Отбасы тәрбиесінің негіздері



бет2/4
Дата17.12.2023
өлшемі83,94 Kb.
#197408
1   2   3   4
Байланысты:
Отбасы тәрбиесінің негіздері

Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян. Жоғарыда әңгімеге арқау болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қортынды жасауға болады: — отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды; — қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады; — отбасы тұлғаның әлеметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбек тәрбиесінің мүмкіндіктерін мейілінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді; — салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы; — отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ отбасы иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру; — отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

Отбасы түрлері


Билік формасына қарай
Авторитарлы
Эгалитарлы
Ерлі-зайыптылардың біреуі басқарады
Ерлі-зайыптылар бірге басқарады
Құрамына қарай
Нуклеарлы
Кеңейтілген
Толық емес отбасы
Ата-анасы және балалары
Ата-анасы, балалары, ата-әжесі және туысқандары
Ата-анасының біреуінің болмауы
Бала санына байланысты
Көп балалы
Орташа
(екі балалы)
Бір баласы бар
Баласыз отбасы

Қазіргі отбасының ерекшеліктері

Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарына ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор. Қазіргі отбасының ерекшеліктері:

  • Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан оқушы бақылау аясында болса, екінші жағынан психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.
  • Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әртүрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.
  • Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттыруымен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірбиесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.
  • Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оны түрлі обьективті себептері бар. Осыған орай, аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесі зерттеуді қажет.
  • Ерлі-зайыптылардың отбасының ыдырауы, бірінші өмірге дайын болмауы салдарынан болады.
  • Бір балалы отбасылардың көбеюі, мұндағы басты мәселе баланың өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас орнату тәжірбиесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет