«отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал


Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары



бет6/7
Дата13.08.2017
өлшемі2,37 Mb.
#23428
1   2   3   4   5   6   7

8.2.2. Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары

Бейвербалді қарым-қатынас дегеніміз, бейвербалді деңгейде берілетін ақпараттарды айтамыз, оның көмекшілері: дене қимылы, кейіп, көзқарасы, мимика, екпін және үзіліс. Бейвербалді қатынастың бөлігіне мыналарды жатқызады: иістер, киімдер, қоршаған жағдай, күн мерзімі.

Джозев Коннердің айтуы бойынша ақпараттың 93 пайызы (55 пайызы тіл қимылдары, 38 пайызы дауыс ырғағы) бейвербалді қатынастан, 7 пайызы сөйлеу қатынасынан беріледі. Бір сөзді әр түрлі түрде айтылуы мүмкін, мағынасы жағынан бұл түрлі ақпараттарды береді, кей кезде қарама қайшы да болуы мүмкін. Сондықтан бейвербалді қатынас тілін жетік меңгеру қажет және де оны практика да қолдана білу қажет.

Бейвербалді қатынас сезім қатынасын береді. Сөйлеу қатынасына қарағанда бейвербалді қатынасы жақсы нәтиже беруі мүмкін. Сонымен қатар бейвербалді қатынасын жасауды ұмытпау қажет, бұл клиентпен қарым-қатынас құруда көмек беруі мүмкін немесе керісінше қатынасты бұзуы мүмкін.




  • Ара қашықтық

Біз және біздің клиенттер үшін адам арасындағы қашықтықтың жақындық пен алыстық жайлылығын білуіміз қажет. Ара қашықтық қажеттілігі адамның жынысына, ұлтына, тұрмыс жағдайына байланысты.

  • Кейіп

Адамның кейіпі оның қатынасын көрсетеді. Аяқ-қолдарымызды айқастырмай, әңгімелесуге бетімізбен қарап тұрып ашық қараста біз өзіміздің жағымды қатынасымызды көрсетеміз. Мұндай кейіп біздің клиентке деген ашықтығымызды және көңіл аудару сезімімізді білдіреді.

  • Жанасу

Жанасу – бейвербалді қатынасының басқа көрінісі, ол клиентке байланысты түрлі мағынаны білдіреді. Ара қашықтық қатынасы секілді жанасу қатынасының колданылуында мәдениет айырмашылықтары бар. Отбасы жұмысында констексттік айырмашылықтар мағыналары да ерекше орынға ие. Жанасу мүмкіншілігінен айырылған адамдармен жұмыс жүргізген кезде жанасу қатынасы маңызды мағынаға ие, бұл біздің ондай адамдарға деген ашықтығымызды және қолдауымызды білдіреді.

  • Визуалды байланыс

Көзбен байланыс терең жеке ерекшелік болып табылады. Кейбір адамдарға көзбен байланыс ұнайды, басқалары оны қорқынышты және жайсыз деп есептейді. Клиентпен көз байланысына түскен кезде олардың дұрыс сезінуін анықтау қажет. Алайда көз байланысының жалпы ережелері де бар:

  • клиентпен әңгімелесу кезінде оған қарап отыруыңыз қажет – бұл сіздің ашықтығыңызды білдіреді;

  • көзқарасыңызбен, өзіңіздің тыңдау ықыласыңызды, назарыңызды білдіруіңіз қажет

  • клиентке тік қарап отыруыңыз үрей туғызады, анда-санда қысқа уақытқа назарыңызды басқа жаққа аударып тұрыңыз

  • клиенттің тек көз бен жүзіне қарап отырмай, жалпы клиентке қарап отырғаныңыз жөн, бұл клиенттің қызбалылығын туғызбайды.

  • Бет әлпеттің түрі

Бет әлпеттің түрі әңгімелесушіге деген қатынасты білдіреді. Тұнжыраған бет әлпеттің түрі скептицизм тудыруы мүмкін. Барлық уақытта күлімсіреу достық және жағымды қатынасты білдіреді. Күлімсіреу әлеуметтік сыпайылықты немесе өзін жақсы жағынан көрсетуді білдіреді.

Ауыспайтын бірқалыпты бет әлпетінің түрі әлсіз немесе ықылассыз адамдарға сай келеді.



  • Киім

Өзін клиентке көрсете білу қажет. Бірінші әсер үлкен мәнге ие, киім оның маңызды бір бөлігі. Егер сіз қымбат киімде болсаңыз, клиент өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін. Сонымен бірге егер сіздің киіміңіз таза емес, ұқыпсыз болса, клиент сыйламағандықты сезінуі мүмкін. Бұл жерде баланс сақтау қажет, киімді дұрыс таңдау сізге жәрдем етеді.

Клиенттер үшін сенімді және дәл болуыңыздың маңызы зор. Кездесуді жою сіздің ең соңғы әрекетіңіз болуы тиіс, ондай болған жағдайда клиентке толық себептерін айқындап беру қажет. Жаңа кездесуді ең қысқа мезгілде тағайындау қажет. Кездесуге кешігіп келу клиентті сыйламағыныңызды білдіреді. Егер ондай оқиға болған жағдайда алдын ала клиентіңізге хабар беруіңіз жөн.

  • Басқа факторлар

  • Бөлме жағдайы

  • Бөлме жайлы болуы тиіс

  • Қолайлы құралдар

Кемтар адамдармен, балалармен қарым-қатынаста болған жағдайда өзіңізге керекті материалдардың, ойыншықтардың, кітаптардың бар екендігіне көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол сізге нәтижелі қатынасқа жетуіңізге жәрдемін тигізеді.

Клиенттің бейвербалді жауап қайтаруы оның сізге деген қатынасының қандай дәрежеде екендігін айқындайды. Мысалы, көзқарасы, әрдайым күлімсіреуі немесе кейпін ауыстыра беруі қатынастың, әңгіменің, қарым-қатынас мақсатының немесе құрылымның оған жайсыз болып тұрғанын білдіреді.


5.3. Вербалды қатынас. Тойтару әдістері
Вербалды қатынас дегеніміз ауызша немесе тіл арқылы сөйлеу қатынасы.

Вербалды қатынастың негізгі дағдысы тойтару немесе рефлексия болып табылады. Бейнелеу дегеніміз, клиенттің айтқандарына жауап қайтару, яғни айтқанда клиенттің сізге айтқандарын айрықша кілтті сөздерді қолданып өзіне қайталап айту. Клиенттің айтқанын қайталау, оның әңгімені ары қарай жалғастыруына ықпал етеді.

Бейнелеу клиентке біздің оның сезімдері мен уайымын түсінуімізді білдіреді.

Бейнелеу клиенттің қолданған сөздері мен сөйлемдерін қайталауымызда белгіленеді. Осы кезде біз әңгімені толығырақ естуге ықпалымызды білдіреміз.

Бейнелеу қайталап айту түрінде болуы мүмкін: басқа сөздерді қолданып, клиенттің айтқанын қайталау. Бұны ұқыпты түрде жасаған жөн: клиенттің айтқанын басқа сөздерді қолданып қайталау, бірақ айтылғанның мағынасы жоғалмауы керек. Бұл жағдайда клиенттің айтқанын ғана емес, оның дауыс ырғағын, бет әлпетінің түрін және дене қимылын қайталауымыз қажет.

Бейнелеудің екі түрі бар: сезімдік және деректі бейнелеу

Деректі бейнелеу

Дерек бейнелеу сіздің ынтаңызбен және ықыласыңызбен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді. Рефлексияның бұл түрі сізге клиентті дұрыс түсініп-түсінбегеніңізге сендіреді. Деректі рефлексиясы – бұл клиенттің айтқандарын қайталау.


Сезімдік бейнелеу

Бұл жағдайда факттылық мазмұны емес сезімдік жағын айқындауға мүмкіндік беру қажет.

Мысалы:

«кеше менің жігітім келгенде мен қатты қорықтым» - мағынасы,

келесі түрге келеді:

«кеше сіздің жігітіңіз үйіңізге келгенде, сіз қатты қорқыныш сезімінде едіңіз».

бейнелеу маңызды, өйткені ол:


      1. Сіздің тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.

      2. Сізді тыңдауға мәжбүр етеді.

      3. Егер сіз дұрыс түсінбеген болсаңыз, клиент сізді түзетуіне мүмкіндік береді.

      4. Клиенттің әңгімені жалғастыруына мүмкіндік береді.

      5. Клиенттің тақырып таңдауына мүмкіндік береді.


8.2.4.Отбасылық кеңес беруде қолданылатын сұрақтың түрлері

Әңгіме жүру барысында клиентке сұрақтар қойғаныңыз дұрыс, бірақ сұрақ қою кезінде сақтық көрсету қажет. Сұрақтар бейнелеуге қарағанда жабысыңқы болып келеді. Сондықтан клиенттің өзін тергеу кезіндегі сотталушы ретінде сезінбеуі үшін сұрақ қоя білу қажет. Ашық сұрақтар: бұл сұрақтарды жауаптар ортасының кеңдігі деп түсінуге болады. Мұндай сұрақтар «Не?», «Болады ма?», «Сіз жасай аласыз ба?» немесе «Қалай?» деген сұраулы сөздерден басталады. Сондықтан «Кешкі уақытыңызды қалай өткізесіз?» немесе «Өзіңіздің отбасыңыз жайында айтып бере аласыз ба?» деген сұрақтар ашық сұрақтарының жақсы мысалы бола алады.

Жабық сұрақтар «иә», «жоқ» немесе сан жауаптар түсінігі.

Әдетте мұндай сұрақтарға жауап бір сөзден құралады, ары қарай үзіліс болады, өйткені клиент келесі сұрақты күтеді. Мұндай сұрақтар «Ал сіз...?», «Сіз ... жасадыңыз ба?», «Қанша?» деген сұраулардан басталады. Мысалы: «Сіз өзіңіздің сүйіктіңізге не болғанын айтқан ба едіңіз?» немесе «Қанша бауырларыңыз бар?». Сұрақтардың мұндай түрлері барлық уақытта клиентке көмегін тигізбейді.

Сұрақтардың ашық түрін қолдану клиенттің әңгіменің жүру бағытын бақылауына жол береді. Әңгімелесу кезінде ашық сұрақтарды көбірек қоюдың маңызы зор, ал жабық сұрақтардың санын азайту керек.
8.5.5. Белсенді тыңдау техникалары
Маман отбасымен жұмыс қатынасын нәтижелі құру үшін, белсенді тыңдау техникасын меңгеруі тиіс. Оларға:


    • үнсіз тыңдау – күту, әңгімелесушіге қарай еңкею кейіпі, бет әлпетінің қолдау түрі, ары қарай тыңдауға дайын екендігін білдіретін бас изеу.

    • нақтылау - әңгімелесушіні түсіну үшін, әңгімелесушіден айтқандарының ішінен кейбір кезеңдерін толықтыруын өтіну (мысалы, клиент: «Соңғы кездері өзімді жаман сезініп жүрмін» дегенде. «Біраз түсіндіріп өтсеңіз, «өзімді жаман сезініп жүрмін» дегеніңіз нені білдіреді?»).

    • қайталап айту - әңгімелесушінің айтқандарын өз сөзімен мазмұндап беру, әңгіме басында толығырақ, ары қарай – тыңдаушыға маңызды болып көрінген мән-жайларды сақтап бөлу.

    • әңгімелесушінің ойын ары қарай дамыта білу - әңгімелесушінің айтқанының жанама баламасын айту.

Егер психотерапевт осы айтылған теориялық бағыттар мен диагностика аспектілері жайлы жақсы білетін болса, онда қажетті өзгерістерге қол жеткізу үшін бағалаудың бір деңгейінен екінші деңгейіне жеңіл ауыса алады. Кейде психотерапевт отбасымен тұтастай жұмыс істей алмайтындай болса, жекелік жұмысқа көңіл аударуға тура келеді.Осы деңгейлердің әрқайсысымен жұмыс істегенде психотерапевт нақты бір түсініктерге сүйене отырып, қызмет атқаруы қажет.


I.1. Баланы тексеруге және мәлімет жинауға арналған карта.
Толтырылу мерзімі___________________________________

Ата тегі________________________ Аты____________________


Мектеп________________________ сынып______________________

Бала-бақша_____________________ топ _________________________

Жасы (айы, күні)_______________жынысы_____________________


Кіммен бірге тұрады.....

Ата-анасымен

Апа-атасымен

Интернатта

Аға/ қарындасы қанша_________________________________________


(аты-жөні, жасы)


Ата-ана толтырады

Мекен жайы_________________________________________________________

Анасының аты-жөні___________________________________________________

Телефон___________________мобилді түрі __________________________

Қандай кәсіпті атқарады____________________________________________

жұмыс уақыты басталуы, аяқталуы______________________________________

Әкесінің аты-жөні ___________________________________________________

Телефон___________________мобилді түрі __________________________

Қандай кәсіпті атқарады____________________________________________

жұмыс уақыты басталуы, аяқталуы______________________________________




Қосымша№1-б



Мәлімет көрсеткіштері

Жүктілікке байланысты сұрақтар, туу және туудан кейінгі кезең

Анасының бала туылған кездегі жас шамасы______________________________

Кім болып қызмет атқарған_____________________________________________

Әкесінің бала туылған кездегі жас шамасы________________________________

Қандай кәсіппен айналысқан____________________________________________

Жүктілік кезең қалай өтті?______________________________________________

Жүкті болу жоспарлауда бар ма еді?______________________________________

Бұған дейін жүкті болған ба едіңіз?________Аборт жасатыппа едіңіз?_____

Алдын-ала мерзімнен ерте босану болыппа еді?___________________________

Жүкті кезінде ана жұмыс істеді ме?_________ қай айға дейін?_______

Жүктілік кезде ауру,__________________________________________________

оның асқынуы болып па еді? _________ Болса қандай?_____________________

Жүктілік кезеңде психикалық қысым, стресс алып па едіңіз?________________

Ата-ананың қан тобында көтере алмау жоқ па?___________________________

Мерзімді босануға 10күн қалғанда және10 күн өткеннен кейін_______________

Босану процесі қалай өтті?( ұзақ уақыт, вакум, щипцы)_____________________

Басану кезінде әкесі қасында болды ма?_________________________________

Қанша уақытқа ( жасқа) дейін баланы емізді?______________________________

Алғашқы жылы бала ауырды ма? ___________Қандай түрімен?______________

Ауруханада босанды ма? _________ Қашан? Қайда ?_______________________

Алғашқы жылында тамақтануында, іш құрылысында бұзылыс байқалды ма?

____________________________________________________________________

Балаға қарау үшін анасы үйде қанша отырды?____________________________

Бала босанғаннан кейін анасы өзін қалай сезінді, ауырған жоқ па?____________

Бір аптадан аса баладан бөлек кету қашан болды?__________________________

Алғашқы жылы анаға кім көмекші болды?________________________________

Әкесінің алғашқы жылғы көмегі?_______________________________________

Алғашқы уақыты? ____________ Соңы? __________Горшокқа отыруы _______

Алғаш туылған кездегі бала салмағы? ________________ Бойы______________

Қай айдан бастап отырды? _________ Жүрді _________ сөйледі___________







Алғашқы қыңырлық нышаны қалай көрінді?______________________________

Ата-ана бөлмесінде қанша жасқа дейін бірге ұйықтады?____________________

Аурудың созылуы (қай жастан басталды)?______________________________

Қызылша _______ ангина _____________қарсы егудің күрделенуі___________


_____________________________________________________________________

Тұрмыс жағдайы______________________________________________________

Үйіңізде қанша бөлме бар?_____________________________________________

Балада жеке бөлме бар ма?______________________________________________

Баламен бірге тағы кім ұйықтайды?______________________________________

әпкелі-інілі қатынасы қандай?___________________________________________

бала-бақшаға барды ма? _________ Қай жастан?_________________________

Бала-бақшаға байланысты мәселе туындады ма?__________________________

Балаға шағым жасалды ма?_____________________________________________

Ата-анадан баланың бөлінуі (дем алу, ауырып қалғанда, туыстарына кеткенде)

Қай жаста? ________Қанша уақытқа_______ бала кіммен болды? ____________ балада қалу туралы қорқыныш бар ма ?___________________________________

Баланың алғашқы жылында отбасында қақтығыс болды ма?_________________ Егер «иә»десеңіз, онда қандай ( ұрыс-керіс, жанжал, ажырасу)?______________

Бала екі жасқа келгенде отбасында қақтығыс болды ма?____________________

Бала үш жасқа келгенде отбасында қақтығыс болды ма?____________________

Бала төрт жасқа келгенде отбасында қақтығыс болды ма?___________________

Бала бес жасқа келгенде отбасында қақтығыс болды ма?___________________

Бала мектепке барар да отбасында қақтығыс болды ма?_____________________

Бала бастауыш сыныпта қуып жүргенде отбасында қақтығыс болды ма?______

Қазір отбасында қақатығыс бар ма?______________________________________

Әкесі бала тәрбиесі мен күтіміне қатысады ма?____________________________

Баланы өз төсектеріңізге жиі алып жатасыздар ма__________________________

Бала апа-атасына, туыстарында тәрбиелене ме?____________________________

Бала қатты ауру мен өлім жағдайында болды ма?___________________________

Бала көлік апатында болды ма?__________________________________________

Бала мектепке барғанда мәселе туындап па еді? ___________________________




Шағымдану және симптоматикалық бақылау:

Ата-ана жағынан шағым жасалуы_______________________________________

_____________________________________________________________________

Мұғалімдерден шағымның түсуі________________________________________

_____________________________________________________________________

Баладан шағымның түсуі_______________________________________________


_____________________________________________________________________

Бақыланған симптомдар________________________________________________

_____________________________________________________________________





Мәлімет және өмір тарихының ерекшелігі_____________________________

Психикалық дамуы



Мінез-құлық ерекшелігі

Эмоционалды дамуы

Жеке бас дамуы

Интеллектуалды дамуы

Естің дамуы

Зейіннің дамуы

Психопатологиялық ерекшелігі

Бастапқы диагноз

Психоперапияның божамы және мақсаттылығы

Терапия жоспары

Ата-анаға ұсыныс

Мұғалімдерге ұсыныс



Психотерапияның өтілуі

Сеанс№

күні

Мотив

Ерекшелігі

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10









Қорытынды_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мерзімі__________________ қол қою_____________________________
1.3. Басса-Дарки сұрақнамасы
Отбасындағы зорлықтың боуы агрессиялық мінез-құлықтың пайда болуына әкеліп соғады. Төменде Басса-Даркидің сұрақнамасы ұсынылған, оның негізгі мақсаты - тұлғалық агрессия деңгейін бағалау(12).

Жеке тұлғаның агрессияның жоғарғы деңгейі отбасы іс-әрекетіне әсер етіп отбасындағылардың бір-бірімен қақтығыстың және бәсеклестіктің көрінуіне әсер етеді.

Зерттелушіге Басса-Даркидің сұрақнамасы, жауап парағы ұснылады.

Нұсқау: Сізге берілген 40 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

Жауап парағына өзіңіздің жауабыңызды сәйкес бағананы белгілеңіз.



  1. Келіспеушілік кезінде мен жиі дауыс көтеремін.

  2. Егер менде біреу тітіркендірсе мен оған өзі туралы не ойлайтынымның барлығын айтып саламын.

  3. Егер өзімнің құқығымды қорғау үшін денелік күш көрсету керек болса, мен оны ойланбай істеймін.

  4. Мен өзім ұнатпайтын адаммен кездескенде мен оны байқатпай түртіп немесе итеріп жібере аламын.

  5. Басқа біреумен келісе алмай жатқанда мен столды қолымен ұра алам, себебі маған көңіл аударғанын немесе өзімнің дұрыстығымды дәлелдегім келеді.

  6. Мен ылғида басқалар менің құқығымды сыйламайтынын сезініп тұрамын.

  7. Мен өткенді еске ала отырып, кейде өзіме деген өкпені сезінемін.

  8. Сырт көзге байқатпағаныммен, кейде мені ішкі көреалмаушылық сезімім жегідей жейді.

  9. Егер мен таныстарымның жағымсыз қылықтарын ұнатпасам оны мен өздеріне тікелей айта аламын.

  10. Мен қатты ашуланғанда ауыр сөздер қолданамын.

  11. Егер маған қол көтерсе, мен оны бірінші болып ұруға тырысамын.

  12. Мен соншалықты ашуланғанда заттарды лақтыра бастаймын.

  13. Менде пәтерімдегі мүліктердің орнын ауыстырып қоюға немесе мүлдем ауыстырып тастағым келетін кездер жиі болып тұрады.

  14. Адамдармен қарым-қатынаста мен жиі өзімді жарылуға дайын тұрған «оқ толы бөшке» сияқты сезінемін.

  15. Кей-кездері мен басқаларды келемеждеп, әзілдескім келіп тұрады.

  16. Мен ашуланғанда, түнеріп кетемін.

  17. Басқа адаммен сөйлескенде оның сөзін бөлмеуге, құлақ салып тыңдауға тырысамын.

  18. Жас кезімде менің елді «жұдырықтауым жиі болатын» .

  19. Егер мені әдейі итеріп жібергенін білсем, онда іс нашырға шауып, қол жұмсауға дейін барамын.

  20. Менің жұмыс столымның үстіндегі ретсіздік шығармашылықта әрекет етуіме мүмкіндік береді.

  21. Мен қатты ашуланған кезімде қолыма не түссе, соны сындыратыным есімде.

  22. Кейде адамдарды көрудің өзі мені тітіркендіреді.

  23. Көбінде мені жиі өзге адамдарға жақсылық жасауыма қандай жасырын себептері болатыны қатты таңдандырады.

  24. Егер мені қатты өкпелетсе, онда менің ешкіммен сөйлескім келмейді.

  25. Кейде мен өзіме ұнамайтын адам туралы әдейі жағымсыз нәрселер айтамын.

  26. Қатты ызаланғанда мен өте ауыр, ауыр сөздер айтып ұрысамын.

  27. Мен кішкентайкезімде төбелестен аулақ жүретінмін.

  28. Мен қашан және не себепті біреуді ұру керектігін білемін.

  29. Мен қатты ызаланғанда есікті тарс жабуым мүмкін.

  30. Менің айналамдағы адамдар мені жақтырмайтын сияқты.

  31. Мен жиі өзімнің мазасыздану мен сезімімді жиі айналамдағылармен бөлісемін.

  32. Мен өте жиі сөзім және іс-қимылым арқылы өзіме зияндық келтіремін.

  33. Маған біреу қатты дауыс көтерсе, менде солай жауап беремін.

  34. Егер маған біреу бірінші болып қолкөтерсе менде сондай қимылмен жауап қайтарамын.

  35. Мені киім мен заттардың өз орнында жатпауы ашуландырады.

  36. Егер бұзылған не жыртылған заттарды орнына келтіру қолымнан келмесе, ызаланып оны соңына дейін жыртып және сындыратын боламын.

  37. Мен үшін өзге адамдар табыстырақ сияқты.

  38. Мен өзіме ұнамайтын адамды ойыма алсам, оған қалай жамандық келтірсем деген ой келеді.

  39. Кейде тағдыр менімен қатал әзілдескен болып көрінеді.

  40. Егер менің қалауымша қарым-қатынасқа түспесе, мен қатты ренжитін боламын.

Басса-Даркидің жауап парғы

Ф.И.О



Иә

жоқ



Иә

жоқ



Иә

жоқ



Иә

жоқ

1







11







21







31







2







12







22







32







3







13







23







33







4







14







24







34







5







15







25







35







6







16







26







36







7







17







27







37







8







18







28







38







9







19







29







39







10







20







30







40







ВА- вербалды агрессия, ФА- физикалық агрессия, ЗА- заттық агрессия, ЭА- эмоционалды агрессия, ӨА-өзіндік агрессия.

ВА

ФА

ЗА

ЭА

ӨА

1. иә

17.жоқ

3.иә

19.иә

5.иә

21.иә

6.иә

23.жоқ

7.иә

31.жоқ

2. иә

25.иә

4.иә

27.жоқ

12.иә

29.иә

14.иә

30.иә

8.иә

32.иә

9.иә

26.иә

11.иә

28.иә

13.иә

35.иә

15.иә

37.иә

16.иә

39.иә

10. иә

33.иә

18.иә

34.иә

20.жоқ

36.иә

22.иә

38.иә

24.иә

40.иә

1.4 Томмас-Климанның «қақтығыстағы іс-әрекет стильдері» сұрақтамасы

Томас Климанның «қақтығыстағы іс-әрекет стильдері» сұрақтамасы- қақтығыстағы адам іс-әрекетін бағалауға арналған. Қақтығыстағы жағдайлар екі адамның қызығушылықтары бір-біріне сәйкес келмегенде пайда болады. Бұл жағдайдағы іс-әрекетті екі негізгі сипатта қарастыра аламыз: (1) Сенімділік немесе адам өзінің жеке қызығушылықтарын қаншалықты деңгейде қанағаттандыра алады және (2) өзара іс-әрекет немесе адам келесі бір жақтың қызығушылықтарын қаншалықты деңгейде қанағаттандыра алады, осы екі негізгі сипаттама қақтығысты жағдайдағы нақты 5 стиль түрін анықтауда қолданылады.

Нұсқау: «Сұрақнамада мүмкін болатын іс-әрекет реакцияларын сипаттайтын тұжырымдамаларды таба аласыз. Олардың ішінен (А және Б жұбын) өзіңізге сәйкес келетінін тауып, шеңбермен қоршаңыз. Көп жағдайда ешбір тұжырым сіздің ойыңызбен сәйкес келмейтінін байқайсыз. Онда өзіңізге мүмкін деген нұсқаны белгілеңіз.

Сұрақтарға жауап беруде сйкес жауапты шеңберге қоршаңыз»

Сұрақтама

1. А. Мәселені шешуде басқа біреудің өзіне жауапкершілік алуына рұхсат ететін кездерім болады.

Б. Көзқарастарымыз ұштаспайтын мәселелерден гөрі, ойымыз бір мәселені талдауды жөн көремін.

2. А. Мен келісімге келуге ұмтыламын

Б. Мен өзімнің және өзгенің жағдайын ойластырамын

3. А. Әдетте мен мақсатыма берікпін

Б. Мен басқаларды тынышталдырып, қарым-қатынасты сақтай алар едім.

4. А. Мен келісімге келуге ұмтыламын

Б. Кейде мен өзгенің ниетін жүзеге асыруда өз тілегімді құрбан етемін.

5. А. Мен шешім шығаруда басқаның көмегіне сүйенуге жүйелі түрде ұмтыламын.

Б. Мен пайдасыз қысымнан құтылу үшін қажетті әрекет жасауға мүмкіндік аламын.

6. А. Мен өзіме ұнамайтын сәттерден қашық жүремін.

Б. Мен өз көзқарасымда қалуды дұрыс деп табамын.

7. А. Мен сұрақты дұрыс ойластырғанға дейін кейінге шегеремін.

Б. Мен көзқарастарды басқасына алмастыру үшін кейбіреуінен бас тартамын.

8. А. Әдетте мен мақсатыма берікпін

Б. Мен барлық сұрақ пен мәселені ашық түрде баяндауға үйренгенмін.

9. А. Мен әр кез келіспеушіліктер үшін мазасызданудың қажеті жоқ деп санаймын

Б. Менің айтқанымдай болу үшін біраз күш жұмсауыма тура келеді.

10. А. Әдетте мен мақсатыма берікпін

Б. Мен келісімге келуге ұмтыламын

11. А. Мен барлық сұрақ пен мәселені ашық түрде баяндауға үйренгенмін.

Б. Мен басқаларды тынышталдырып, қарым-қатынасты сақтай алар едім

12. А. Мен кейде қарама-қайшылық тудыратын көзқарастардан аулақ боламын

Б. Менің кейбір көзқарастарыммен келіссе, оған да өз ойын білдіруге мүмкіндік беремін.

13. А.Мен бейтарап нұсқаны ұстанамын

Б. Менің айтқаным бойынша болуын талап етемін.

14. А. Мен басқаға өз ойымды жеткіземін және оның да пікірін тыңдаймын.

Б. Мен өзгеге өз ойымның логикалылығымен артықшылығын көрсеткім келеді.

15. А. Мен басқаларды тынышталдырып, қарым-қатынасты сақтай алар едім.

Б. Мен пайдасыз қысымнан құтылу үшін қажетті әрекет жасауға мүмкіндік аламын

16. А. Мен әдетте өзгенің сезіміне тиіспеуді жөн көремін.

Б. Мен өзгеге өз ойымның артықшылығына көз жеткізгім келеді.

17. А. Әдетте мен мақсатыма берікпін

Б. Мен пайдасыз қысымнан құтылу үшін қажетті әрекет жасауға мүмкіндік аламын.

18. А. Егер басқа адамға өз көзқарастарын ұстану ұнайтын болса, мен оған мүмкіндік беремін.

Б. Менің кейбір көзқарастарыммен келіссе, оған да өз ойын білдіруге мүмкіндік беремін.

19. А Мен барлық сұрақ пен мәселені ашық түрде баяндауға үйренгенмін.

Б. Мен сұрақты дұрыс ойластырғанға дейін кейінге шегеремін.

20. А. Мен тез арада келіспеушілікті шешуге талпынамын

Б. Мен екі жаққа да пайда табу мен жоғалтудың үйлесімін әділ түрде табамын.

21. А. Келіссөздер жақындаған сайын мен басқаның тілегін назарда ұстаймын.

Б. Мен әрқашан мәселені тікелей талдаймын

22. А. Мен екі жақты көзқарастың тепе-теңдігін табуға талпынамын.

Б. Мен өз ниетімді дәлелдеймін.

23. А. Мені барлық ниетіміздің қанағаттануы жиі ойландырады.

Б. Мәселені шешуде басқа біреудің өзіне жауапкершілік алуына рұхсат ететін кездерім болады

24. А. Егер біреудің көзқарасы өзіне аса маңызды болса, оған көмектесуге дайынмын.

Б. Мен біреудің келісімге келуіне қол жеткізуге дайынмын.

25. А. Мен өзгеге өз ойымның логикалылығымен артықшылығын көрсеткім келеді.

Б. Келіссөздер жақындаған сайын мен басқаның тілегін назарда ұстаймын

26. А Мен бейтарап нұсқаны ұстанамын

Б. Мені барлық ниетіміздің қанағаттануы жиі ойландырады

27. А. . Мен кейде қарама-қайшылық тудыратын көзқарастардан аулақ боламын

Б. Егер басқа адамға өз көзқарастарын ұстану ұнайтын болса, мен оған мүмкіндік беремін

28. А. Әдетте мен мақсатыма берікпін

Б. Мен шешім шығаруда басқаның көмегіне сүйенуге жүйелі түрде ұмтыламын

29. А. Мен бейтарап нұсқаны ұстанамын

Б. Мен әр кез келіспеушіліктер үшін мазасызданудың қажеті жоқ деп санаймын

30. А. Мен әдетте өзгенің сезіміне тиіспеуді жөн көремін

Б. Мәселені өзгемен бірге шешу үшін оны басқалармен бөлісемін.

Өңдеу

Бәсекелестік, көз жеткізу мен өзара әрекеттестік болмаған жағдайда адам біреудің есебінен өз қызығушылығын өтеуге толық сенімді болады. Бұл стиль, адамның өз көзқарасын соңына дейін дәлелдеуде, қолындағы кез-келген билікті пайдалана отырып, сол салаға қарай бағыттайды. Бәсекелестік «өз құқығын», дұрыс деп есептейтін көзқарасын білдіруі қорғау немесе жеңіске ұмтылуды мүмкін.

Бейімделу сенімсіздікті және өзара әрекеттестікті, яғни бәсекелестікке қарама-қарсылықты білдіреді. Бейімделубасқа бір адам қызығушылықтарын қанағаттандыруда өз қызығушылықтарына немқұрайлы қарауды білдіреді; бұл стильде өзін құрбан ету элементтері байқалады. Бейімделу жомарттылық немесе мейірімділік,қажет емес жағдайда да басқа адамның айтқандарын бұлжытпай орындау формаларында байқалады.

Қашу сенімсіздікті және адам өз немесе басқалардың қызығушылықтарын щұғыл арада қанағаттандыруға ұмтылмаған жағдайдағы өзара әрекеттестіктің болмауын болжайды. Мұндай адамдар қақтығысқа бармайды. Қашу олар үшін дипломатиялық түрде бір жаққа қарай шығу, мәселені жақсы уақыты келгенге дейін кейінге қалдыру немесе жай ғана қауіпті жағдайдан қашу болып табылады.

Бірлесу сенімділікті және өзара әрекеттестікті болжайды, ол қашуға толық қарама-қайшылық болып табылады. Бірлесу екі жақты да қанағаттандыратын шешімге келу үшін басқа адаммен бірлесіп жұмыс жасаудан тұрады. Бұл екі жақтың мәселесін терең талдауды және қызығушылықтарды қанағаттандыратын альтернативалы шешімдер іздестіруді білдіреді. Екі адамның өзара әрекеттестігі олардың келіспеушілік себептерін тереңнен іздестіруден байқалады.

Келісімге келу сенімділік пен өзара әпекеттің ортасы болып табылады. Бұл жердегі негізгі мақсат- мақсатты түрде өзара қабылданатын, ішінара екі жақты да қанағаттандыратын шешімдер қабылдау. Бұл бәсекелестік пен бейімделудің ортасы. Компромисс бәсекелестікке қарағанда көбірек, бейімделуге қарағанда азырақұсыныстар жасайды. Ол қашуға қарағанда мәселені тікелей қарастырады, бірақ бірлесу сияқты терең зерттемейді. Компромисс келіспеушіліктерден қашуды, орынберумен алмасуды немесе шұғыл түрде көзқарастың ортасын іздестіруді білдіруі мүмкін.
Жауаптар бланкісі


























А

Б






Б

А









А










Б









А




Б






А




Б






Б







А












Б

А






А

Б












Б







А






А




Б












А







Б









Б

А






Б




А









Б

А





















Б

А



Б










А



А







Б












Б




А






А




Б









А

Б












Б







А



Б




А












А




Б












Б




А



А










Б






Б

А


















А

Б



А

Б


















А

Б









Б







А


Әрбір бағанда белгіленген бөлімдердің жалпы саны:





























Бәсекелестік,




Бейімделу




Келісімге келу




Қашу




Бірлесу



II.1.Отбасы скулптурасы социометриялық техникасы

Мақсаты: отбасы қызметі және құрылымының өзгеруі

Жүргізілу кезеңдері: Отбасы жүйесінде жағдайдың шынайылық ерекшеліктерін бейнелейтін жағдайлары:

- мүсін жасауда аз дегенде отбасының 3-4 адамы болуы.

- жеңіл орнынан жылжытуға болатын үй жиһаздары.

- отбасы мүшесінің (келмеген адамды еске түсіретін заттың ) бейнеленуі.

-жеткілікті кеңістік отбасы мүшелерін еркін мүсіндеуге барлық жағдай туғызу.

Мүсінді талдау кезеңі

Клиенттің идеалды отбасы туралы түсінігін бейнелейтін мүсін жасау.Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) отбасы композициясын жасайды. Ол үшн ол өзіне қажетті адамдарды таңдайды және оларды отбасыдағы өзара қарым-қатынас түрін бейнелей отырып орналастырады. Нәтижесінде қатып қалған мүсін немесе «жанды сурет» жасалады. Мысалы, отбасының түскі ас кезіндегі үстелдің айналасында тырғандарын немесе серуенде жүргендерін бейнелеуге болады. Әр қатысушыға оның қандай кейіпте тұратыны хабарланады. Көрініс қойылғаннан кейін, «суретші» суретте кім бейнеленгенін немен әуестенетінін әңгімелейді. Содан кейін әр қатысушы кезекпен өз сезімдерімен бөліседі: сол көз-қарас қаншалықты жайлы болды, бауырлары өзара өте жақын немесе алыс қашықтықта орналасқаны, жанұяның барлық мүшелері көз алдында болды ма т.с.с. Талдаудан кейін олар өз қалаулары бойынша өз орындарын мен позаларын өзгертулеріне болады, нәтижесінде жаңа бір сурет пайда болады.
ІІ.2. «Кино» жаттығуы

Нұсқау: «Көздеріңді жұмыңдар, сен отыздасың осы уақытта сен туралы фильм түсірілді. Сен ол фильмді ойда жоқа көріп қалдың. Сол фильмнің басты кейіпкері ретінде қалай көрініп тұрсың, немен шұғылданасың, кімдермен тұрасыз тағы басқада ерекшеліктеріңді байқап, әңгімеле. Сол фильмнен қандай да бір үзінділер суретін сал».

Талдау: Осы фильмге көңілің толды ма? Ол жерде саған көбірек ұнаған жері? Саған ұнамаған жерлер болды ма? Толық қанағаттанбасаң, онда өзіңнің қай жерлеріңді өзгерткің келеді? Ол үшін саған не істеу қажет?
ІІ.3. «Еске алу кеші» жаттығуы

Бұл жаттығуға дайындау үшін медиациялық техникалар қолдануға болады.

Нұсқау: «Көздеріңді жұмыңдар. Көздеріңді ашқанда сіз 25 жаста боласыз. Көздеріңді ашыңдар. Бөлме ішінде жүріп, өз жағдайларыңды сезініп көріңдер... ».

Содан кейін балалар жұп болып жұмыс жасайды: «бір-біріңмен еске алу кешіндегідей әңгмелесіңдер, яғни 13 жаста қандай болдыңыз, 25 жаста қандайсыз...»

ІІ.4.Ойын терапиясы

(ойыншықтармен түрлі жағдайларды ойнау)

8-10 жасқа дейінгі балалар үшін, кейде ересек балалар үшін де бұл әдіс тиімді, өйткені бір жағынан бұл жағдай қауіпсіз формада мазалайтын тақырыптарды ойнауға мүмкіндік береді, екініші жаынан, ересектерге мәселенің шешілу жолын көрсетеді. Әдістің негізгі идеясын баланың қандай да бір рөлдерді ойнап отырып өз мәселелерін, мазасыздануларын, қоршаған әлем туралы түсініктерн анықтауға мүмкіндік білдіреді.

Ересектер үшін жағымсыз жағдайларға қатысты ойындарын баланың бірнеше рет қайталауынан қорқудың қажеті жоқ. Осылайша балалар өздерін мазалайтын тақырптармен жұмыс жасайды. Бұл ойындар уақытының өзгеруі, жағымды аяқталуы маңызды.


ІІ.5 Арттерапия

Баламен көптеген мәселелер бойынша талдау жасауға мүмкіндік беретін тағы бір жан-жақты әдіс болып табылады. Олардың бірнеше сәттеріне тоқталуға болады.

- Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі тақырптардың айқындалу тәсілдерінің өзгерісіне ерекше көңіл бөлген маңызды. Өзгеріс бірден ауқымды болмайды. Мұндай өзгеріс кейіпкерлер көлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің қара түстерден ашық түстерге өзгеруі, кейіпкер көлемінің ұлғаюы - басым позитивтіліктің қалыптасуын білдіретін маңызды критериилер болып табылады.

- Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып табылады.

Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған не ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса- оны қалай реттеуге болады? Оған қалай көмектесуге болады? Одан жақсы болу үшін не істеуге болады? Оны жақсарту үшін не істеу керек?

- Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл суреттер». Балаға бірнеше шаршыларға бөлінген парақ беріледі, онда баламен бірлесе отрып оны мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін сызбалы суреттер қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды). Берілген оқиғада жағымды динамика да маңызды болып табылады.


ІІ.6. Ертегі терапиясы (терапиялық оқиғалар шығармасы)

Әңгімелер, әсіресе ертегілер балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады. Ертегілерде мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама- қайшылықтардың, қорқыныш пен әділетсіздіктің болатын туралы айтылады, бірақ ең бастысы- онда қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылады.

Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға өз қиындықтарын сезінуге және олармен әрекетті тәсіл арқылы күресу мүмкіндіктерін береді. Баламен оны мазалайтын тақырпқа әңгімелесуден гөрі, баланың ертегілерді жақсы қабылдауы өте маңызды, өйткені онда баланы айыптамайды, мазалап жүрген мәселе бойынша сұрақтар қойылмайды.
Оқиғаларды құрастыру кезеңдері

1. Баланы мазалайтын мәселе туралы ойланыңыз, баланың мәселелі жағдайдықалай қабылдайтынын түсіндіріңіз.

2. Әңгіменің негізгі мәселесін құрастырыңыз. Балаға қандай ойд жеткізгіңіз келеді? Сіз балаға қандай практикалық қадамдар, шешімдер ұсынар едіңіз?

3. Әңгімелесуді мәселелері ұқсас кейіпкерді бейнелеуден бастау қажет. Балаға өзін кейіпкер тарихымен ұқсастыруды жеңілдету үшін оны максималды түрде балаға сәйкестендіру қажет- мүмкіндігінше оған ұқсас есімдер беріп, жастары мен бауырларының санын да сәйкестендіру керек.

4. Баланың абыройы, мінезінің күшті жақтарын, қасиеттері және дарынын да ескеру қажет.

5. Әңгіме кейіпкерін әңгімелеп болағаннан кейін, әңгімеде көрсеткіңіз келген негізгі мәселеге бірден көшуге болады.

6. Әңгіме барысында баланы мұқият бақылаңыз. Егер бала мұңайып отырса, онда сіз оны мазалап жүрген жағдайды таппағаныңызды білдіруі мүмкін. Егер сіз әңгіменің ары қарайғы бағытын таңдауда қиналатын болсаңыз, сіз баладан «қалай ойлайсың, ары қарай не болды?», «ол не істеді?» деп сұрауыңызға болады. Бала белгілі бір бағытты анықтап беруі мүмкін.

7. Егер де бала сұрақтар қойып немесе сіздің әңгімеңізді толықтыратын болса- бір жағынан бұл өте жақсы белгі, себебі сіз оны әңгімеңізбен әсерлендірдіңіз, оны мазалап жүрген жағдайды таптыңыз, екінші жағынан бұл сіз үшін ұсыныс, яғни ары қарай не тыңдағысы келетінін білдіреді- бұл жерде баланың айтқандарын назарсыз қалдырмаңыз.

8. Егер де сіз қандай да бір жағдайда не мазалап жүргенін нақты білмесеңіз, оқиғаны сипаттап және баладан ары қарай не болғанын, кейіпкерді қандай жағдай ренжіткенін сұрастырыңыз.

9. Баланың даму деңгейін ескеріңіз- әңгімені күрделендіріп, созып жібермеңіз.


ІІ.7. Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет.

Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.

ІІ.8. «Пілдің аяғы» жаттығуы

Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету.

Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкс әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.
ІІ.9. Сенімді құлау

Мақсаты: сенімділік сезімін және басқа адам үшін жауапты болуды дамыту. Сонымен қатар үрей және қорқыныш сезімдерін төмендету.

Жұптарда: ата-ана бала. Бала ата-анасының алдына арқасымен тұрып, аяқтары мен тізелерін бүкпей, еденнен аяғын көтермей артқа қарай құлайды, осы жерде ата-ана баласын қолтығының астынан алақандарымен ұстауы қажет. Тапсырманы орындау мөлшері бойынша ата-ана баласын төмен жарлерден ұстайды, соңында еденнен ұстайды.
ІІ. 10. Менің және анамның қолы.

Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну.

Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:


  1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

  2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

  3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.

  4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

  5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
ІІ.11. Бала денесі суретін бірлесіп салу

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы демократиялық қарым-қатынасты нығайту, баланың өзін-өзі қабылдауын және жағымды эмоционалды жағдайда өзіндік бағасын көтеру.

Жаттығу бала-ата-ана жұптарында жүргізіледі. Еденге 1,5 метр көлеміндегі обой қағазы төселеді. Бұл қағазға бала жатады, ала ата-ана оның денесінің сыртынан жүргізіп сызбасын жасайды. Осыдан кейін бала орнынан тұрады және ата-анасымен бірлесе отырып бейнеленген сызбаны ішінен бояйды, бірақ түстерді таңдауда бала жетекшілік етеді. Жұмыстың соңында жалпы шеңберде талдау жүргізіледі.
ІІ.12. «Көліктер»

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.

Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
ІІ. 13. «Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрді «Ия-жоқ», «Жоқ- ия» сөздерін айтады.

Жаттығудан кейін талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайыссын айту қиын?


ІІ.14. Бірлесіп сурет салу

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргзуге болмайды.

Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.


Қосымша ІІІ.

«Бала тұлғасын дамыту мектебінің» сабақтар кестесі

5- сабақ. Тақырыбы: «Мен және мені қоршағандар»

Мақсаты: Рефлексия процесін белсендету. Өзін-өзі ашу, өзі-өзі тану, Мен-концепциясын анықтау.

Міндеттері: 1) Айналасындағы адамдармен қатынас жасауда өзіндік стратегияларды сезіну;

2) Эмоционалды күйді диагнстикалық және психологиялық тұрғыда түзеу.

3) Коммуникативті қабілеттерді дамыту.



Мазмұны

Уақыт, мин

Құрал-жабдықтар

1

Сәлемдесу.

«Жаңа тәсіл»

Балалар жарты шеңбер құрайды.

- Қазір әр қайыссымыз ортаға шығып, топқа қарап, бір-бірлерімізді қайталамай, кез-келген тәсілмен топпен сәлемдесеміз. Біз әр сәлемдесуді қайталаймыз.



10




2

«Құқықтар тізімдері»

Психолог барлық «құқықтар» тізімдерінен өтініштерін айту және өтінішті орындаудан бас тартудың қандай үлкен орын алатынына көңіл бөлуі керек. Содан кейін ол балаларға тізімнен келісім шарттарын қарауды ұсынады және оны не үшін құқыққа енгізгенін немесе енгізбегенін түсіндірулерін сұрайды.



10




3

«Тәтті тоқаш»

Психолог қандай да бір өтініштің тәтті тоқаш екенін ескертеді: формасы бір, ал мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: тоқаш тәтті және ашты болуы мүмкін т.с.с. Балаларға түрлі тоқаштардың суретін салып олардың түстерін, дәмдерін сипаттау ұсынылады. Қысқаша талдау жүргізіледі. 4






А-4 пішіндегі парақтар, қалам

4

«Чемпионат»

Балалар жұптарға бөлінеді. Бір жұп тапсырма орындап жатқанда қалғандары оларды бағалап отырады:

А) тапсырман нақты орындауы

Б) құралдарды пайдалануы

Жүргізуші басты бағалаушы рөлінде болып, ұпайларды санайды.

Қатысушыларға нұсқау:

-Қазір сендер жұптарға бөлінесіңдер. Әр жұп қуыршақтармен қойылым қоюды қажет ететін тапсырмаларды жәшіктер алады. Дайындалуға бір минут уақыт, орындауға үш минут уақыт беріледі. Қалғандары оларды бағалайды.

Психолог балаларға өтініштерді дұрыс айту, одан бас тарту іскерліктерін сезінулері үшін бағалау критериилерін айтады.

Әр қойылымнан кейін психолог бағалаушылардаң қойған бағаларын негіздеулерін сұрайды және қатысушылардан өздерін қалай бағалайтындарынсұрайды: өздеріне сенімді болды ма?








5

«Сезімдерді түстер арқылы анықтау»

Балаларға үйшікті 8 түрлі түспен бояп, содан кейін бағдарлар жүргізіп және сезмдерді орналастыру ұсынылады.



15

Қағаз, түрлі-түсті қағаздар, 8 түсті қалам, арнайы бланкілер

6

«Жануарды бейнеле» ойыны

Бұл жаттығу фанттан басталады: қатысушы оған аталған жануарды бейнелеуі қажет: қораз, мысық. Кейінгі жеткіншектерді қандай да бір жануарды дербес түрде көрсету ұсынылады.









7

Серіктіру жаттығуы







8

«Жағымды әңгіме»

Айналасындағылардың ол туралы «жақсы серіктес» деп айтуы адамға ұнайды. Бұл шын мәнінде пайдалы іскерілік- жеңіл түрде қатынасқа ену және шығу. Әңгіме жүргізу іскерлігі адамға өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.Қазір біз бірнеше кездесулер серияларын жүргіземіз және әр кезде жаңа адамдармен кездесесіз. Сізге әңгімені бастап, өз серіктесіңізге жағымды нәрселер айтып және жағымды түрде қоштасуыңыз қажет.

Топ балалары әткешнектер принципі бойынша тұрады, яғни бір-бірлеріне қарап ек шеңбер құрайды: ішкі (қозғалмайтын) және сыртқы (қозғалатын)

Жүргізуші белгісі бойынша сыртқы шеңбер қатысушылары бір мезгілде оңға қарай 1 немесе 2 қадам жасап, жаңа серіктес алдына келеді. Мұндай ауысулар бірнеше рет болады. Әр уақытта оларға рөлдерді сіз беріп отырасыз.

Кездесу жағдайларының мысалы:

А) «Сіздің бұл қалаға бірінші рет келуіңіз сіздің алдыңызда сіз бұрын тіпті көрмеген адам тұр, бірақ баратын жеріңізді білу үшін сіз бұл адаммен міндетті сұрауыңыз қажет ».

Бүкіл әңгімеге, яғни қарым-қатынас орнатуға 2-3 минут уақыт беріледі. Содан кейін белгі бойынша, қатысушылар 10 секунд ішінде бастаған әңгімелерін аяқтап, жаңа серіктеске өтуі қажет. Бұл ережелер төмендегі жағдайларға да қатысты.

Б) «Сіздің алдыңызда сізге өте ұнайтын адам тұр. Сіз онымен бұрыннан сөйлескіңіз келіп жүр»

В) Сіздің алдыңызда бір нәрсеге қатты ашуланып өз-өзіне келеалмай жатқан адам тұр. Оған жақындап, сабырлыққа шақырып, әңгімені бастаңыз.

Г) «Сіз көшеде кетіп барасыз. Артыңыздан біреу айхайлайды. Артыңызға қарап бейтаныс адамды көрдіңіз, ол адам да қателескенін түсінді. Сіз былай дейсіз....»











9

«Ассоциация»

Тренингке қатысушылардың біреуі есіктің сыртына шығады. Қалғандары топтан, ассоциация бойынша анықталатын адамды таңдайды. Жүргізуші кіріп, сұрақтар қоя отырып, кімді жасырғанын табуға ұмтылады: Түсі қандай? Қандай дәмге ұқсайды? Қандай әнге ұқсайды? Қандай кітапқа ұқсайды? т.с.с. Бірақ жүргізуші дәл кімнің жауап бертінін көрсетеді. Ол бес сұрақ қояды, содан кейін жасырылған адамның атын атайды. Егер тапса, орнына отырады, таппаса қайтадан сыртқа шығады. Екі мәрте шеше алмаса, ойыннан шығады.

Талдау:


  • қай кезде шешу жеңіл болды: жасырылған адам жауап бергенде немесе басқа біреу жауап бергенде?

  • Ол немен байланысты?









10

«Әрекетті жібер» ойыны

Топ шеңбер құрайды. Ұлмен қыздар аралас тұрғандары дұрыс. Психолог барлығының көздерін жұмуларын және солға бұрылуларын сұрайды. Жұмулы көздерімен алдында тұрған адамның оң иығын тауып оң алақанын қояды.

Содан кейін келесі нұсқау беріледі:


  • Қазір мен басыңнан сипалап, иықтарыңнан ұрамын, арқаларыңа «х» белгісін саламын. Менің алдымда тұрға адам менің әрекеттерімді жылдам түрде алдындағы адамға жасауы қажет. Осылайша шеңбер бойымен жалғаса береді. Бұл әрекеттер жылдам түрде өзіме қайта оралуы қажет. Олар келгенше мен тағы бірнеше жаңа әрекеттер жіберіп үлгеремін.

Түсінікті ме? Бастадық!

Бір-бір жарым минуттан кейін жаттығуды тоқтатып, көздерін ашып бір-бірлеріне бетпе-бет қарау ұсынылады. Психолог бірқатар сұрақтар қояды:

Кім шынай жұмыс жасады, кім көздерін ашып қарады?

Барлық әрекеттер берілді ме?

Кімге ауыр, жағымсыз болды?

Осылайша жаттығуды 5 рет қайталауға болады. Әр реттен кейін талдау жүргізіледі.









11

«Адамның төрт түпкі қажеттіліктері» әдісі

Мақсаты: түпкі қажеттіліктер диагнстикасы

Балаларға парақты 4 бөлікке бөлу ұсынылады. Біріншісіне- өсімдік, екіншісіне- қару, үшіншісіне- зергер бұйым, төртіншісіне- ыдыстар суреті салынады.


10

А-4 пішіндегі парақ, түрлі түсті қалам

12

«Автобус» ойыны

Толы автобус пассажирі ретінде қатысушылар қысылып, үйіріледі.

Ойыншының мақсаты- осы адамдар ішінен шығу, алдауға болмайды, физикалық күш пайдалану қажет.










Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет