Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде Орындаған: Алпысбай Ұлар



бет2/6
Дата31.03.2022
өлшемі14 Kb.
#137370
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде-melimde.com

Отбасыкіші әлеуметтік топ


  • Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Отбасы кіші топ бола тұрып, индивидтердің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Мұнда жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, өйткені формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде қатынастарға тікелей тәуелді. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, өйткені ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа да туыстарын біріктіреді. Көбінесе отбасы – тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет