Отандық ғалымдар Қай жылдары зерттеді?



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі41,04 Kb.
#93495
  1   2   3   4   5
Байланысты:
CРС ИНКЛЮЗИВ


Отандық ғалымдар

Қай жылдары зерттеді?

Еңбектері

1.Хакимжанова Г. Д., Айдарбекова А. А.

2001 ж

“Жаппай мектеп жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу”

2. Сүлейменова Р.А.

2002 ж

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңының және арнайы білім беру саласындағы бірқатар нормативтік құжаттардың авторы

3. Кумаржанова К.Ш.

2003 ж

“Мүмкіндіктері шектеулі баланың отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс”



4. Айдарбекова А. А.

2005 ж

“Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын түрлі деңгейлі талаптардың қажеттілігін негіздеу”

5. Байтұрсынова А. А

2005 ж

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту және тәрбиелеу мәселелері.



6. Жалмухамедова А. К

2006 ж

“Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру процесіне ерте енгізудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері”

7. Баймуратова А. Т. Байтурсынова А. А

2008 ж

«Арнайы сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың қиындықтары туралы» , «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциясы контексіндегі жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарының жай-күйі»

8.Кошанова З.А
Сахипова Ж.М
Искакова К.А

20.10.2016 ж

«Actual problems of the theory and practice of inclusive education» Халықаралық конференцияда жасалынған жұмыс. Жасалған жұмыс барысында мына мәселелер алға қойылды:
1) мүгедек баланың дені сау балалар сияқты оның қадір-қасиетін қамтамасыз ететін және қоғамға белсенді енуге ықпал ететін жағдайларда толыққанды өмір сүруге құқығы бар.
2) мүгедек бала өзінің физикалық, ақыл-ой қабілеттері мен тілектеріне сәйкес білім алуға, қызмет түрі мен кәсіп түрін таңдауға, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы.
3) Мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде ақыл-ойы немесе физикалық мүмкіндігі шектеулі балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Осы орайда мынадай қорытынды жасалды:
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі - Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі. Бұл әркім өзінің білімі мен іс-әрекетінің қатыстылығы мен өзектілігін сезіне алатын шынайы инклюзивті қоғам құрудың алғышарттарының бірі. Біздің қоғам әр балаға, оның қажеттіліктері мен басқа жағдайларына қарамастан, өзінің әлеуетін толық іске асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беруге міндетті». Жұмысты қорытындылай келе, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қатарластарымен бір дәрежеде спорттық сайыстарға, мерекелік кештер мен білім үрдісіне қатысуды жоспарлау талап етілді.
Сайт - http://library.wksu.kz/dmdocuments

Мовкебаева З.А

2016ж

«Инклюзивное образование: теория и практика». Бұл еңбек 2016 жылы Алматы қаласында жарық көрген. 113 беттен тұрады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту принциптері, қоғамға бейімдеуге арналған жоба модельдері мен оқытушыларға қойылатын талаптар арнайы 3 тарауға бөлініп қарастырылған. Ең маңыздысы әрбір талап жеке-жеке бөлініп, балалар үшін партаның арақашықтығы, ұстаз құзіреттілігі сияқты бөлімдер айқын қамтылған.

Мовкебаева З.А

2017ж

«Современные подходы в подготовке учителей-дефектологов в Республике Казахстан». Мұнда Қазақстандың педагогтарды оқытудың заманауи әдістемелері мен жаңа жобалар ұсынылып, қарастырылған. Арнайы мамандықтар үшін заңнамалық нормаларға сәйкес ұсыныстар мен пікірлер берілген.
Сайт - https://ru-ru.facebook.com/groupglobal.org/posts/847843605306008

Сбитнева А.Н

2014ж

«Инклюзивное образование в Республике Казахстан». Бұл еңбекте Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін білім берудің перспективалары мен бағыттары баяндалған. Арнайы білім беруге мұқтаж жандар жеке категорияларға бөлініп қамтылған.

Жетписбаева Б.А
Жетписбаева М.А

2017ж

«Особенности инклюзивного образования в Республике Казахстан». Бұл еңбекте арнайы сауалнамалар жүргізілу арқылы, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің баста қағидалары мен кемшіл тұстары анықталған және оларды шешу жолдары ұсынылған. Еңбек бойынша еліміздегі инклюзивті білім беру бойынша күн тәртібіндегі мәселелер төмендегідей.
Ең маңыздылары:
1)арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін қол жетімді ортаның болмауы;

2)балалар мен мұғалімдердегі мүгедектерге деген құрметтің жоқтығы, олардың мүмкіндіктері мен құқықтары туралы білімдерінің жеткіліксіздігі;


3)кадрлардың кәсіби дайындығы жеткіліксіз.


Сайт - https://articlekz.com/article/17922

Ердембеков Б.А
Барабанова Е.И
Смаилова Ж.У

04.11.2016ж

Бұл еңбекте мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу барысындағы ескерілетін талаптар, заңнамалық нормалар түгел қамтылған. Диагностикалық мәліметтер сараптамадан өткізіліп, енгізілген. Арнайы білімді қажет ететін балалармен жұмыс атқару барысында қарастырылатын дағыдалар, сондай-ақ жұмыс үстінде ескерілетін (білім жүйесі, кабинетті жабдықтау, бағалау шкаласы, т.с.с.) талаптар айқын баяндалған. Жалпы алғанда, оқу материалы талаптарға сай, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын педагогтар үшін таптырмас мүмкіндік десек те болады.
Сайт - https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/education/sbornik_inkljuziv_obraz.pdf

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет