2.Өзара сыйластық 4. Қол көтеріп сөйлеу 1.Тыңдай білу 3. Белсенділік 5.Уақыт үнемдеу
Сұрақтар
Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Отбасы қандай болу керек? Отбасының басшысы кім ? Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің? Отбасының ұйытқысы кім?
Отбасы
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана.
Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек.Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Ана – адамды өмірге әкелетін қасиетті жан. Баласы үшін өзінің қуанышы мен тыныштығын, денсаулығы мен әдемілігін қашанда құрбан етуге дайын абзал жан.
Отбасы
Отбасы жауапкершілігінде бала тәрбиесі басты орын алады. Қазақ отбасында ер бала әкеге тартып оқ жонады, қыз бала шешеге тартып тон пішеді. Бұл орайда отбасы және туыстық дәстүрді зерттеушілердің бірі Ардақ Нұрғали былай дейді: «... үй ішіндегілердің өз міндеттеріне жататын аса қырағылықпен әрі байсалды түрде орындайтын ісі – тәрбие.
Ата - ананың бала - шағасы алдындағы жауапкершілігі мен міндеті
Ұл - қыздарын шамасы келгенше бағып баптау , оларға тәрбие беру және оқытып , табыс табатын жолға түсіру . Әке мен шеше бала - шағасы алдында бірдей жауапты . Мейірімге бөлеу мен бағуда балалардың арасын бөліп - жармауы тиіс . Ата - ана бала шағасына мейлінше жұмсақ болуға , өздеріне қарсы шықпайтындай етіп жақсы тәлім - тәрбие беруге және өздері де оларға үлгі болуы тиіс .
Балалардың ата-ана алдындағы жауапкершілік -міндеттері