Әке-ана – қамқоршыл, ана рөліне еніп алады. Шомылдырады, ойнатады және т.с.с. бірақ барлық кезде шыдамы жете бермейді, бәрі жақсы кезде ол мейірімді, қамқоршыл, ал бірдеме болмай қалғанда өзін өзі ұстай алмай қалатын кездері болады. Ашушаң, ұстамсыз, қатыгез болуы мүмкін, бұл балаға кері әсер етеді.
Ана-әке – баланың көңілінен шығуды ең басты нәрсе деп түсінеді. Көңіл күйіне қарамастан әрқашан мейірімді, қамқор, жұмсақ, балаға бәріне рұқсат етеді, бәрін кешіреді, бала мұндайда әкесінің мойынына мінеді.
«Айдаһар әке»- қорқытушы әке, қатыгез, ашушаң, тек қорқытумен басқарады, мұндайда отбасындағы қорқыныштан бала дүниесі тоқырауға соғады.
«Қаңбақ әке» - отбасында тұрғанымен өзін әке ретінде сезінбейтіндер, оның өмірінің ұстанымы- жақындары үшін жауапкершілік алмайтын еркін өмір. Отбасы ол үшін жүк, бала әйелдің ісі, не қажет етсең соған қол жеткіздің, енді айналыса бер өзің-ақ, деп келіп-кетуші рөліне еніп алған адам.
«Қатты жаңғақ әке» - әкенің мойымас түрі, компромисске бармайтын, өзінікі дұрыс емес кезде өзінің білместігін білдірмеу үшін ата ананың билігін ерекше артық бағалаушы.
«Мейірімді әке» - әке бір қарағанда дос, аға секілді көрінеді. Онымен араласу қызық, жеңіл, елгезек кімге болса да қол ұшын бергіш, дегенмен оның өз отбасын ұмытып кететіндігі әйеліне ұнамайды, сондықтан бала қақтығыстар мен ұрыс керіс ортасында өмір сүреді. Әкесіне іштей көмектескісі келгенімен, қолынан келері аз болғандықтан, тек іштей аяйды.
«Ез әке» - бұл нағыз әке емес, отбасында өзінің дауысы жоқ, матриархат, әйелінің қаһарынан қорқып, қиын сәттерде баласының сөзін сөйлеуге де батылы бармайтын адам.
Отбасы типтері:
Отбасы типтері:
Отбасы қарым қатынасқа қатысты жағымды, жағымсыз және амбивалентті деп бөлінеді.