Жалпы ата-ана ұстанымы тиімділігінің негізгі өлшемдері: - Динамикалылығы – дамудың жалпы жағдаятын есепке алу, тұлғаның әлеуметтік серіктестік ерекшеліктерін (этномәдени, ұлттық және т.б.), баланың жас және дербес ерекшелігі мен басқа да жағдаяттық факторларды есепке алу.
- Келісімділік дәрежесі – әке мен шешенің әлеуметтік-жыныстық рөлдеріне, олардың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкестігі.
- Ата ана беделі – олардың өзара қарым қатынастарының сипаты мен бала тәрбиесінде біркелік талаптарды орындау деңгейіне тікелей тәуелді болады. Ата-аналар беделі олардың жеке үлгісінен келіп шығады, олардың рөлін балалары саналы қабылдағанда ғана дұрыс болады. Әке шеше беделі олардың өздеріне қоятын талаптарынан келіп шығады, әсіресе сөзі мен ісінің бірлігі көп ықпал етеді, өйткені балалар оның бәріне талдау жасап, тұжырымдар түйеді, өзгелермен салыстырады, өзіне қорытындылар жасайды.
- Ата-аналардың махаббаты және ата-аналық билік (бақылау). Бұл екеуі де табиғи үдеріс. Ал ата-аналық жауапкершілік бұл тәрбие арқылы қалыптасатын қасиет.
- Махаббат саналы және санасыз. Санасыз махаббат қатыгез, сатулы және инстинкті болып бөлінеді. Билік – бала әрекетіне ықпал ету, бақылау жасау деңгейі. Осыған қатысты А.С.Спиваковская отбасындағы баламен қатынастың үш қырын көрсетеді. Симпатия –антипатия; сыйлау-итеру, сыйламау; жақындық –алшақтық. Сәйкесінше ата-аналық махаббатты да жіктейді, әрі ұрандарын айқындайды.
- Әрекеттік махаббат (симпатия, сыйлау, жақындық) – «Баламның бақытты болғанын қалаймын және оған мен көмектесемін» деген ұранмен өмір сүреді.
- Шеттетілген махаббат – (симпатия, сыйлау, бірақ баламен қашықтық үлкен): «Қараңызшы менің балам қандай керемет, бірақ онымен араласуға көп уақытымның жоқтығы өкінішті»
- Әрекеттік аяушылық – (симпатия, жақындық, бірақ сыйлау жоқ) –«менің балам барлығы секілді емес. Менің балам жеткілікті деңгейде ақылды және физикалық дамуы төмен болса да, ол менікі, сондықтан мен оны сүйемін»
- Шеттетілген типті махаббат (симпатия, бірақ сыйлау жоқ және қашықтық үлкен) «Менің баламды жеткілікті дәрежеде ақылды және физикалық дамуы төмен деп кінәлауға болмайды»
- Итеру (антипатия, сыйламау, үлкен тұлғааралық алшақтық» : «Бұл бала менде жағымсыз сезімдер туғызып, онымен араласу мүмкін емес»
- Жек көру (антипатия, сыйламау, тқлғааралық алшақтық үлкен өте): «Осындай кеще балам болғанынан әбден қалжырадым, елден ұяламын»
- Қудалау (антипатия, сыйламау) – «Менің балам оңбаған, мен оған оның осындай екенін дәлелдеймін»
- Бас тарту (антипатия, өте үлкен тұлғааралық алшақтық) – «Мұндай оңбағанмен бірге болғым келейді»
Достарыңызбен бөлісу: |