Отбасы тәрбиесінің негіздері


Отбасы тәрбиесінің мазмұны, мақсаты, міндеті



бет3/4
Дата17.12.2023
өлшемі83,94 Kb.
#197408
1   2   3   4
Байланысты:
Отбасы тәрбиесінің негіздері

Отбасы тәрбиесінің мазмұны, мақсаты, міндеті

Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке, өмірде өз орнын таба білуге, алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге, белсенді, өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу көзделеді.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері: -Баланың өзін-өзі тануын дамыту, өсіп жетілу, айналасымен өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, мәдени қарым-қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылықтарын санасына сіңіру; -отбасы мүшелерінің тіл табысып түсінісуін қалыптастыру, бірін-бірі тындап, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға үйрету; -адамгершілік және эстетикалық, еңбексүйгіштік жағынан қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету; -денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Отбасы тәрбиесінің мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымдылық, қамқорлық қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту.

Оқушылардың отбасымен сынып жетекшісімен ынтымақтастық әдістерінің түрі, құралы

Сынып жетекші отбасымен педагогикалық және психологиялық тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.

  • Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен байланыс орнатудағы басты қадамы ата ананың беделін көтеретін іс шараларды белгілеу. Ешқашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескертпе жасап, өзін одан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсінікті байланыс қана біріне бірінің арасындағы сенімін, құрметін арттырып, өзара тәжірбие алмастыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата- ананың түсіністік қарым қатынасы оқушыны жауапкершілікке, қойылған талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.
  • Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту, педагогикалық мәдениетін көтеруге және тәрбие ісіне белсенді араласуына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбиелеу талаптарына үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.
  • Үшінші ереже. Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып жетекшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабардар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі отбасында пайда болған мәселені шешуге келуі тиіс. Оның мейірімділігі мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.
  • Төртінші ереже. Отбасында баланың жағымды жақтарын бала тәрбиесіне негіз етіп, оны жетістікке қол жеткізуге тәрбиелеу. Баланың мінез құлқын тәрбиелеу өте қиын болғанымен де,кездесетін қайшылықлықтарды шеше білу және педагогикалық ситуациялардың дұрыс таба білу өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет