еліміздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика-психология институтында (факультетінде) инклюзия жөнінде қандай жұмыстар атқарылуда? 
– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор Ақбота Аутаева басқаратын арнаулы педагогика кафедрасында инклюзия жөніндегі жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Соңғы жылдары бұл кафедра сонау 70-80-ші жылдардағы атақ-даңқына қайта оралды. Шын мәнінде бұрынғы кезде жастардың дефектология (арнаулы педагогика) мамандығына деген ынта-ықыласы, қызығушылығы өте жоғары болатын. Кейінгі өтпелі және аумалы-төкпелі кезеңде бұл қызығушылық біраз төмендеп кеткені рас. Қазір бізде арнаулы педагогикада 700 студент білім алады. Сонымен бірге, инклюзия бойынша жұмыс істейтін болашақ мамандарды мамандандыруға, инклюзивті білім беруді интеграциялау үшін мұғалім дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Енді бұл жұмыстың тиянақты атқарылуы, тиісті нәтиже беруі үшін табанды жұмыс жүргізілуі керек. Инклюзияға арналған жаңа пәндер, арнаулы курстар енгізу қажет деп ойлаймын. Қазіргі кезде оқу үдерісіне 2 кредит көлемінде инклюзивті білім беру курсы енгізіліп отыр. Бірақ бұл аздық етеді. Ең бастысы, біз жоғары оқу орнында практикамен логикалық байланысқа жаңаша көзқараспен қарауымыз керек. Әсіресе, мектептегі тәжірибенің жөні бөлек. Кез-келген мұғалім кәсібінде арнаулы мектептер болуы керек. 
Бүгінде біздің елімізде инклюзивті білім беруге арналған мектепке дейінгі мекемелері мен мектептер ашылып жатыр деп естиміз. Бұл жөнінде не айтар едіңіз? – Бұл іске өте сақтықпен қарауымыз қажет. Ондай мектептер мен балабақшалар жасақталып жатыр. Бірақ, олар тиісті ғылыми негізде емес, өз білгендерінше әрекет етуде. Бұл мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің нақтылы мақсаттары мен міндеттері айқын емес. Республика бойынша инклюзивті білім берумен айналысатын сыныптардың, мектептердің саны да белгісіз, тиісті базасы да жоқ. 

Қорытындылай келе,Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру жағдайын қамтамасыз ету дегеніміз - оларды қалыпты балалардың қатарына қосып, бірге оқыту тәрбиелеу және дамыту болып саналады.


Қорытынымды осы ғалымның сөзімен аяқтамақшымын.В.А.Сухомлинский “Кім өзінің оқытушы екенін ұмытса, сол жақсы оқытушы” деген. “Оқытушыға тәлімгерлік үнді тастап, негізгі ынталануын көрсетсе, өзінің «жоғарыда» тұрғанын ұмытып, «қасында тұрса», оқушылар ретінде үн шығарып, қарым-қатынас жасаудың шынайы қызығушылығын танытса, сол жақсы ұстаз”.

Пайдаланылған әдебиеттер:


https://referattar.kazaksha.info
https://nao.kz/loader/load/382
https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/education/sbornik_inkljuziv_obraz.pdf
https://stud.kz/referat/show/68591
Оспанбаева М.П “ Инклюзивті білім беру” П 232 бет,2020 жыл
https://emirb.org/inklyuzivti-bilim-beru-jafdajinda-erekshe-ajettilikteri-bar-ou.html?pag
Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б.
К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? Мектептегі психология, 2010, №5,18-20 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет